Жуы? м?нні? абсолют ?ателігі ашы? саба? (7 сынып)


Жуық мәннің абсолют қателігі
Курмашева Гулайша Маратовна
БҚО, Шыңғырлау ауданы
Шыңғырлау ОЖББМ
Тақырыбы: «Жуық мәннің абсолют қателігі» Мектеп: Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебі
Күні: Мұғалімнің есімі: Курмашева Гулайша Маратовна
Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): жуықтап есептеулер элементтері туралы білімдерін кеңейту, сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты: Жуық мәннің абсолют қателігін табуды, абсолют қателігін табу формуласын есеп шығаруда тиімді қолдануды үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, топпен, жұппен жұмыстануға, өз ойларын анық жеткізуге тәрбиелеу және дағдыландыру. Барлық оқушылар:
Топпен, жұппен жұмыстанады, сабаққа белсене ат салысады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Формуланы менгереді, есептер шығарады.
Кейбір оқушылар:
Арнайы тапсырмаларды орындайды, өз ойларымен бөліседі.
Тілдік мақсат:
Оқушылар тақырып бойынша мәлімет алады және формуланы менгереді. Оқушылар:
Жуық мәннің абсолют қателігін анықтай алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Жуық мән, абсолют қателік, дәл мән, сандық мәнді цифрлар, дұрыс цифрлар.
Сыныптағы диалог/жазылым/ үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
- Жуық мәннің абсолют қателігі дегеніміз не?
- сандық мәнді цифрлар дегеніміз не?
- жуық мән мен дәл мәннің айырмашылығы қандай?
Сіз неліктен......екенін айта аласыз ба?
Жуық мәннің абсолют қателігін қалай табуға болатынын айта аламыз ба?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Формуланы жаздырту
Алдыңғы оқу Жуық шама мен жуық санның ережелерін сұрау.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы Ұйымдастыру бөлімі:
- Амандасу;
- Оқушыларды түгелдеу.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу, стикерлерге жазылған есептердің шешімдері арқылы 3 топқа бөлу. «Ғажайып бейне» табу арқылы тақырыпты ашу. Тақтадағы нөмірленген бейнелерді таңдау арқылы астындағы тапсырмаларды орындау қажет. Барлық тапсырмаларды орындап болғасын, белгілі бейнелерді құрастырып, суретті табу керек. Бұл сурет
ЭКСПО-2017.
1-ші бейне тапсырмасы: Үй тапсырмасын слайд бойынша сұрақтарға жауап беру. Жаңа тақырып бойынша оқулықтағы анықтамаларды, формуланы жаздырту.
α=│А-a│, α-абсолют қателік, А-дәл мән, a- жуық мән.
Смайлик арқылы бағалау. 7 сынып оқулығы. Шыныбеков
Интербелсенді тақта, слайдтар, стикерлер, смайликтер
Ортасы 2-ші бейне тапсырмасы: "Пицца пісіру" әдісі арқылы топтармен жұмыстанып, оқулықтағы есептерді шығару.
1-пицца есептері: №639
2-пицца есептері: №637
3-пицца есептері: №647
4-пицца есептері: №651
Топтық жұмысты топпен бағалап отырады.
3-ші бейне тапсырмасы: «Жалғасын тап» әдісі арқылы жұптасып тапсырманың шешімін табу. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау Оқулық 7 сынып Алгебра. Интернет желісі, карточкалар, бағдаршам
Аяқталуы 4-ші тапсырмасы: Әр оқушы бүгінгі сабақта алған білімдерін жүйелеу мақсатында "Блум түймедағын" орындау.
Бүгінгі сабақты қорытындылау кезінде бағалау парағын қолданып, оқушылардың алған білімдерін тексереміз. Блум түймедағы, бағалау парағы
Үйге тапсырма: №650, 652 есептер
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс
А деңгейі оқушыға: «жалғасын тап» әдісі, тақырыптағы бүкіл тапсырмаларды орындайды
Ә деңгейі оқушыға: пицца пісіру әдісінің есептерін шығарады.
С деңгейі оқушыға: оқулықтағы жеңіл есептер Топтық бағалау, бағалау парағы, кері байланыс Презентация , информатика
Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шыңайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақтың мақсаты шыңайы болып, өз нәтижесіне жетті. Сынып оқушылары белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті. Уақыт тиімді пайдаланды.