Ма?ала «?аза? тілі мен ?дебиеті саба?ында АКТ-ны пайдалану»
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында АКТ-ны пайдалану»
Сейтова Гульмира Амангелдиевна
Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясы
Орал қаласы
Қазақстан Республикасы
e-mail: seytova.gulmira @mail.ru
Аннотация
Мақалада білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану аясы туралы түсінік берілген.
Аннотация
В данной статье поясняется вопросы применения ИКТ в системе образования.
Annotation
In this article it is explained the questions of ICT in the system of education.
Қазақ халқының белгілі ақыны М.Жұмабаев: «Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебінде қаламақ. Ел тағдыры мектебінің құрылысына байланысты нәрсе... Мектебімізді сау,таза берік һәм жанымызға қабысатын негізде құра білсек, келешегіміз үшін серттесуге болады» дегені өз мәнін ешқашан жоймақ емес. Өміршең ғажап сөз емес пе?!
Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі мен іскерлік дәрежесіне байланысты.Ендеше әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің де болашағы білім мен тәрбиенің алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы да, талантты ұрпағы. Білімді, рухы мықты, жан дүниесі бай, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастырып, болашақ ел тірегін тәрбиелейтін, оқытатын ұстаз екені аян. Олай болса, жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу,шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін нығайту, заман талабына сай оқыту, білім беру, модернизация дәрежесіне жеткізу-біздің міндетіміз.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде, жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу»-делінген. [1]
Сондықтан балаға білімді игертсем, олардың сабаққа деген қызығуын қалай арттыра түсем деген мәселе қазіргі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі таңда сабақтың көптеген типі мен әр түрлі технологиялары біздерге белгілі. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті сабағында АКТ- ны қолдану өте маңызды, өйткені ол оқушылардың білім деңгейін, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Ақпараттық технологияларды қазақ тілін оқыту үдерісінде пайдалану оқушылардың жан-жақты білім алуына жол ашып, мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатына сай жақсы, жан-жақты дамыған оқушы иесі ретінде танылуларына негіз бола алады.Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде АКТ құралдары: интерактивті тақта; мультимедия; интернет кеңістігі, электронды оқулықты қолдану болып табылады. Ал оқушылар интербелсенді тақтаға назар аудара отырып, өткізіліп отырған сабақтарын ұтымды түсінуге мүмкіндік алады. АКТ — топтағы оқушылардың оқыту үшін құнды құрал. Бұл жаңа материалды өте қызықты түсіндіруге көмектеседі. Жаңа технология жәрдемімен үлкен жетістіктерге жетуге болады. [2]
АКТ арқылы арттыру үшін қандай жұмыстар жүргізгеніме тоқталайын .
Өз іс – тәжірибемде сабақ үрдісінде мынадай айғақтарға сүйенемін :
1. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
2. Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру.
3. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
4. АКТ арқылы оқушының жеке тұлғасын дамыту.
Сонымен қатар, сабақты түрлендіріп, қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану өте тиімді.
АКТ – ны қолдану арқылы сабақты түрлендіруге болады.
Сабақта АКТ – ны қолданудың келесі түрлері бар:
1) Мультимедиялық құралдармен жұмыс істеу. Бұл тәсіл сабақты түрлендіруге мүмкіндік береді: иллюстрация, аудио, бейнематериал арқылы.
2) Компьтерлік презентация қолданумен өткізілетін сабақтар.(Бұған жаңа материалды түсіндіру, қорыту, жинақтау сабағы, дәріс-сабағы, ғылыми конференция сабағы, т.б. сабақтар кіреді).
3) Жоба қорғау сабақтары (оқушылардың шығармашылық потенциалын іске асыру тәсілі).
4) Компьютерлік қадағалаумен өткізілетін сабақтар сабақтың әр түрлі кезеңінде оқушылардың білімін тексеруге мүмкіндік береді.
АКТ қолданудың бір түрі – презентациямен жұмыс істеу болып келеді. Яғни, презентация – бұл слайд түрінде берілген материал: кесте, сызба, бейнематериалдар.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:. тақырыпты оқып үйретеді;
. дұрыс сөйлеуге;
. ережелерді сызбалар арқылы түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
Интерактивтітақтаға аудио таспадағы өлеңдерді, электронды оқулықтарды компьютер арқылы енгізіп, тақырыбы бойынша сабақта қолданамын. Бұл көрнекі құралдар тақырыпты ашуға, оқушыға жеткізуге көп көмегін тигізеді. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Интерактивті тақтаны оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі тақырыпта материалдар енгізіп қоюға болады, кез-келген керек уақытта сол материалды ойланбай қолдануға болады.
Интерактивті тақтаны орыс топтарында қазақ тілі сабақтарында көру, есте сақтау диктанттары, мазмұндама, шығарма жұмыстарының жоспарын құруда, сондай-ақ сөйлемдерді талдау жұмыстарында қолдану сабақтың тиімділігін арттырады.
Ақпараттар түрлі жолмен беріледі: 5-сыныпта «Менің мектебім. Мектеп ғимараты» аясын өткенде оқушыларға сабақтың мақсатына сай оқулықтағы материалдан басқа қосымша тапсырмалар, жаттығулар беруге болады. Нақтырақ айтсам, «Мектеп кітапханасы» деген тақырыпқа өткізген сабағымда АКТ- ны флипчарт арқылы пайдаландым:
І. Сабақтың тақырыбына шығу (АКТ-ны қолдану уақыты – 3 минут). Жаңа сабақ тақырыбына шығу үшін сөзжұмбақты пайдаландым (жасырын сөздер сурет арқылы берілген);
ІІ. Жаңа сөздермен танысу кезеңі (АКТ-ны қолдану уақыты – 1 минут)
Балалар оқыған мәтіндерінен теріп жазған жаңа сөздерді салыстырып, танысты;
III. Интерактивтік тақтамен жұмыс: Тақтадағы сөздерді көптік жалғауларымен сәйкестендіріп жазды. Әр түрлі тапсырмаларды интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып тиімді орындады(АКТ-ны қолдану уақыты -5 минут);
IV. «Біздің кітапхана» суретін тамашалай отырып, алған әсерлері бойынша кітапхана тақырыбы бойынша өздерінің ой-пікірлерін айтып, сабақты қорытындылай алады.
Орыс мектептерінде жаңа сөздердің көбі баланың есінде қалмайды, оның себебі, сөзді түсінбеуде, түсінбеген сөз қабылданбайды, баланың ойында сақталмайды. Бірыңғай түсіндіру, сөз әдісін қолдану оқушы іскерлігін дамытпайтындығын тәжірибе көрсетті. Сондықтан интерактивті тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде пайдалану керек. Интерактивті тақтаны тәжірибеде кеңінен қолдана отырып, төмендегідей қорытындыға келдім: оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады; қарым-қатынас дағдыларын дамытады; оқу процесін жекешелендіреді және ерекшелендіреді; оқушылардың ойлау қабілетін дамытады; тақта аркылы сабақта әртүрлі тиімді әдістерді қолдануға мүмкіндіктер ашылады.
Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудио-хабарлар. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.Оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Тiл үйренушi электронды оқулықпен сабақ бойы үздiксiз байланыста болғандықтан тiлдi меңгеруiне үлкен мүмкiндiктерi бар. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. [3]
АКТ-ны қазақ тілі сабағына енгізгенде мынадай нәтижелерді көруге болады:
Пәнге деген қызығушылық, сабақта оқушылардың өз бетімен жұмыстануының артуы.
Оқушылардың сабақта өздерін еркін ұстауы.
Оқу үрдісіне әр оқушының белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Оқушылардың танымдық шығармашылық деңгейін арттыру.
Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйтқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын, танымдылығын дамытады.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі сабағында ақпараттық коммуникативті технологиялар оқушының жаңа ақпаратты меңгеріп, өз бетімен ізденуіне, пәнге деген қызығушылығын арттыруда, мектепте алған білімін күнделікті өмірде жасқанбай қолдануға септігін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Білім туралы заң. Алматы, 2007 ж.
2.С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж
3..Аюбаева Т. Ақпараттық технологияларды оқыту үрдісінде. Қазақстан мектебі 2008, № 11,50 б
4. М. Мақсұтқанова, Интерактивті тақта. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, 2010ж.
5. Г.Байтилеуова, «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі». Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6
5. Ғаламтор желілері