Коучинг-сессия та?ырыбы Табысты о?ыту


Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Құмжарған орта мектебінің мұғалімі Т.М.Утеулинаның өткізген коучинг-сессиясының жоспары.
Күні: 23.12.2015 жыл
Коучингтің тақырыбы: Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім
Мақсаты: Табысты оқыту мен табысты мұғалім мәнін түсіне және бағалай алуына ықпал ету. Оқыту сапасын қалайша жақсарта алатынын түсінуге көмектесу, бастама жасау. Бағалау мақсатын және бағалауды оқу үдерісін жетілдіру үшін қалай қолдану керек? Әріптестер арасында тың идеялармен алмасуға жағдай тудыру. Мектепте оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді қолдау.
Қатысатындар: Мектеп мұғалімдері
Күтілетін
нәтиже: -Топтасып, ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, сапалы оқыту мен оқу үдерісі туралы пікір алмасады.
-Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, олардың айырмашылықтары мен қолдану әдістерін түсініп, тәжірибеде тиімді қолдана алу туралы түсініктері қалыптасады.
-Мұғалімдер коучингтен алған білімдерін өз тәжірибелерімен ұштастырады, білімдерін толықтырады.
Негізгі (түйінді) идеялар: Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір ситуация үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын,, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Сапалы оқыту – мұғалім бейнесімен табылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы мен оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.Оқыту үшін және оқу үшін бағалау мұғалімдерге: -бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге; -бағалау түрлерінің бара бар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге; -бағалаудың формалды және формалды емес жүйелерін анықтауға; -әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын/жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.
Барысы Іс- әрекет Уақыты
Психологиялық ахуал туғызу "Сағат тілі" әдісі бойынша мұғалімдер түрлі қимылдармен сәлемдеседі.
1. Қолын ал Пожать руки (Shake hands)
2. Арқасынан қақ Похлопать по спине (Tap the back)
3. Күлімде Улыбнуться (Smile)
4. Қол бұлға Помахать (Wave hands)
5. Көзіңді қыс Подмигнуть (Wink)
6. Мадақта Сделать комплимент (Give a compliment)
7. Тілек айт Пожелать что-нибудь (Wish anything)
8. Ауа сүйіспеншілігін жібер Послать воздушный поцелуй (Send a kiss)
9. Массаж жаса Сделать массаж (Give massage)
10. Арқаңды үйкеле Потереться спинами (Rub the back)
11. Күлдір Рассмешить (Make him smile)
12. Мадақтау ал Получить комплимент (receive a compliment) 4 мин
Топқа бөлу Мұғалімдердің туған айы, күніне байланысты топтастыра отырып, «Джик-со» әдісімен 1,2 реттік санау бойынша екі топқа бөлу. 4 мин
Ой қозғау ҚР Білім министрі А.Саранжіповтың "12 жылдық білім беру жүйесінің шегерілмейтіндігі, білім саласындағы енгізіліп жатқан өзгерістер" туралы баяндаған бейнеролигін көрсету.
2016 жылдан бастап республика мектептері 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкелі жатыр. Бірақ барлық білім ошақтары жаңа оқыту ошақтарына ауыспайды. Бұл процесс тек 2027 жылы ғана аяқталады екен. Ол жүйеге сәйке білім стандарты да әзірленіпті. Стандарт бойынша бастауыш сынып 5 сыныпқа ұзартылмақшы. Сондай-ақ сурет, музыка, технология пәндері бірігіп, бір ғана "өнер" пәні болады. Әлемде 12 жылдық орта білім беру жүйесі 136 елде, соның ішінде Австралия, Канада, АҚШ, Франция, Жапония, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіретін басқа да мемлекеттер енгізілген. Посткеңестік елдерден 12 жылдық оқу жүйесіне Армения, Грузия, Латвия, Литва, Белорусия, Молдавия, Тәжікістан, Өзбекстан, Украина, Эстония ауысқан. 7 мин
"Әлем - өзгеруде, біз - өзгереміз" видеоролигін көрсету.
Заман өзгеруде. Әлемдегі болып жатқан өзгерітерге көз ілеспейді. Олай болса, сол өзгеріс оқу үдерісінен басталатыны заңдылық. Өйткені қай елдің де тағдыры ұрпақтарының білім деңгейімен өлшенеді. сондықтан ұстаздар қауымына оқушыларға заман талабына сай білім беру міндеттелуде.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев кезекті жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп көрсеткен еді. Қоғамымыз өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына заманда халық ағарту саласының қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы да анық. Заман талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар қауымына үлкен сын. Осы орайда мұғалімдердің біліктілігін көтерудің үш деңгейлі курсы болды. Курс бұрынғыдан өзгеше, жаңалықтарға толы, түрлі іс - әрекеттер жоспарланған. Курс барысында оқыған бағдарлама жеті модульді қамтиды. (презентациямен жұмыс) 5 мин
Миға шабуыл
Кеспелерге пайыздық көрсеткіштерді сәйкестендіру. Оқушылардың қалай білім алатындығын ескере отырып, алған ақпаратты сақтауының орташа пайызын сәйкестендіру.
5 мин
Дене жаттығу тренингтері Мұғалімдер шеңбер құрып тұрады. 1-ден 10-ға дейін ауада қолмен жазу, көзбен жазу, мұрынмен жазу, баспен жазу, оң-сол иықпен жазу, оң-сол аяқпен жазу. 3 мин
Постер жасау, қорғау "Интерактивті оқыту" 7 мин
Слайд көрсету "Интерактивті оқыту" әдістемесінің миссиясы мен мақсаттарын таныстыру. 5 мин
Бағалау «Ейкі - жұлдыз, бір-тілек» әдісі арқылы ойларын стикерлерге жазып қалдырады. 3 мин
Ресурстар: Маркер, түсті қағаз, желім,стикер, тақта
Мұғалімге арналған нұсқаулық үлестірмелі материалдар
бейнероликтер
Келесі тапсырмалар: Алынған ақпаратты қажеттілігіне қарай пайдалану
Келесі (қосымша) оқу: Ақпарат көздерінен қосымша материалдарды жинақтау.
Дереккөздер МАН