Антропогендік факторлар, оларды? биоценоздар?а ?сері
Антропогендік факторлар, олардың биоценоздарға әсері11 сынып2016-2017 оқу жылы Мақсаты: 1. Оқушыларға адам іс-әрекетінен туындаған биогеоценоз құрамы жайлы түсінік беру. 2. Оқушыларға табиғатты ластанудан сақтау үшін экологиялық мәдениет қалыптастыру. 3. Оқушыларда экологиялық білім, тәрбие қалыптастыру. Үй тапсырмасын сұрау Лездемелік сұрақтар:1. Орта факторлары, олардың түрлері2. Экологиялық факторларға қандай факторлар жатады? 3. Биотикалық факторлар қандай факторлар?4. Абиотикалық факторларға не жатады? 5. Продуценттер дегеніміз не?6. Консументтер және олардың түрлері?7. Редуценттер дегеніміз не?8. Шектеуші факторға не жатады?9. Температура сипатына қарай өсімдіктер, жануарлар қандай топтарға бөлінеді?10. Адам іс- әрекетінің бірлестіктерге әсері бар ма? продуценттер 1-реттікконсумент 2-реттік консумент редуцент топырақ топырақ Кесте бойынша мысал келтір Видеосюжет бойынша орманды аймаққа экологиялық пирамида құрастыру. Жаңа сабақ кезеңі Антропогендік фактор – адам іс-әрекеті себепші болған биосферадағы алапатты өзгерістер Арал теңізінің экологиялық жағдайы Аралдың экологиялық жағдайы жыл сайын, тіпті күн сайын күрделеніп келеді. Бір кездері аспанға шапшып жатқан Арал теңізінің табаны кеуіп, құрғап, ақ соры мен шаң-тозаңы атмосфераға көтерілуде. Жалаңаштанған теңіз табанынан алғашқы тартылған кезде жылына 72 млн. тонна тұзды шаң көтеріліп, дүние жүзіне тараған. Эколог-мамандардың зертеуі бойынша тіпті Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан жауған. Ал бүгінгі күні жылына шамамен 290 млн.тоннаға жуық тұз бен шаң әлемнің түпкір-тупкіріне тарап жатыр. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтердің қалдықтары, тіпті гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар бар. Бұл – адам өміріне төніп отырған қауіптің қоюлана түскендігінің белгісі. 1990 жыл 2008 жыл Суреттер сөйлейді Семей полигоны Қышқыл жаңбыр Өз ауылымыздағы екпе ағаштардың жағдайы осындай! Ауыл сыртынан көрініс Видеосюжет Тәрбиелі Байқағыш Қамқоршы Білімді Ең беққор Мәдениетті эколог Ұсыныстар: Өзіміз тұратын аймақта табиғат қорғаушылар ұйымын құру.«Байқоңыр» ғарыш айлағының пайдалануын шектеу;Қолдан отырғызылған ағаштардың арасын қоқыстан тазалауЭкологиялық сауаттылықты және көзқарасты қалыптастыру және жетілдіру. Қорытынды Табиғаттың экологиялық жүйесінің тозығы жеткендігі әркімге аян. Ластайтын заттардың түрлері өте көп және мөлшері де мол. Олар табиғатқа антропогенді іс-әрекетінен пайда болған зиянды заттар. Бұлардың бәрі де әр түрлі жолдармен ауаға, жер бетіндегі және жер астындағы суларға, жауын суына тарайды, өсімдіктер мен жануарлардың бойына жиналады. Бұлардың қай – қайсысы болса да ағза үшін өте қауіпті және оның ішінде адам мен жануарларға аса зиян. Қазір экология-ғалам мен ғасыр проблемасына айналып отыр. Осыған орай халықтың таза су мен құнарлы асты пайдалануына қол жеткізуді қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін обьектілерді қысқартуды басқа да қауіпті факторларды төмендетуді көздейтін нақты шаралар қамтамасыз етілуі керек. Экология проблемаларын, оның алдын алу мәселелеріне халықты оқытып, үйретуге басым көңіл бөлінуі тиіс. Болашақта Арал өңірі мен Байқоңыр ғарыш айлағының табиғатын қалпына келтіре алмағанмен осы өңірдің тұрғылықты халқының денсаулығына мән берген жөн. Егер болашағымыз бала денсаулығына немқұрайлылықпен, салғырттықпен қарасақ ұрпағымыздың азып-тозуына жол бергеніміз. Адамзат іс-әкекеті қазіргі уақытта қалыптасқан күрделі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталу қажет және мектеп жасынан бастап экологиялық көзқарасты, сананы, сауаттылықты қалыптастыру және жетілдіруді қолға алу керек. Үйге тапсырма Параграф 29 Пайдаланылған әдебиеттер 1. Биология жұмыс дәптері.Алматы. Атамұра.2. Биология 9 сынып. М.Қ.Гильманов,Л.Ү.Әбшенова, А.Р. Соловьева.3.Биолог анықтамалығы» журналы №1. 2010 ж. Назарларыңызға рахмет!Сау болыңыздар