Мектепалды даярлы? ?йымында шет тіліне ?йретуде а?паратты? технологияны ?олдану.
Мектепалды дарлық ұйымында шет тіліне үйретуде ақпараттық технологияны қолдану. Дайындаған: Прманова Әйгерім(Қызылорда қаласы, Жалағаш ауданы №201 орта мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі) ЖОСПАРЫ:І. Кіріспе.Ақпараттық технология – бүгінгі күн талабы.ІІ. Негізгі бөлім.2.1. Ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие тұлға тәрбиелеу2.2. Ақпараттық технологияны балабақша тәрбиешілеріне меңгерту жолдары.2.3. Ақпараттық технологияны пайдалану – баланы жан-жақты дамытудың шешуші құралы.2.4. Мектепалды дарлық ұйымында шет тіліне үйретуде ақпараттық технологияны қолдану.ІІІ. Қорытынды. Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Ақпараттық-коммукациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Жаңа технологияны меңгерту оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар артықшылықтар басым болды.1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау: музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне клиптер, слайд шоу.2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық ұсынылыным, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды .3. Жүйенің білімді бақылаумен тез арада нәтиже алуы, орындалған жаттығулардың бағалануы. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бір неше бағыттары бар, олар мыналар: компьютер – оқушы білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын электронды оқулықтар; мультимедиа - технология, жаңа материалды түсіндірудегі құрал; Дербес компьютер, білім жетілдіру құралы. Компьютер - оқушы білімін бағалау құралы;Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд - фильмдер) қолданылады. «Компьютер көрнекі – бейнелі ойлауды, қозғалыстық және ауызша қарым - қатынас машықтарын, мақсатты әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызады» Интернет желісімен жұмыс жасағанда: Жобалардың презентацияларын дайындау.Ғылыми журналдардың сайттарына кіру. Өзге мектеп оқушыларымен еркін әңгімелесу. Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі. Өзін - өзі бағалау. Интерактивті тақтаны пайдалану: Интерактивті тақта – басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функциональды, сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда; Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. Сабақта Aktiv Vote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады. Aktiv Wand указкасының көмегімен тышқанның қызметін атқару және кішкентайларға да тақтаның жоғарғы бөлігіне қол жеткізу мүмкіндігі туады. Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттары болса, білім беру саласындағы педагогтардың басты міндеттері оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу. ХХІ – ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Орта білім беру жүйесінде ақпараттандыруды дамытып, АКТ құралдарының жыл сайын динамикалық түрде ауысатынын, жеке тұлғаның компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеттілігі ілгерлейтіндігін, яғни әрбір оқушы ақпараттық технологияларды үйреніп қана қоймай, оны пайдалана білуі, интернет, электронды почта, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. Мектепалды дарлық ұйымында шет тіліне үйретуде ақпараттық технологияны қолданудың мақсаты:Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу. Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер: үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі; оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады; сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады; оқушылардың шығармашылығын арттырады; оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді; грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі; оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады; пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді. Француз философы Анри Барбюс «Мектеп – жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны берік ұстау керек» Компьютермен сабақ өткізу арқылы оның қолданылуын үйрене отырып телесабақтарды тың, жаңа деңгейде өткізуге, оқытушы мен оқушының қарым-қатынасының педагогикалық және методикалық тұрғыдан сараланып алынған алуан түрлі қызмет түрлерінің қолданылуы жүзеге асады. Күтілетін нәтиже: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі1. Т.Баймолдаев «Ақпараттық – білімдік ортада педагогтардың ақпараттық коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру» //Информатика негіздері №1, 2010 жыл2. А.Ерболатов «Жаңа ақпараттық технология – мектепте» //Информатика негіздері №2, 2010 жыл3. Т.С.Сламбекова «Педагогикалық психолгия»4. Г.Сұлтанова «Жаңа технологияларды ұтымды пайдалану» //Бастауыш мектеп №12 2005 жыл5. М.Ералиева «Оқытудың қазіргі технологиялары» //Бастауыш мектеп №5, 2006 жыл6. Қ.Р «Білім туралы» Заңы7. 12 жылдық білім. ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-сараптамалық журнал, №3 2008ж8. 12 жылдық көшуге арналған білімді дамыту бағдарламасы.9. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №2 (44), 201010. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А,199211. Шетел тілін оқыту әдістемесі. №3(17)/2007 ж. 21-25, 34-38 беттер.12. Қалиев Ж., Мальцев В.С., Очаковская З.Н.. English – Ағылшын тілі. «Мектеп» баспасы, 1981