Туым. Болат ?сенбаев. 3 сынып. ?дебиеттік о?у п?ні
Әдебиеттік оқу. 3-сынып.
Сабақ тақырыбы: Менің туым. Болат Үсенбаев.
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Өлеңді мәнерлеп оқуға; оқығанын жүйелі баяндау дағдыларын қалыптастыру, өлеңдегі ақынның айтайын деген ойын түсіндіру арқылы оқушыларды ел рәміздерін құрметтей білуге үйрету.Дамытушылық: Сөйлеу тілін, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, шығармашылық жұмыстар арқылы ойын еркін айтуға, қиялын, арманын іске асыруға жетелеу.Тәрбиелік: отансүйгіштікке, өз елін, жерін қорғай білуге, ел рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Саяхат сабақСабақтың өткізудің әдіс - тәсілдері: ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру.
І. Қызығушылығын ояту.Ой қозғау.Қазақстан – тәуелсіз мемлекет, егеменді ел.Бірақ осы күнге жету үшін біздің халқымыз қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан өткізді.Қаншама жылдар бойы Қазақстан тәуелсіздік алуға тырысты. Бір сәтке өткенге көз жіберейік. Бейнетаспа ( Желтоқсан көтерілісі)
-Бүгін біз бәріміз Қазақстанның астанасы болған бас қалаларына саяхатқа шығамыз.1 - аялдама. «Қызылорда» Слайд қаланы көрсету.1925 - 1929 жылдары Қазақстанның астанасы болды.«Үзінді» ойыны арқылы сұрақтарға жауап бересіздер.• Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан қабылдады?• Еліміздің бас қаласын ата.• Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?• Тұңғыш Президент қашан сайланды?• Ел рәміздері қашан қабылданды?• ҚР Конституциясы қашан қабылданды?2 - аялдама.» Орынбор»1920 - 1925 жылдары Орынбор бас қала болып жарияланды. (2 - слайд.қаланың суреті)ІІ. Мағынаны тану.а) Ел рәміздерінің, тудың авторларының суреттерін көрсету. 3 - слайдАвторы – (суретші Ш. Ниязбеков)Күн – өмір сүрудің белгісі. Күн сәулесі Қазақстанның барлық жеріне нұрын шашып, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ.Қыран – киелі, қасиетті құс. Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын дегенді білдіреді.Ою – қазақ халқының мәдениетінің бір көрінісі.Түсі – көк. Ашық аспан мен тыныштықтың белгісі.Ту – тік бұрышты, 2х1ҚР – ның Туы еліміздің үкіметтік ғимараттарында ілінеді. Сонымен қатар мемлекеттік мерекелерде қала алаңдарында ілінеді.Спорттық жарыстарда, халықаралық іс – шараларда қазақ елінің көк Туы көтеріледі.3. Оқулықпен жұмыс.
908058396605а) Автор жөнінде қысқаша мағлұмат беру. Болат Үсенбаев -1955 жылы 24 наурызда Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған. 1977 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1980 жылы Мәскеу Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған. Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған. 1980 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, 1981–1982 жж. «Жазушы» баспасында редактор, 1982 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің аға тілшісі, 1983–1986 жж. Шелек аудандық «Еңбек туы» газетінде, 1987 жылы «Лениншіл жас» газетінде тілші, 1988–1990 жылы «Аманат – Избиратель» газетінде бөлім меңгерушісі, 1990–1996 жж. «Жас қазақ» газетінде бөлім меңгеруші, жауапты хатшы болып қызмет еткен. 1996 жылдан «Ақ желкен» журналының, қазір «Балдырған» журналы бас редактордың орынбасары. Алғашқы өлеңі 1971 жылы «Балдырған» журналында жарияланған. «Жеңеше» (2004), «Жүзік» (2008) жыр жинақтарының авторы.
42913303863975ә) Өлеңді мәнерлеп оқу.4. Жаңа сөздермен жұмыс.в) Шоқтығым, таңдай қаққан, шартарап, сыңармын, тыныштықтың деміндей деген жолдардың мағынасын түсіндіру.3 - аялдама. «Алматы» Алматы қаласының көріністері. 4 - слайд.1929 - 1997 жылдар аралығында Қазақстанның астанасы болды. Алматы - мәдениет пен өнер, білімнің орталығы. Медеу спорт кешені – бүкіл республика мақтанышы.Қалада 100 - ге жуық жоғары оқу орындары, ондаған театрлар, концерт, кинозалдар бар. Республика тәуелсіздігінің белгісі - Алтын адамның мүсіні алыстан көз тартады.5. Өлеңге талдау жасауг) Өлең сендерді қандай сезімге бөледі?- Қазақстан туын сипаттап бер.- Өлең мазмұнына сай қандай сурет салуға болады?6. Оқушыларға мәнерлеп оқыту, теріп оқыту.4 - аялдама. « Астана» 5 - слайд1997 жылы саяси, экономикалық, халықаралық жағдайларға байланысты республиканың бас қаласы - Ақмолаға көшірілді. Әсем Есілдің жағасын бойлай Президент сарайы, Парламент ғимараты, Еуразия университетінің корпусы т. б. ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдындағы қазақтың үш биі: Төле би, Қазыбек би. Әйтеке бидің ескерткіштері халқын болашаққа бастағандай бейнеленген. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні - жас Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жарқын да бақытты болашағының символы. Астана қаласының символы - Бәйтерек ашылып келе жатқан қызғалдақ сияқты.Топтық жұмыс.1 - топ. Өлең жолдарын жалғастыру: ................ күлімдеп, (Күн шықты)................ әлемге. (Шуағын шашып)................ гүлденді, (Қазақ елі )................ бар елге. (Танылды енді )2 - топ. Өлең мазмұнына сай сурет салу.3 - топ. Отан, ел, жер туралы мақалдар айту.ІІІ Ой толғаныс. 1. «Әңгімелеу кестесі» арқылы.
Өлең атауы. Авторы. Не туралы? Не білдің? Не білгің келеді?
Қазақстанның бұрынғы астаналары:1920-1925ж. Орынбор, 1925-1929 ж. Қызылорда
1929-1997 ж. Алматы, 1997 жылдан бері Ақмола қаласы 2. Әр топқа бүктелген қағаз тарату. Бірінде «Қорытынды сөзді мен айтамын» жазуы болады. Осы жазу түскен оқушы саяхат сабағынанан алған әсерін бөліседі.
ҮІ. Бағалау:ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттап келу.
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы
№47 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі
Галимова Шолпан Қозадиясқызы.