Квадрат т?бірлері бар ?рнектерді т?рлендіру Ашы? саба?
Қысқа мерзімді жоспар
ПӘНІ
Алгебра КЛАСЫ 8 «А»
ТАҚЫРЫБЫ
Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру
МАҚСАТЫ
Өрнектерді түрлендірудің ерекшеліктерін, мағыналық түрлерін есептерде қолдану, ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылу, топта талқылай алу, мәселенің шешімін бірлесе табу, сұрақ қоя білу, бағалау арқылы өз білім деңгейін саралау, АКТ ақпаратын тиімді қолдану.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендірудің ерекшеліктерін анықтай алады; өз ойларын талдай және сараптай алады; ойлау логикасы дамиды; сұрақ қоя білу дағдылары дамиды;сыни тұрғыда ойлауға үйренеді;қалай, нені оқу керектігін үйренеді; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдануды, ақпаратты өңдеуді үйренеді.
КЕЗЕҢДЕРІ МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ ДИФФРЕНЦИАЦИЯ БАҒАЛАУ РЕСУРСТАР
Ұйымдастыру кезеңі
(2 минут)
Топқа бөлу, көңіл күйлерін көрсету.
Үй тапсырмасына қаншалықты дайындалып келгендерін өздері бағалайды. Оқушылар үй тапсырмасына өздерінің қай деңгейде дайындалып келгендігіне орай тақтаға «5,4,3,2» бағаларының тұстарына стикерге атын жазып жапсырып, өзін-өзі бағалайды. Үш шапалақ.
Тақтадағы бағалау парағы, стикердегі оқушылар аты.
Қызығушылықты ояту
(3 минут)
Сабақ басында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін психологиялық тренинг-жаттығу өткізіледі. («Бір, екі, үш») Оқушылар 1 дегенде қолдарын екі рет шапалақтайды, 2 дегенде аяқтарын екі рет ұрады, 3 дегенде «ха-ха-ха «дейді. Мағынаны
тану
(15 минут)
(20 минут)
Үй тапсырмасы сұралады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
Үш топтың әрқайсысына квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендірудің әдістері бөлініп беріледі.
1-топ – көбейткішті түбірдің алдына шығару,
2-топ – көбейткішті түбірдің ішіне енгізу,
3-топ – бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату.
Сабақ «ЖИКСО» әдісі арқылы өткізіледі:
Топтарда төраға, баяндамашы, бағалаушы және уақыт қадағалаушы,
талдаушы анықталады.
Әрқайсысы өз міндеттерін бөліседі.
Үш топтың төрағалары 1 топқа, баяндамашылары 1 топқа, бағалаушы 1 топқа, талдаушылар 1 топқа жиналады. Баяндамашылар хабарламаларын ортаға салады, талқылайды, пікірлеседі. Әр топта рөлдік тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар өз міндеттерін атқарады, өзгенің іс-әрекеттерін бақылайды, бағалайды, талдау жазып отырады.
Төраға жұмысқа жетекшілік етеді, баяндамашы хабарлама дайындап жазады, бағалаушы топ мүшелерінің деңгейін бағалайды, талдаушы кімнің қандай жұмыс атқарғанын есепке алып отырады.
Баяндамашылар үш топқа кезек ауысып, хабарламаларын түсіндіреді.Төраға, бағалаушы, талдаушы өз топтарында басқа топтан келген баяндамашы хабарламасын тыңдайды. Баяндамашы есептерді түсіндіреді.
Төрағалар тобы, баяндамашылар тобы, бағалаушылар тобы, талдаушылар тобы өз жұмыстарын қорытындылайды, өзгенің жұмысын бағалап пікірлерін айтады.
Баяндамашылар хабарламаларын ортаға салады, талқылайды, пікірлеседі. Топтардағы дарынды оқушылар анықталып, олар топтары үшін басқа оқушыларға көмек көсетеді.
Дарынды оқушыларды басқаларына үлгі етіп көрсету, басқаларын еліктіру.
Жекелеген оқушыларға көмек көрсету. Маршрут картасы көмегімен өзін-өзі реттеп, бағалайды.
Дұрыс шығарылған есепті бағдаршам түстері арқылы бағалау
Әр топтың бағалаушыларының бағасы, оқушының өзінің бағасы, мұғалімнің бағасы толықтырылып жиынтық баға қойылады.
Интерактивті тақтадағы тапсырмалар.
Әр оқушының маршрут картасы болады.
Рефлексия
(5 минут)
«Синквейн» әдісі арқылы бес жолды өлең жазып, тақырыпты түйіндейді. Оқушылар жақсы жазылған, мағыналы өлеңді таңдайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды. Сабақты қорытындылау
Үй тапсырмасын беру: №89,93 есептерін шығару