Астана – ?аза?стан Республикасыны? астанасы та?ырыбында?ы ашы? саба?ты? жоспары


География, 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Астана – Қазақстан Республикасының астанасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Астаны қаласы және оның экономикалық-әлеуметтік дамуы туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық: Сабақты талдап, сараптай білуге дағдыландыру, ой-саналарын дамыту.
Тәрбиелік: Отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: карта, постер, иллюстрациялық материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру;
Психологиялық дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Солтүстік Қазақстанда қандай облыстар бар?
Қостанай облысындағы өнеркәсіптің басты салаларын атаңдар.
Павлодар облысында қандай ірі кен орындары орналасқан?
Солтүстік Қазақстанда қандай экономикалық-экологиялық проблемалар бар?
Карточка
Солтүстік Қазақстанның елді-мекендері.
Көкшетау қаласының өнеркәсібі.
Қостанай облысының шаруашылығы.
Тақырыптық диктант
Қостанай тау-кен өнеркәсібінің ірі кен орындары: Соколов-Сарыбай, Лисаков кен байыту комбинаттары мен Жітіқара талшықтас комбинаты.
Макинде поршень сақиналары және металл бұйымдары, Атбасарда электровоз жасау, Степногорде подшипник шығару зауыттары жұмыс істейді.
Домино
Машина жасау, металл өңдеу өнеркәсіптерінің ірі орталықтары – Қостанай, Рудный қалалары.
Ағаш өнеркәсібінен Шортандыдағы жиһаз фабрикасын, Ерейментау, Алексеевка, Балкашино, Кеңес, Комсомол, Красный Кордон механикаландырылған орман шаруашылықтарын атауға болады.
Жаңа сабақ:
Жаңа тақырыптың бөлімдерін тақтаға жазып, қысқа түрде түсіндіремін, сосын оқушылар әр бөлімді түсіндіріп, постер арқылы қорғайды.
Елорда болу тарихы.
Қаланың мәдени, саяси-экономикалық әлеуеті.
Еліміздің өңір экономикасын жаңғыртудағы және дамытудағы рөлі.
«ЭКСПО – 2017» - Қазақстанның ең ірі жобаларының бірі.
Сабақты бекіту:
ББҮ
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Иә, жоқ.
Қаланың аумағы 200 км2 аумақты алып жатыр – иә.
1995 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді – жоқ. (1998 ж.)
2013 жылғы санақ бойынша Астанада – 951 мың адам тұрады. – жоқ, (783 471 адам)
1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы берілді. – иә
ЭКСПО көрмесі Астанада өткізілуі үшін халықаралық көрмелер бюросына мүше елдердің 104-і дауыс берді – иә.
Елорданы көшіруде қандай мәселелер қарастырылды?
Астана қаласында назар аударарлық қандай мәдени орындар бар?
Астана қаласының еліміздің экономикасын жаңғыртудағы және дамытудағы рөлі қандай?
«Жасыл» экономика, яғни ІІІ индустриялық революцияны қалай түсінесіңдер?
«ЭКСПО-2017» Қазақстан үшін қандай пайда бермек?
Астана қаласының әлеуметтік жағдайы қандай?
Бағалау:
Үй жұмысы: §49. 258-263 беттерді оқу. «Астана – бас қала» деген тақырыпқа эссе жазу.
Карточка
Солтүстік Қазақстанның елді-мекендері (атауы, саны).
Көкшетау қаласының өнеркәсіп орындары.
Қостанай облысының шаруашылығы.
__________________________________________________________
Тақырыптық диктант
Қостанай тау-кен өнеркәсібінің ірі кен орындары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .мен Жітіқара талшықтас комбинаты.
Макинде поршень . . . . . . . . . . ., Атбасарда . . . . . . . . . . . ., Степногорде . . . . зауыттары жұмыс істейді.
__________________________________________________________________________
Машина жасау, металл өңдеу өнеркәсіптерінің ірі орталықтары – Қостанай, Рудный қалалары.
Ағаш өнеркәсібінен Шортандыдағы жиһаз фабрикасын, Ерейментау, Алексеевка, Балкашино, Кеңес, Комсомол, Красный Кордон механикаландырылған орман шаруашылықтарын атауға болады.
_______________________________________________

БІЛЕМІН БІЛГІМ КЕЛЕДІ ҮЙРЕНДІМ

Пәні: География
Тақырыбы: Астана – Қазақстан Республикасының астанасы
Сыныбы: 9
Өткізген: Қожабеков М.Д.
Тарих және география
пәндерінің мұғалімі.
2015-2016 оқу жылы