Саба?ты? та?ырыбы: «Негізгі тригонометриялы? тепе-те?діктерді ?олданып ?рнектерді ы?шамдау»


Сабақтың тақырыбы: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолданып өрнектерді ықшамдау.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқып үйренген тригонометриялық функциялардың қасиеттері мен формулаларын қарапайым тригонометриялық өрнектерді түрлендіріп теңбе-теңдіктерді дәлелдей білу бейімділіктерін қалыптастыру және теңбе-теңдіктерді есептер шығаруда қолдану.
2) Дамытушылық: Есептеу дағдыларын , ойлау қабілеттерін, шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
3) Тәрбиелік : Пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, өзінің білім деңгейін бағалай білуге, ұқыптылыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаттықтыру . Теорияны практикамен ұштастыру сабағы.
Әдісі: Ізденушілік, практикалық және өзіндік жұмыс
Көрнекі құрал: Слайдтар, формулалар
Пән аралық байланыс: геометрия, әдебиет, математика
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, олардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Ой қозғау. Өткен тақырыптар бойынша материалдардан еске түсіру.
Сабақтың бастамасын Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің мынадай жолдарымен бастаймын:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өлеңнің қалған жолдарын табу үшін сабағымыздың келесі бөлімінде өткен сабақтар бойынша сұрақтар қойылады.
1-слайд. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді айтып бер. ІІІ топ
оқушыларына беріледі.
1) соs 2 +Sin 2 =1;
2) tg=; 3) ctg=;
4) tg ctg=1;
5) 1+ tg2
6) 1+ ctg2 ;

Оқушылар тригонометриялық тепе-теңдіктерді жазғаннан кейін келесі слайдтан 5 дұшпанның біріншісі – өсек екенін білеміз.
4-слайд. «Кім шапшаң?»
5 дұшпанның екіншісін білу үшін келесі «Кім шапшаң?» слайды жіберіледі.
tg 3600=0 ; cos 450=22 ; sin 900=1 ; ctg 00= ; sin 300=12 ; ctg 900=0; tg 450=1 ; cos 600=12 ; cos 1800=-1 ; sin 600= 32 ;
Оқушылар слайдтағы тапсырманы орындап екіншісі «өтірік» екенін біледі.
Үшіншісін білу үшін келесі тапсырмаларды орындайды.
6-слайд. «Тригонометриялық функциялардың әр ширектердегі таңбалары қандай?»
6-слайдтың тапсырмаларын орындап бес дұшпанның үшіншісі «мақтаншақ» екенін білеміз.
Сабағымыздың келесі бөлімі «Мағынаны ашу» деп аталады.
8-слайдтың тапсырмалары ІІ топ оқушыларына беріледі. Өрнектің мәнін табыңдар:
Cos π + ctg π2=-1 ; 2) 2 sin π3 – tg π3 =2*32-3 =0; 3) 2 cos π3 – 5 sin π2=2*12-5*1=1-5=-4 ; 4) 3 tg π4 + sin π=3*1+0=3 ;
8-слайдтың тапсырмаларын орындап бес дұшпанның төртіншісі «еріншек» екенін білеміз.
10-слайд. Оқулықпен жұмыс ІІІ топ
10-слайдтың тапсырмаларын орындап бес дұшпанның бесіншісі «бекер мал шашпақ» екенін білеміз.
12-слайд. Өрнектің мәнін табу: cos4α + sin2α*cos2α ; мұндағы tgα=2. Ж: 0,2.
12-слайдтың тапсырмаларын орындап бес асыл істің біріншісі «талап» екенін білеміз.
14-слайд. Тепе-теңдіктерді дәлелдеңдер:

ІІІ топқа

ІІ топқа
І топқа
14-слайдтың тапсырмаларын орындап бес асыл істің екіншісі «еңбек» екенін білеміз.
17-слайд. Шағын тест жауабы: 1b; 2c; 3b; 4a; 5d.
17-слайдтың тапсырмаларын орындап бес асыл істің үшіншісі «терең ой» екенін білеміз.
20-слайд.
20-слайдтың тапсырмаларын орындап бес асыл істің төртіншісі «қанағат» , бесіншісі «рақым» екенін білеміз.
22-слайд. Еске түсіру. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қайталау.
Сабақты Абай Құнанбаев атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен аяқтаймыз.
Үйге тапсырма беру № 428, 429 есептер
Оқушыларды сабаққа қатысқанына қарай бағалау.

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі
Ашық сабақтың тақырыбы:
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді
қолданып өрнектерді ықшамдау.
(7.02.2015 жылы 9 «а» сыныбында өткізілген)
1165225444500
Өткізген: математика пәнінің мұғалімі :
Ерғалы Гүлжамал Бектурғанқызы
Ақшұқыр ауылы 2015 жыл