Планирование открытый урок Жеті ?нерді? сырын біл, жеті ж?ртты? тілін біл (6-сынып)
154940-241935Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Форт-Шевченко қаласы
Есбол Өмірбаев атындағы орта мектебінің
І санатты информатика пәнінің мұғалімі
Ахметова Айнұр Өндірғалиқызы
«Сыныптан тыс шара»
Тақырыбы: «Жеті өнердің сырын біл, жеті жұрттың тілін біл»
Мақсаты: Топтар бойынша сайыс өткізу, шапшаңдылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды өз ойын еркін айта білуге , өзінің ой өрісін дамытуға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға үйрету.Оқушыларды әдептілікке , адамгершілікке, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: интербелсенді тақта
Ойынға 3 топ қатысады, әр топта 7 оқушыдан.
Әр топтың ұраны, эмблемасы, сәлемдемесі болуы керек.
Жүру барысы:
Мұғалім: Армысыздар, қадірменді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы, білім нәрін игерген оқушылар! 6-сыныптар арасында өткелі отырған «Жеті өнердің сырын біл,жеті жұрттың тілін біл» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ал, келіңдер, келіңдер! Біріңе бірің еріңдер Білімдеріңді тексеріп Жарысқа қатысып көріңдер - дегім келеді.
Талапты да, талантты балалардың сайысын бақылап отыратын әділқазы алқасымен таныстырайын.Мектеп директоры: Ибраева Гүлнар СарықызыМектебіміздің әдіскері: Тәжіғұлова Батырхан СұлтансихқызыОқу ісінің меңгерушісі: Көлбаева Ақмарал СерікқызыБүгінгі білімділер сайысы 6 бөлімнен тұрады.Ендеше сайысымыздың шартымен таныстырайын.
1. Таныстыру(Әр топ өздерін таныстырады)
2. Бәйге (Үш топқа бірдей сұрақ қойылады, белгіні бірінші көтерген топ сұраққа жауап береді)
3. Полиглот(қойылған сұрақтың жауабын, қазақша, ағылшынша, орысша айту)
4.Ескірмейтін есті сөз(үш топқа тақырып беріледі, сол тақырып бойынша тыйым сөздерді жазады )
5. Жалғасын тап (Берілген мақал -мәтелдердің жалғасын табу)
6. Тапқыр болсаң , тауып көр (Әр топ өздерінің дайындап келген жұмбақтарын қарсылас топқа қояды).
Ендеше оқушылар сіздерге сәттілік тілеймін.
Ақыл көрік бойларында жетеді
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өздерімен
Тез арада таныстырып өтеді , деп "Таныстыру" бөлімін бастайық
ортаға
6а сынып оқушылары "Тұлпар " тобы
6ә сынып оқушылары "Жас қыран "тобы
6б сынып оқушылары "Тәуелсіздік ұландары" тобы
Мұғалім: - Бәйгеге түсіп жарыспайЖүйріктің бағы жанар ма?Білім мен өнер жарысыпТәрбие, тәлім табар ма?Бұл бәйге ойдың бәйгесіКім ұшқыр ойға – сол алда – дегендей, бүгінгі сайысымыздың 2-ші бөлімін бастаймыз.
2. Бәйге бөлімінің сұрақтары
1. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киімі. / Сәукеле/
2. Түйе атасы. / Ойсыл қара/
3. Кел, балалар, оқылық өлеңінің авторы кім? / Ыбырай/
4. Қазақтың ең алғаш ұшқыш – ғарышкері кім? /Тоқтар Әубәкіров/
5. Исатайдың жан серігі кім? / Махамбет/
6. Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады?/ 5/ 7.Төрт жұмыртқа төрт минутта піседі, ал екі жұмыртқа неше минутта піседі? / 4/ 8. Ілік септіктің сұрақтарын ата / кімнің?, ненің?/
9. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр. Үйде неше мысық отыр? /4/ 10. Квартетте неше әнші бар? /4/
11. Сүйекті пайдаланып ойнайтын ұлттық ойын./ Ақсүйек/
12. 1 байтта неше бит бар?/ 8 бит/
13. Мектеп директорының толық аты-жөні.
14. Триода неше әнші бар? /3/
15. Атты баптайтын, жүйрік атты бәйгеге қосатын адамды кім деп атаймыз? /Атбегі/
16. Сиыр атасы /Зеңгі баба/
17. Үш байлықты ата. /денсаулық, ақ жаулық, он саулық/
18. Апта күндерін мүдірмей атап шық. /дүйсенбі,сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі/
19. Ешкі атасы. /Сексек ата/
20. 177+129 = /306/
21. Екі ақынның сөз өнері мен сайысы не деп аталады? /айтыс/
22. Дүниежүзінде неше материк бар? /6/
23. Ең алып мұхитты ата? /тынық/
24. Неше септік бар? /7/
25. Сынып жетекшіңнің толық аты-жөні.
26. Жеті қазынаны ата? /ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық/
27. Жеті атаны ата? /Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене/
28. Үш бәйтеректі ата? /Сәкен сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин/
29. Жас балалардың шашын ұстарамен тегістеп алып тастап, маңдайына қалдыратын бір шөкім шашты не деп атайды? /кекіл/
30. Аң терілерінен жасалып, қымбат матамен тысталатын ер адамдардың қысқы бас киімі /тымақ/
31. Қымыз, шұбат, іркіт сияқты сүт тағамдарын құюға арналған , мал терісінен тігілетін ыдыс. /торсық/
32. Алыс сапарға , саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдардың туыстарына , жерлестеріне , көрші қолаңдарына , сыйлас адамдарына , жас балаларға алып келген ірілі-ұсақты сыйлықтарды не деп атаймыз? /базарлық/
Жарайсыңдар оқушылар өте ақылды екенсіңдер.Келесі 3-кезеңнің шартымен
таныстырп өтейін.
3. Полиглот
1. Ең үлкен жануар қалай аталады?/ Піл, слон, elephant/
2. Нөл температурада су неге айналады? /Мұз, лёд, ice /
3. Көз- қорқақ, қол- … /Батыр,богатырь ,brave /
4. Адам алғашқы құралды неден жасады? /Тас, камень, stone /
5. Әр адамның шағын Отаны не? /Отбасы – семья – family/
6 . Қыста ұйықтап жатады, Жазда қызыққа батады. Ол не? /Аю – медведь -bear/
7. Тықырлатып тақтайды, Түні бойы жатпайды .Ол не? / Тышқан - мышь -mouse/
8. Футболшының құралы не? / Доп - мяч - ball/
4..Қазақта ырым және тыйым деген 2 ұғым бар. Аттары ұқсас болғанымен мағыналарында алшақтық бар. Ырым - дәстүр жалғаушысы болса,тыйым тәртіпке шақыру мақсатында қолданыс табады. Тыйым сөзінің түп төркіні "тыю" деген етістіктен шыққан. Яғни тыйылған істеуге болмайды деген деген мағынаны береді. Бұл сөздерді есі кірген балаларды жаман әдет,жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Мысалы Ата бабаларымыз тізені құшақтау-жалғыз қалудың, қолды төбеге қою-ел жұрттан безінудің белгісі, үлкеннің жолын кесу -әдепсіздіктің белгісі деген . Ендеше оқушылар келесі бөліміміз "Ескірмейтін есті сөз "атты бөлімімізге көшейік.
Бесік, пышақ, нан, су,адамның тұрмыстық өміріне қатысты тыйым сөздер , бас киім, төрт түлікке қатысты тыйым сөздерді постер қағаздарға толтырады.
5. "Мақал-сөздің мәйегі,
Мақал сөздің көркі",- дейді дана халқымыз, олай бола экранға назар аударайық. "Жалғасын тап" бөлімі.Бұл бөлімде мақал-мәтелдерді жалғастыру керек.
6. Тапқыр болсаң, тауып көр. Үй тапсырмасы.
Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын табар ма екен сайыскерлер,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
7-бөлім.
Тұрмыстық салт-дәстүрлерімізді білеміз бе?
Білім-толқын, жатқандай асып-тасып,
Біреу- мығым, біреулер шалыс басып.
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, демекші, сөз кезегін әділқазыларға берелік.