Конспект по теме ?абиден М?стафинні? ?мірбаяны (8 класс)
Ғабиден Мұстафиннің өмірбаяны
Қазақ әдебиетінің классик жазушысы, көркем сөздің хас шебері атанған Ғабиден Мұстафин 1902 жылы 29 қарашада Қарағанды облысындағы осы күнгі Теміртау қаласына жақын Жауыртау – Нұра өзені бойындағы Сартөбе деген ауылында кедей отбасында туған. Болашақ жазушының әкесі мал бағумен айналысқан, сондықтан да оның балалық шағы қарасаң, көз жетпейтін кең далада, Сарыжайлауда өтті. Ол бұл кездерде әкесіне көмектесіп, мал бағумен қатар, ауыл модасынан арапша сауатын да ашты. Ал орыс тіліне оны сол кезде Спасск мыс балқыту заутында табельші болып жұмыс істейтін Жүсіп Мауқымов деген азамат үйретті, үлкен қамқорлық жасады. Соған орай Ғабиден осы зауыт жанындағы орысша-қазақ екі жылдық мектепті бітіріп шықты. Бұдан әрі оқуға мүмкіндігі болмай, туған ауылына қайтып оралады. Ауылда әр түрлі қызметте болып, 1925 жылы білімін көтеру мақсатымен Қызылордаға келеді, мұнда оқуға түсе алмай өлкелік сотқа іс қағаздарын тіркеуші қызметіне орналасады. Жазушылық өнерге құмарлығы осы кезден басталады. Ғ.Мұстафин - әдебиет майданына жиырмасыншы ғасырдың басында келген жазушы. Ол алғаш хабар, шағын очерк, фельетон, қысқа әңгімелер жазып, өзінің шама – шарқын, қабілетін біраз байқап көрген-ді. Облыстық сотта іс қағаздарын тіркеп, қызмет бабымен жүрген кездерінде ел арасында болған әр түрлі заңсыздықтармен танысады. Алғашқы әңгімесі "Сәрсен мен Боқаш" (1927 ж.) "Жыл құсы" журналында жарияланған. Тұңғыш әңгімелер жинағы "Ер шойын" (1929 ж.) деген атпен басылып шықты. Ауыл кедейлерінің таптық сана сезімінің ознуы, байларға қарсы күресі әңгімелердің негізгі арқауы болды. 1930 жылы көктемде Қарағандыға ауысып, үш жыл қара жұмыс істеді: слесарь, токарь мамандығын меңгерді. 1938 жылы "Қарағанды пролетариаты" газетінің жауапты секретары қызметіне тағайындалады. Көп кешікпей, Новосибирск қаласында қазақ тілінде "Қызыл ту" атты газетінің шығуына байланысты, сонда жіберіледі. Газет жабылғаннан кейін 1938 жылы Алматыға келеді. 7-8 жыл көркем әдебиеттен қол үзіп кеткенімен, журналистік жұмыста қаламы төселіп, өмір тәжірибесі молайып қалған Ғ.Мұстафин тұңғыш роман жазуға кіріседі. Қарағанды шахтерлерінің өмірінен алынған бұл роман "Өмір, не өлім" 1940 жылы жеке кітап болып басылды. Алғашқыда "Әдебиет майданы" (қазіргі "Жұлдыз") журналдың қатардағы қызметкері (1938-40 ж.), кейіннен редакторы (1940-48 ж.) бола жүріп, жемісті шығармашылық еңбек етті. Ауыл сахналарына арналған бірнеше шағын пьесалар "Айғақ", "Тұтқын", "Күлмеген адам", "Керуен", "Құлаған күз" тәрізді әңгімелер жазды. Шығармаларының негізгі тақырыбы – өндіріс өмірі мен ауыл тіршілігінің тынысы. Бұрын өндіріс тақырыбына "Алыптың кереметтері" (1936 ж.) очеркі мен "Керуен" (1938 ж.) атты әңгімесін жариялаған автордың "Өмір, не өлім" романы совет әдебиетінде бұл саладағы алғашқы күрделі туындыларының бірі болды. Өз шығармашылығына үлкен жауапкершілікпен қарайтын автор он шақты жылдан кейін осы тақырыпқа қайта оралып, "Қарағанды" романын, 1952 жылы жазды. Бұл романдар қазақ халқының совет өкіметі жылдарында бастан кешкен өзгерісті өмір жолдарын суреттейді. Жазушы оны шығармаларында шынайы отырып, туған халқының тағдыры жайлы толғаныстар жасайды. Ғұлама жазушының Қазақ совет әдебиетін дамытудағы және қоғамдық қызметіндегі қол жеткен жетістіктері белсенділігі, іскерлігі ескерусіз қалған жоқ. Ол "Ленин" орденімен, "Еңбек Қызыл Ту" және екінші дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" орденімен марапатталған. Ғ.Мұстафин 1953-57 және 1961-64 жылдары Қазақстан Жазушылары одағы бақармасының төрағасы болып қызмет атқарды. Сол кезде ол республика Компартиясы Орталық комитенінің мүшесі, еліміздің және республиканың Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ғабиден Мұстафин ұзақ және мазмұнды да қызықты өмір кешті. Оның өмір жолында қуаныш–қызықпен қатар қиындықтарда ,ауыртпашықтарда аз кездескен жоқ. Қазір біздің арамызда халық жазушысы, бұрынғы КСРО- ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, республика Ғылым академиясының мұше–кореспонденті, жазушылардың халықаралық және одақтық форумдарының қатысушысы Ғ.Мұстафин жоқ. Бірақ оның есімі халық есінде. Болашақ ұрпақ ғұлама жазушыны ешқашан ұмытпақ емес. КСР Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 31-ші наурызындағы қаулысында: Қарағанды және Алматы халық депутаттары облыстық Кенесенінің ұсынысың қабылдап, Қарағанды қаласыныдағы № 83 орта мектеп пен Бұқар жырау ауданындағы "Березняки" ауылына Ғ. Мұстафин есімі берілген. 2002 жылы Ғ.Мұстафиннің туғанына 100 жыл толуына орай Қарағанды облысында үлкен той болды. Бұл мерейтой жазушының ұрпақтары емес, халқына, еліне де үлкен қуанышпен атап өтетін оқиға деуге болады. Торқалы тойдың мерейлі мезеттерінің бірі – Қарағандыдағы көп көшелердің ішіндегі ірісіне Ғабиден Мұстафин есімін беру болды және осы жерден басталатын көше төріне классик жазушының мүсіні орнатылды. (32-квартал) Нардың жүгін көтеріп, дала кассигі аталған ғұлама жазушы көптеген шығармаларының тамырын өскен өлкесінен тапты. Алайда оқығанынан, тоқығаны көп, табиғатынан дарынды, дала даналығын, замана жақсылығын бойына сіңірген ғабаң бір ғана аймақтың жазушысы емес. Ол – халық жазушысы, ұлтымыздың мақтанышы.