Елім деп со?ар ж?регім 8 сынып
«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Елім деп соғар жүрегім». №17 сабақ
Құндылығы: сүйіспеншілік
Қасиеттері: шынайылық,жанашырлық,сүйіспеншілік
Мұғалім: Маликова Т.М. Сынып: 8 Оқушылар саны:25
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктері жайлы түсініктерін кеңейту арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.Сабақтың міндеттері: • Оқушыларды отанға, туған жерге деген шынайылығы туралы түсінік беру
• Оқушылардың бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.
• Оқушыларды отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ресурстар (материалдар, дерек сөздер)
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтағы жағымды күйге келу.
Су асты патшалығына ойша саяхат.
(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Әдістемелік нұсқау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Елім деп соғар жүрегім!» тақырыбына шағын шығарма жазып келу. Слайд-презентация.
ІІІ. Жағымды ой пікір (дәйексөз)
«Алтын анам, Отаным! Сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ.» М. Әуезов
Сұрақтар
Осы нақыл сөздің мағнасын қалай түсіндірер едіңіздер?
Туған жерге деген сүйіспеншілік дегеніміз не?
Аяр жаным жоқ, іркер күшім жоқ -деген сөздерді қалай түсінесіздер? М.Шаханов кітабі
ІV. Оқиға айту (әңгіме)
ЖАН ДАЛА – ЖӘННАТ ДАЛА.Күләш Ахметова
Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате боларӨзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным.
Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,
Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.
Мен сенен кете алмаспын, амалсызданБір кетсем, оралармын бозторғайың боп.
Ән дала – Қазақстаным.
Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,
Түсінем өзендердің саз ағыстарын.
Қалай ақын болмайын, мен түгілі
Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.
Қырандар қанатында даңқы кеткен,
Дән дала – Қазақстаным.
Сен менің шұғылаға толған даламсың,
Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.
Бабамның көздерінің қарашығы ең,
Баламның бақытына да қорған боларсың.
Жан дала – Қазақстаным.
Керемет өріледі гүл өңірде өлең,
Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.
Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,
Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.
Кең дала – Қазақстаным.
Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,
Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.
Халқым маған сенеді әлсіз демей,
Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.
Жасай бер , Қазақстаным.
Сұрақтар:
1.Ақынның өлең жолдарын қандай мақсатта жазуды деп ойлайсыңдар?
2.Сендердің отанға,елге деген сүйіспеншіліктерің қандай?
3.Еліңе қосқан үлесің бар ма? Күләш Ахметова (25.4.1946 жыл, Қырғызстан, Талас ауданы Киров ауылы) — ақын.
V. Шығармашылық жұмыс
Топпен жұмыс
Оқушылардың таңдаған геометриялық пішіндер арқылы екі топқа бөлінеді.
Постер қорғау
1 – топ. Біз өз елінің патриотты адамның қандай қасиеттері болу керек .Балалар тамшыларға жасаған игі істерін жазады.
2 – топ. Елдің гүлденуі үшін оқушылар қандай іс – әрекеттер жасау керек.
3-топ
Елімізде болып жатқан әділетсіздікті жоямын,елімізді дамытамын. Слайд
Суреттер
Нақыл сөздер
VІ. Топпен ән айту
Атамекен
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды,
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін,
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен. Қ.Мырзалиевтің сөзіне жазылған Е.Хасанғалиетің «Атамекен» әні
VІІ.Үй тапсырмасы:
«Елім менің Қазақстан» тақырыбында өлең жолдарын шығару VІІІ.Сабақтың қорытынды сәті
Бүгінгі сабақтан «Отан » туралы құндылықтарға қанық болдыңыздар.
Осы сабақтан қандай әсер алдыңыздар? ІХ. Тыныштық сәті.
Тыныштық, тыныштық, тыныштық,
тыныштық бар жерде,
Тыныштық, тыныштық, тыныштық,
тыныштық әлемде!