Презентация по казахскому языку на тему ?ант


ПрезентацияТақырыбы: Қамыс қанты Жоспар:Қамыс қанты.Құрақ қант шикізатын өңдеу.Қант өндірісінің технологиясы.Құмшекер алу. Қант өндірісіндегі қалдықтарды пайдалану.Сұйық қант өндіру. Рафинад қант өндіру.Қамыс қантның пайдалы қасиеттері.Пайдаланылған әдебиеттер.  Құрақ қант шикізатын өңдеу Құрақ қант шикізаты сахароза кристаллдарынан тұратын өнім, кристалларалық ерітіндінің қабыршағымен жабылған, сахароза мен қант емес заттардан құралады. Жақсы сападағы қант құрағының шикізаты ұзақ мерзім тасымалдауға және сақтауға аса төзімді келеді. Кубалық құрақ қант шикізатының орташа химиялық құрамында (оның салмағымен алғандағы %): сахароза – 96,6-98,0; су – 0,4; қант емес заттар – 1,5-2,0; оның ішінде редукцялаушы заттар – 0,6-0,9; өзгедей органикалық заттар – 0,7-1,0; көмір қышқылды күлдер -0,4-0,5 мөлшерінде олады. Қант шикізаты ерітінсінің түсі – 40-50 шартты бірлікті , рН мөлшері – 6,2-6,5 деңгейін құрайды. Қант өндірісінің технологиясы Қант өндірісінің шикізаты ретінде өнеркәсіптік деңгейде қант құрағы мен қант қызылшасы қолданылады. Қант құрағы дақылды топқа жатады және Кубада, Мексикада, Үндістанда, Австралияда және басқа да ауа райы ыстық елдерде өндіріледі. Бүгінгі таңда әлемде өндірілетін қанттың 3/2 бөлігі қант құрағынан алынады. Осы керемет дақылдың биіктігі 6м және жуандығы 50мм дейін жетеді. Құрақтың сабағындағы сахарозаның мөлшері қант қызылшасымен салыстырғанда біршама төмен, алайда осы дақылдың қант қызылшасына қарағанда өнімділігі әлдеқайда жоғары, 1 га қант құрағынан қант қызылшасымен салыстырғанда екі есегедейін көп қант алынады. Ресейде қант өндірісі өнеркәсібінде негізінен қант қызылшасы қолданылады. Құмшекер алу Қамыс қантын Үндістанда жасай бастаған. Еуропаға бұл қант орта ғасырларда жетіп, ХІ-ХІІ ғасырларда әлемдік танымалдыққа ие болды. Қазірде әлемде өндірілетін қанттың 60%-ы қамыс қанты, ал қалған 40%-ы қызылша қанты. Сонда да қарапайым қызылша қанты көп қолданылады.  Қант өндіру – тағам өндірісіндегі ең ірі саланың бірі, онда құмшекер және шапақ қант шығарылады. Қазіргі кезде Ресей Федерациясында 95 қант қызылшасының зауыттары жұмыс істейді. Олар аса ірі кәсіпорындар болып табылады, тәулігіне орташа 3000 тн қант қызылшасын өңдейді. Барлық қант өңдеу зауыттарында құмшекер өндірудің тұпатты технологиялық схемасы қолданылады, мұнда қант қызылшасының жоңқаларын үздіксіз қанттандыру деффузды қант шырынын әкті – көмірқышқылды жолмен тазарту, ІІІ кристаллды сары қанттың үш қайтара кристаллдануымен раффинациясы жүргізеледі. Қамыс қантының пайдалы қасиеттері.Қоңыр қант клетчатка, микроэлементтер мен жүйке жүйесін реттейтін В дәруменіне бай.Қамыс қантындағы калий ағзадағы артық сұйықтықты шығаруға көмектеседі.Осы қант түрінің құрамындағы кальций сүйектерді берік қылады. Айта кетсек, қызылша қантында бұл элемент 23 есе аз екен.Қанттағы мырыш жалпы ағзаға пайдалы.Жалпы қоңыр қанттың бойында қызылша қантының барлық жақсы қасиеттері бар. Яғни ол бізге көмірсулардың қажетті мөлшерін, күш пен энергия береді. Алайда ақ қантқа қарағанда қамыс қанты бойында басқа да жақсы қасиеттер бар. Жалпы рафинадталған қант түрлерінің пайдалы қасиеттері бірден төмендейді. Сондықтан барынша өңделмеген, тазартылмаған қантты қолданған абзал. Пайдалы болса да, қамыс қанты да қант екенін ұмытпағаныңыз жөн. Оны көп пайдалану денсаулыққа зиян, артық салмақ бастамасы болуы мүмкін. Сол себепті күніне 5 қасықтан артық қабылдамаңыз.  Пайдаланылған әдебиеттер:"Қазақ энциклопедиясы".Қазақ тілі терминдер сөздігі I томҚоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990ж. Назарларыңызға рахмет!