М?нерлеп о?у ?йірмесінен М??а?али — м??гілік ??мыр (поэзиялы? кеш)
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжіМұқағали - мәңгілік ғұмыр
(поэзия кеші)
Атырау 2016
Мақсаты: Оқырмандарды Мұқағали Мақатаев өлеңдерімен сусындау. Ғасырлар иоғысында ғасыр ақыны атанған ақынның талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сезімге толы өлеңдері арқылы дүниетанымын кеңейту. Поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Ақын мен оқырман арасын жақын байланыстыру.
Көрнекілігі: сахна, слайд, кітаптар көрмесі
Жоспары:
1. «Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім» (ақынның өмірдерегіне шолу жасау)
2. «Жазылар естеліктер мен туралы » (ақын туралы естеліктер) видео
3. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» (әр тақырыптағы өлеңдерін оқу)
4. «Аққулар ұйықтағанда» (поэмадан үзінді оқу)
5. «Есіңе мені алғайсың» (қорытынды)
Жүру барысы
бөлім: «Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім»
Жүргізуші:Армысыңдар, адамдар!
Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе, қайта адам?
Ар ма, өмір, бар әлемді бауырына алып шайқаған!
Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па, жараңдар?
Тату-тәтті бармысыңдар, армысыңдар, Адамдар!
Әлем – дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар.
Қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.
Ей, Адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!
Анамыз – Жер, сол Анадан жаратылдық, туыстық,
Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық..
Армысың сен, арамызда жалғыз перзент – Тыныштық!
Қымбатты студенттер және бүгінгі кешке қатысып отырған қонақтар, қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына орай өткізілгелі отырған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты жыр кешіне қош келдіңіздер! Ол – қазақ поэзиясына шетсіз-шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік әкелді. Ол – кәусәр сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлады. Бүгінгі кеште сіздермен бірге өмірге іңкәр, өмірді жанындай сүйіп жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайында сыр шертіп, ақын әлеміне, өлең деген құдіретті мұхитқа сапар шексек деп отырмыз.
Музыкалық номер «Сәби болғым келеді»
Жүргізуші: Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім. –
деп жырлаған ақынның өмір жолы сан қырлы. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз, ендеше ақынның өмірдерегіне назар салсақ. Таныстыруды «Оқырман қамту бөлімінің» меңгерушісі Айсұлу Сүлейменқызына берсек.
бөлім: «Жазылар естеліктер мен туралы»
Жүргізуші: Ұлы ақын – ұлы құбылыс. Ол өзі бір бөлек әлем жасайды. Содан соң сол тұрғызылған таңғажайып әлем сан ұрпақтың рухани көзайымына, бара-бара, тіпті рухани болмысының бір бөлщегіне айналады.
«Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы,
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен ер –тұрманы» -
деп айтқан екен. Ендеше Мұқағалиды кім қалай еске алады? Соған назар аударайық.
Ең алдымен жары Лашынның естелігінен: «Мұқағали қолжазбаларына өте ұқыпты болды. Жеті сайын жазғандарын қарап, тексеріп, жарыққа шыққанын бір бөлек, шықпағанын бір бөлек, айы, күніне қарай реттеп отыратын. Аса бір қиын кездерде жазғандарын жыртып, қақ айырып тастаған сәттері де болғаны маған мәлім» дейді. Тағы да естеліктерге кезек берелік. (Ә.Тәжібаев, Т.Молдағалиев және Ф.Оңғарсынова ның естеліктері)
(осыдан соң «Фаризаға» әні орындалады, фонында клипі жіберіледі)
бөлім: «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»
Жүргізуші: «Мен дағы өлең жазбаймын ермек үшін,
Ермек үшін немесе өлмек ұшін.
Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын,
Жаралы жүректерді емдеу үшін.
Ермек үшін белгілі жырламасым,
Ермек десе, ел мейлі тыңдамасын.
Өтсем болды арқалап адамдардың,
Қуанышын, шаттығын, мұң-наласын.»
-дей отырып, ендігі кезекті ақынымыздың жыр-шумақтарына береміз.
(3-4 студент ақынның өлеңін оқиды)
Музыкалық номер.
бөлім: «Аққулар ұйықтағанда» поэмадан үзінді
Жүргізуші: Аққулар...
Аңыз көп қой олар жайлы,
Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды...
Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,
Шошыса екінші рет оралмайды.
-дей отырып, Мұқағали ақынның кең көлемді шығармасы «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді тыңдайық. (1 студент үзінді оқып, фонға слайд жіберіледі)
5 бөлім: «Есіңе мені алғайсың!»
Жүргізуші: Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті – ақын десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы. Халқы аман тұрғанда ақынға өлім жоқ. «Өлең маған аққудың қанатымен келеді» дейді ақын. Расында да ақынға өлең қонған, өлең көктен түскен. Ол секілді ұлылар тарихта бір-ақ рет туылады, тарихта мәңгі қалады. Халқымен бірге жасайды, асыл мұрасы қалың елінің қимас сырласына, мұңдасына, ұрпақты тәрбиелеудің үздік өнегесіне айнала береді. (Сөйлем керек) Мұқағали мәңгі есте қалады, әркез еске алады.
«Есіңе мені алғайсың» өлеңі өз даусымен оқылады.Ән орындалады.
Қонақтарға сөз беру
Жүргізуші: Сіз бен біз секілді өлең сүйер қауым бар да, жырдағы ерекшелігімен, тұп-тұтас дара талантымен, ақындықтағы қыран қимылымен жыр дүниесінде Мұқағали ұмытылмайды, есімізде мәңгі сақталады...
Осымен өздеріңізге арналған «Мұқағали –мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды шарамыз өз мәресіне жетті. Назар салып тыңдағандарыңызға алғыс айта отырып, сіздермен қоштасамыз.
Ел ішінде Мұқағали мен Фариза туралы кейде әртүрлі әңгімелер айтылған кездер де болды. Ол – Мұқағалидың Фаризаға арнап жазған «Фариза қыз» өлеңінен кейін өрбіді.
Біреулер айтты:
- Фариза мен Мұқағали арасында махаббат болған, - деп.
Келесі біреулер айтты: - Бұл ақын қарындасының өлеңін және өр мінезін бағалаған Мұқаңның бір сәттік сезім найзағайы ғой, - деп...
Әлгі екі пікірге кейбіреу иланды, ал келесі біреу өршітіп, отқа май құйды. Шынында осының расы қайсы еді?
Көңіл дариясы ұшан-теңіз оқырманға Фариза ақынның өз аузымен айтқан шындықты Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты Айтақын Әбдіқал кітап бетіне түсірген екен.
«...Желтоқсан мен Мақатаев көшесінің қиылысындағы шағын саябақта, қазір тұрған ақын ескерткішінің орнында сонау бір заманда селден қалған 2-3 үлкен қой тас жататын. Ары-бері өткенде сол жерді көрген мен бейбақ: «Шіркін-ай! Өзінің көшесінің бойында, мына дәу тастардың орнында Мұқағали ағамның еңселі ескерткіші тұрар ме еді», - деп армандаймын ғой. Осы ойымды бір кездескенде Фариза апама айтқаным бар. Жол түскенде Фариза апамды сол жерге апарып, қиялымдағы әлгі арман-ойымды ақын әпкеме бастан-аяқ айтып бердім. Ол кезде Алматы облысының әкімі Заманбек Нұрқаділов болатын. Осы ойымды сол кісіге айтып көрсеңіз деген өті»нішімді де белдіргенмін.
- Бала! Қиялға бергісіз арманың да, пікірің де орынды. Бірақ, - деді де күлді. – Бұрын да ағаң екеуміз жайлы отқа май құйып жүрген мына қазақтар не дейді? Фариза Мұқағалиға ескерткіш қою керек деп жанын салып жүр екен демей ме? Сен ана Албандарыңа түсіндір! Солардың кейбіреуі айтып жүргендей, мен – Мұқағалиға, я болмаса, ол – маған ғашық болған емес. Менің жазығым – Мұқаңның шын ақын екенін танып, басымды игенім. Сенің ағаңның жазығы – тағдыры қызық мен секілді жалғызбасты ақын қыздың поэзиясынан үміт күтіп, бағалағаны,»- деген болатын.
Мұқағали мен Фариза туралы шындық осы. Оларды байланыстыратын тек қана поэзия, әдебиет, ақындық.