Саба?. Экология. Экологиялы? факторлар.
Сынып: 31Б
.
Құрастырды: Тусупова Г.С.
Сабақтың тақырыбы: Экология.Экологиялық факторлар.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақты ұйымдастыру формаларының түрі: топтық, жаппай оқыту.
Қолданылған технологиялар: дамыта оқыту, проблемалық, ақпараттық-коммуникативтік, зерттеушілік-әдістемелік, денсаулық сақтау, АКТ технологиялары.
Сабақтың мақсаты: Негізгі экологиялық терминдер мен ұғымдарды біле отырып, тірі ағзалар мен қоршаған орта арасындағы тепе теңдік пен тұтастығын сақтауды үйрену.
Сабақтың міндеттері:
*білімділік- экологиялық заңдылықтарды және экологиялық зертеу әдістерін, тірі және өлі табиғат факторлары туралы ұғыну.
*дамытушы- оқушылардың құрылымдық- қисынды және абстрактылы ойлау қабілетерінің (талдауы, салыстыруы, себеп-салдарлы байланыс жасай алуы, қосымша және анықтамалық әдебиеттерді пайдалана білу, қорытынды жасай білу) дамуына мүмкіндік беру.
*тәрбиелік- оқушылардың ойлау қабілеттері мен коммуникативтік дағдыларын: басқа адамның ойын тыңдау,топпен жұмыс істеу дағдысын, өзінің көзқарасын дәлеледей алуын қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар: АКТ жабдықтары, ҚҚБТ бар карточкалар, бағалау парақтары.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік құзыреттілік:
а) Экологиялық терминдермен танысу: Экология,Аутоэкология, Демоэкология, Синэкология;
ә) Ағзаларға қоршаған орта факторларының ықпалын оқып үйрену;
б) Ағза мен ортаның өзара байланысы туралы түсінікті тереңдету;
в) Ағзалардың бейімделгіштігі туралы ұғымды пысықтау;
Ақпараттық құзыреттілік:
-берілген түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы: мәтін, кесте, суреттер мен таныстырылым материалдары;
Коммуникативтік құзыреттілік:
-өзіндік жұмыстарды топта, жұпта немесе жеке түрде орындай алады, бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жасай алады, алға қойылған мақсаттарды бірлесе отырып шешеді;
-көпшілік алдында өз ойын еркін айтады, алған мәліметтер арқылы нақты бір шешім қабылдауға тырысады;
-бір-біріне дұрыс әрі жинақы сұрақ қояды, бір-бірлерінің айтылған ойларымен келісе отырып, бір шешімге келеді;
Басқарушылық құзыреттілік.
- топта оқушылар өздерінің атқаратын қызметін жүйелеп, басқа оқушылардың жұмыс жасауын ұйымдастырады, оқушы өзінің қызметін басқару арқылы тәсіл қолдана алады;
Жеке құзыреттілік.
- өзін-өзі басқарудағы қабілеттілігінің айқындалуы;
- Сабақтағы нәтижені саралай білу, жетімді және жетіспеген себептерді анықтау;
- өмірлік және кәсіби орнын өзіндік айқындай алуы;
Технологиялық құзыреттілік.
- АКТ құралдарын тиімді пайдалана алуы;
Сабақтың құрылымы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Уақыт
(мин.) Тапсырмалар құрылымы бағытындағы құзыреттілік түрлері
1 кезең
Білу
Ұйымдастыру.
Білімнің өзектілігі, оқушылардың белсенді түрде білім алуы мен қабылдауына дайындығы.
Сабақ жоспары.
1. Оқушыларға сабақтың мақсатын анықтауды ұсыну.
Оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып, сабақтың мақсатын анықтайды.
Топпен бірлесе отырып жаңа сабаққа мақсат қояды. 3 - оқушылардың субъективті тәжірибесінің өзектілігі;
- топта қарым-қатынасты ұйымдастыру;
-жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындау;
- өзінің көзқарасын жеткізе білу және дәлелдей алу;
- пәндік құзыреттілікті дамыту;
- жазбаша құзыреттіліктің қалыптасуын анықтауды дамыту.
2 кезең
Ұғыну кезеңі
Логикалық тапсырмаларды орындау
Түсіну
Қолдану
Топтау
Жұппен жұмыс: Тапсырма №1 «Ойланып көрейікші» Берілген тапсырманы оқушыларға ұсынады Оқушылар берілген логикалық сұрақтарға жауап береді. 5 - ақпараттық құзыреттіліктің дамуы;
- коммуникативтік құзыреттілігінің дамуы;
Топтық жұмыс: Тапсырма №2 Мәтінмен жұмыс
- жоспарлау және ақпаратты іздестіру;
- ақпаратты іріктеу;
- берілген ақпарат арқылы өмірдегі қолданысын айқындау; Мұғалім 3 топқа тақырыптар береді, сол тақырыптардың мәнін ашуды сұрайды. Басты мақсат – алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыра алуына бағыттау.
Оқушылар берілген тапсырмаға жауап беруі үшін оқулық пен қосымшадағы теориялық мәліметтерден жауап іздестіреді. 10 минут мәтінмен жұмыс.
5 минут кластер құрастыру
5 минут топтың жұмысын тыңдау. - ауызша коммуникациялығының дамуы;
- зерттеушілік дағдыларының дамуы;
- жаңа материалды ұсына білуі – көпшілік алдында қорғауы.
Сергіту сағаты «Эмоционалдық және қалжырауды басуға арналған сергіту»
Жеке жұмыс:
Тапсырма№3 Жедел тест
Жаңа алған ақпараттарды саралау.
Мұғалім жаймен оқушыларға жаттығу барысын түсіндіреді
Мұғалім
Оқушыларға жаңа тақырып бойынша тестік тапсырма үлестіреді. Оқушылар сергіту сағатын жасау арқылы ойларын азда болса тынықтырып сергіп қалады.
Тапсырмалары бар бланктармен жұмыс жасау
2 минут
7 минут. - коммуникативтік құзыреттілігінің дамуы;
- жазбаша пәндік құзыреттілік.
4 кезең
Рефлексия кезеңі
бағалау « Синквейн» бойынша рефлексия. Балдар жинағы. Сабақты қорытындылау. Қортындылау. Өзіндік бағалау схемасымен жұмыс. 5-6 мин - өзінің әрекетін және топ жұмысын талдау жасай алуы
Үй жұмысы 2минут
топтау Жеке 12 балдық жүйемен бағаланады. «Қазіргі таңдағы қоршаған ортаның экологиялық жағдайы» шағын эссе.
Бағалау парағы. ФИО_____________________________________________________
Сабақ барысындағы жұмыс түрлері Бағалау критерилері Ең жоғарғы балл Оқушының алған балл саны
Тапсырма №1
«Ойланып көрейікші» сұрақ -жауап Барлығы дұрыс
1-2 қате
3-қате
4 тен көп болса 5
4
3
0 Тапсырма№2
Мәтінмен жұмыс белсене қатыстым
шамалы көмектестім
қатыспадым 2
1
0 Тапсырма№3
Жедел тест толық жауап ( жауапқа байланысты ұпай) 5 Тапсырма №5 Үй тапсырмасына жеке 12 балл. Эссе жазу Бағалау парағы. ФИО_____________________________________________________
Сабақ барысындағы жұмыс түрлері Бағалау критерилері Ең жоғарғы балл Оқушының алған балл саны
Тапсырма №1
«Ойланып көрейікші» сұрақ -жауап Барлығы дұрыс
1-2 қате
3-қате
4 тен көп болса 5
4
3
0 Тапсырма№2
Мәтінмен жұмыс белсене қатыстым
шамалы көмектестім
қатыспадым 2
1
0 Тапсырма№3
Жедел тест толық жауап ( жауапқа байланысты ұпай) 5 Тапсырма №5 Үй тапсырмасына жеке 12 балл. Эссе жазу « Ойланып көрейікші» Тапсырма №1
1. Дайын органикалық заттарды пайдаланып және олардан жаңа заттар түзетін ағзалар аталады …………… .
2. Олар ағзалық әлемінде негізгі түрлерге жатқызылады ……….. .
3. Бұл ағзалар ………. Органикалық заттарды пайдаланып, оларды толығымен минералды қосылыстарға дейін ыдыратады.
4. Бұл ағзалар минералды қосылыстарды қолданады және ішкі энергиясын пайдалана отырып, органикалық заттарды синтездейді. Ол ағзалар аталады……………. .
5. Органикалық заттарды өздері жасайды, әлемде негізгі түрлерге жатқызылады………………. .
« Ойланып көрейікші» Тапсырма №1
1. Дайын органикалық заттарды пайдаланып және олардан жаңа заттар түзетін ағзалар аталады …………… .
2. Олар ағзалық әлемінде негізгі түрлерге жатқызылады ……….. .
3. Бұл ағзалар ………. Органикалық заттарды пайдаланып, оларды толығымен минералды қосылыстарға дейін ыдыратады.
4. Бұл ағзалар минералды қосылыстарды қолданады және ішкі энергиясын пайдалана отырып, органикалық заттарды синтездейді. Ол ағзалар аталады……………. .
5. Органикалық заттарды өздері жасайды, әлемде негізгі түрлерге жатқызылады………………. .
Тапсырма №3 Жедел тест
1.Абиотикалық фактор-
А. Популяциялардағы әртүрлі даралар арасындағы өзара қарым- қатынас
В. Табиғи бірлестіктердегі популяциялар арасындағы өзара қарым- қатынас
С. Жансыз табиғаттың құрам бөліктері
2. Популяцияның ортамен және популяцияның ішкі үдерістерімен тура және кері байланысын зерттейтін экология бөлімі:
А. Синэкология В. Демоэкология С. Аутоэкология
3. Экология терминін алғаш енгізген:
А) Ч. Дарвин В) Ж.Б. Ламарк С) Э. Геккель Д) К. Линей
4. Организмдер үшін ең маңызды факторлар:
А) жарық, топырақ, судың тұздылығы В) жарық, ылғал, су, күн көзі
С) жарық, температура, ылғал
5. Популяцияның өмір сүруіне ең қолайлы фактор әрекетінің қарқындылығы аталады:
А) оңтайлы фактор В) шектеуші фактор С) экологиялық фактор
Тапсырма №3 Жедел тест
1.Абиотикалық фактор-
А. Популяциялардағы әртүрлі даралар арасындағы өзара қарым- қатынас
В. Табиғи бірлестіктердегі популяциялар арасындағы өзара қарым- қатынас
С. Жансыз табиғаттың құрам бөліктері
2. Популяцияның ортамен және популяцияның ішкі үдерістерімен тура және кері байланысын зерттейтін экология бөлімі:
А. Синэкология В. Демоэкология С. Аутоэкология
3. Экология терминін алғаш енгізген:
А) Ч. Дарвин В) Ж.Б. Ламарк С) Э. Геккель Д) К. Линей
4. Организмдер үшін ең маңызды факторлар:
А) жарық, топырақ, судың тұздылығы В) жарық, ылғал, су, күн көзі
С) жарық, температура, ылғал
5. Популяцияның өмір сүруіне ең қолайлы фактор әрекетінің қарқындылығы аталады:
А) оңтайлы фактор В) шектеуші фактор С) экологиялық фактор