?.Т?жібаев. Тола?ай ертегісі саба? жоспары


Қазақ әдебиеті Уақыты: Сабақтың атауы Ә.Тәжібаев «Толағай» ертегісі
Сабақтың жабдығы Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
Жалпы мақсаттар а) білімділігі: «Толағай»әдеби  ертегісінің  жазылуына  ел  аузындағы  аңыздың  арқауболғандығы.Әдеби  ертегінің  мазмұны  мен  идеясын   ұғыну.ә)тәриелілігі:Елге,Отанға  деген  патриоттық  сезімдерін  оятып,сүйіспеншілігін арттыру. Батырлыққа, ерлікке, отаншылдыққа  тәрбиелеу.б)дамытушылығы: Әдеби  ертегіні  халық  ертегісінен  ажырата  білуге  үйрету,талдайбілуге,өзіндік  ойын  дәлелдей  тұжырымдай  білуге  жетелеу,мәнерлепоқуға  машықтандыру.Сабақтың  түрі: жаңа  білімді  меңгертуСабақтың әдісі: Әдеби ертегіні талдау,жеке тапсырмаларды орындау,салыстыраталдау,мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ жауап.
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
Үй тапсырмасын сұрау Үй жұмысы дәптерлерін тексеру,бағалау
Мағынаны тану
д) «Толағай» ертегісінің  авторы  Ә.Тәжібаевтың  әр  алуан қырын  таныту.
1.Әбділдә Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кіріспе сөз./Слайд арқылы /-Балалар, біз бүгін халқымыздың дарынды қаламгері    Ә.Тәжібаев  туралы біраз мағлұмат алып, шығармашылығынан хабардар боламыз.Иә, балалар , Ә. Тәжібаев –туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі.. Оның өмірінен біраз мағлұматты өздерің де айтып өттіңдер. Оның ірі еңбектері мен де таныс болдық. Бүгінгі сабағымыз Ә. Тәжібаевтың  Толағай әдеби ертегісі төңірегінде болмақ.
ІҮ. Әбділда  Тәжібаев: ақын, дастаншы, прозашы, ойшыл, драматург, әдебиетші, қоғам  қайраткері, үздік  қаламгер.
2.Әдеби ертегінің жай ертегіден айырмашылығына тоқталу:– ертегі дегеніміз не?– оны неге ауыз әдебиеті түріне жатқызамыз?– ертегілер қалай жазылады,–  қандай ертегілер білеміз?… Ертегілердің  бір саласы-әдеби  ертегілер.Авторы  белгілі  болса  ертегіні   әдеби   ертегі  деп  атайды.Әдеби  ертегілер көбінесе  ел  арасында ауызша  айтылып  келген  аңыздардың  негізінде  туады.  Әдеби  ертегілер  де халық  ертегілері сияқты  өлең сөз және қара сөз  түрінде айтыла  береді.Бұлар  да  еңбек  адамын қадірлеуді,  туған елін сүюді,  биік адамгершілікті,  шыншыл,  әділетті  болуды  уағыздайды.
– ал, бүгінгі тақырыпқа назар аударайықшы, «Толағай» ертегісі неліктен әдеби ертегі деп аталған, оның ертегіден қандай айырмашылығын байқадыңдар? (өлеңмен жазылған авторы бар)
3.-Дұрыс. Енді «Толағай» атты әдеби ертегінің ішкі мазмұнына, оқиғасына бойлап көрейік. Алдымен мына бір өлең жолына назар аударайықшы.\Толағай ертегісіне байланысты жасалған суретті журналды қолданамын.\-Мен  де  тудым  біреуі  боп  еркектің ,Мені  де  әжем  әлдилеген,тербеткен.Қорқыт  күйін,ерлік  жырын  жаттатып,Танытқан  сол: 4-ғажайыбын  жер-көктің.
Таңдамадым  жыраулықтан  басқаны,Жатқа  айтамын  Сар  даламның  дастанын.Ал тыңдаңдар,Толағайды,Тарғынды,Жыр  сүйетін  достарым  мен  жастарым.
– жас баланың атын қалай қойды? \Осы жерде шумақ өлеңін оқып беремін.\4.Ертегіні оқи отырып, мазмұнына тоқталамыз.
5.  Жолбарыспен кездесуінде, мақал –мәтелдер арқылы талдатамын.
\ Толағайдың анасынан ақыл сұраған жерінде анаға көңіл бөлдіру.\– Балалар, сонау ықылым заманнан қазақ халқы ананы ерекше бағалаған, ананың сөзінен көп тәлім алған. Осы жердегі Толағайдың сөздерінен де соны көруге болады.
6. – Балалар,  енді сендермен сергіту сәті ретінде мына бір қойылымға назар аударайық. Толағайдың жаңбырлы жер іздеп кеткен жерін инцинировка арқылы оқушылар көрсетеді.ТОЛАҒАЙ:–          Ел  басына ауыр күн туды. Маған еліме көмек беру керек.Қайтсем жауын жаудырамын,Ел сусынын қандырармынАдал ақыл айтар кімдер?АНАСЫ:–          Балам, Толағайжан! Мына жерде жалғыз өзің не істеп жүрсің? Тыныштық па?ТОЛАҒАЙ:–          Уа, Анашым! Жаным күйзелді. Мынау бір тамшы жауын жаумай, елім күйзелуде.Не істесем болады?АНАСЫ:–          Е, балам! Бұған сен не істей аласың? Бұл – Алла әміріТОЛАҒАЙ:–          Білсең, Апа, айтшы!Көп жауады қайда жауын?АНАСЫ:–          Толағайжан, менің білуімше,Қарлы, шыңды тау жерінде,Тарбағатай өңіріндеТауда тандырҮзілмейді жылда жаңбыр, – дейдіТОЛАҒАЙ:–          Иә, (қуанып) Анашым! Мен онда сонда барамын. Сол жаңбырды еліме алып келемін.Бұл жерде бір сәтке де кідірмеймін (жүгіре басып кетеді)
7.  – Толағай бейнесі сендерге ұнады ма?– осындай елге деген сүйіспеншілік сезім, сендердің бойларыңнан табыла ма?
8. Толағайдың таудың астында қалып өлген жеріндегіОтаны үшін өлді бала – өлді сөзін қазақ тілі мен байланыстыру.– Балалар қазақ тілінде  бұл сөзді қалай жеткізеді.-Дұрыс, дүниеден өтті, көз жұмды, бақилық болды, о дүниеге аттанды, Дүние салды, қайтыс болды,– Енді лексикадан бұларды қандай сөздер қатарына жатқызамыз?
– Толағай бейнесі мен «Керқұла атты  Кендебайдағы» Кендебай бейнесін салыстырып көрейікші.
- Енді тақтаға назарымызды аударып көрейікші.
КендебайТолағай
1 Ай сайын емес, күн сайын, 6 күнде күліп, 60 күнде 6-жастағы бала болды 2. Шыңыраудан  атанды жалғыз өзі тартып шығарады, көкжалды өлтіреді, айдаһарды, арыстанды жеңеді)
 3.Таз, кедей балаға, ата-анасын қайтарып әкелді 1.Толағай алып денелі, он баланы көтерсе қабырғасы қайыспайтын, мықты болды.
 2. Жолбарысты мысықтай көріп, ұршықтай иіреді, тауды жалғыз өзі көтереді)
 3.Толағай еліне жауын алып келіп, халқын аман алып қалды.
Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық,Алақанды созайық.Оңға қарай иіліп,Солға қарай иіліп,Бір отырып, бір тұрып,Сәл тынығып алайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс Тест сұрақтары.1.Ә.Тәжібаев қашан туылды?А) 1905ж          В) 1909ж         С) 1910ж2.Толағай неше жасында садақ тартты?А) 7                В) 9                 С) 113.Толағай әкесімен қайда шықты?А) Аңға         В) Соғысқа          С) Қонаққа4.Саржан қандай аңмен күресті?А) Қасқыр      В) Арыстан        С) Жолбарыс5.Толағай әкесін қалай құтқарды?А) Аңды атып өлтірді   В) Аңды көрге лақтырып жіберді        С) Аңды қақпанға түсірді6.Толағай жеңген аңын не деп ойлады?А) Мысық     В) Сілеусін    С) Жолбарыс7.Дастандағы жаңбырлы өңір қайда?А) Сыр бойы       В) Тарбағатай        С) Жетісу8.Жыр қалай аяқталды?А) Толағай сүрініп қайтыс болды      В) Толағай мұрат-мақсатына жетіптіС) Толағай 100 жасадыҮй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Бағалау парақшаларын тарату Парақшаларды толтырады