Логопедиялы? саба?та ?лтты? ойындарын ?олдану. та?ырыбында?ы баяндама
Логопедиялық сабақта ұлттық ойындарын қолдану.
Қазақ халық ойындарының педагогикалық мүмкіншіліктері өте зор.Олардың халық шығармашылығы,салт-дәстүрі,мәдениетімен тығыз байланыста болуынан білімділік,тәрбиешілік, дамытушылық мүмкіндіктері зор.
1)Баланың жанжақты дамуында ойынның рөлі.
Ойын-балалардың күнделікті тиімді іс-әрекеті.Ол балалар үшін әлеммен қарым-қатынас кезінде туындайтын шексіз қажеттілік пен қызығушылығынан туындайтын іс-әрекеттің бір түрі.Ойын кезінде баланың ойлауы мен елестеу қабілетінің ерекшеліктері,оның белсенділігі,эмоционалдығы,қарым қатынасқа түсудің қажеттілігі ашық көрінеді.Ойын арқылы бала үлкендер әлеміне еніп,әлеуметтік негізді қамти отырып, рухтық бағалықты қамтиды.Баланың эстетикалық,физикалық,саналық дамуында ойын үлкен орын алады.Ойынның дамытушы маңыздылығын баланың жанжақты дамуында бағаламау мүмкін емес.Ойын бала жасында органикалық негізді құрайды.Егер де ересектер дұрыс басшылық етсе,ол кереметтіктер тудырады.Ойын баланың іс-әрекет формасы ретінде оның психикалық процестерінің және тұлғалық белгілерінің сәйкестілік дамуына мүмкіндік тудырады.Ойын баладан ынталығын,көпшілдігін,басқа балалармен қатынаста болуын талап етеді.Сондықтан әртүрлі ауытқуы бар балалармен түзету жұмысын ұйымдастыруда ойын әрекетінің маңызы зор.Бұзылған және сақталған анализаторлардың жаттығуына ойын әрекеті ізгі құрал болып есептеледі.
Ойын сөйлеу тілі дамуы мен сөздік қатынастың құралы және белсендірудің қайнар көзі деп айтуға болады.Адамның интеллектуалды және эмоционалды дамуы сөйлеу тілін қамтумен тығыз байланысты.Сондықтан бала жасында тілдің дамуы ерекше орын алады.Бала ойнай ма,еңбек ете ме-осының барлығы қоршаған ортамен қарым-қатынас болып санала отырып,сонымен қатар тілдің дамуының бір негізі ретінде көрінеді.Ойын үстінде сабаққа қарағанда бала күрделі мәселелерді шеше біледі.Ойын баланың ойлау белсендігін арттыра түседі.Ойында бала өз еркімен ойын міндеттерін шешіп және оларды өз сөзімен айта білуге үйренеді.
Әдістемелік дұрыс жоспарланған, оның мазмұнына және ұйымдастыруына қойылатын талаптарына сай келетін халық ойын мүмкіндіктері шектеулі балалармен жүргізілетін түзетушілік жұмыс процесінде сөйлеу тілін түзету және дамыту құрал ретінде алатын орны зор болуы тиіс.Қазақ халық ойындары немесе оның үзіндісі,дәстүрлі қазақ халық ойын процесіне логопедиялық сабақтың нақты мақсат,міндеттеріне сай әдістемелік дұрыс іріктелген арнайы тәсілдер енгізу,мүмкіндіктері шектеулі балалардың сөйлеу тілінің коммуникативті функцияларын қалыптастыру және түзетушілік міндеттерді шешу мақсатымен ойынның мазмұнын қарастыру және толықтыруды көздейді.Балаларға бір ойын негізінде әр түрлі жақтан амал ету,логопедиялық жұмыста әр түрлі арнайы тәсілдер,материалдар қолдануға,ойынның мазмұны,міндеттері,балалардың сөйлеу тіліне қойылатын талаптарды өзгертуге мүмкіндік туады.Логопед сөйлеу тілінің даму деңгейіне сүйене отырып,ойынды өйымдастырады,сұрақтар,күрделігі әр түрлі тапсырмалар тұжырымдайды.Оларды балалардың сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай жеңілдетіп немесе күрделендіріп отырады.Осыған байланысты балалардан да жауап талап етеді.Қазақ халық ойындары балалардың сөздік қорын молайтуға және белсендіруге,сөздерді дұрыс және еркін қолдануға,сұрақтарға толық жауап беруге,байланыстырып сөйлеуінің дамуына толық мүмкіндік береді.Ойын барысында барлық әрекеттерін сөзбен білдіру,сөйлеу әрекетін белсендіруге қажетті жағдай жасау,дыбыс айтуының,лексикалық-грамматикалық құрылымның бұзылыстарын түзету,моторлы функцияларын жетілдіру;перцепция дағдыларын қалыптастыру;есту,көру,сипап сезу қабылдауларын,психикалық процестерін,көріп есте сақтауын дамыту жүзеге асады.
Қазақ халық ойындарын сабақтың мақсат,міндеттеріне байланысты логопедиялық жұмыстың әр кезеңінде қолдануға болады: дайындық,дыбысты машықтандыру,ажырату,коммуникативті дағдыларын қалыптастыру.Ойын типологиясы,бір ойынды логопедиялық жұмысының кезеңін сақтай отырып,әр түрлі мақсатпен,әр түрлі жастағы,сөйлеу тілінің даму деңгейі әртүрлі балалармен,әртүрлі жағдайда өткізуге кең мүмкіншілік береді.
Логопедиялық тәжірибеде қазақ халық ойындарын үйрету алгоритмі.
Кез келген әрекет кезеңменен қалыптасатыны белгілі. Балаларды халық ойындарына үйрету төмендегідей кезектілікпен жүреді.
1)Логопед ойынды атайды.Балалар оның артынан қайталайды,содан кейін өзбетінше ойынның атын атайды.
2)Балалардың жасына сай,әрекетке ниеттейтін түсінікті және оңай түрде түсіндіру.
3) Халық ойындарының мазмұнын балаларға түсінікті және оңай түрде түсіндіру.Әрекеттерді,қимыл қозғалыстарды жаттықтыру.Қалыптастырып жатқан қимылдарды вербальдау.Әр тапсырманың мақсатын,жұмыстың мазмұнын түсіндіру.
4) Лексикалық жұмыс ойынның міндетті элементі болып табылады.Ойын кезінде кездесетін жаңа сөздерді балаларға түсіндіріп,қайталатып айтқызу керек.
5) Түзету жұмысы логопедиялық сабақтың мақсатына сай жүргізіледі:қимылдарын жетілдіру,дыбыстарды дұрыс айтқызу.
6) Әр баланың әрекетін міндетті түрде сөзбен бағалай отырып,ойынды аяқтау.Қоғамдық мотивтерін енгізу.
7)Логопедпен және балалармен қалыптастырылған функцияларды бағалау;әрі қарай жалғастыратын әрекетін анықтау үшін ойынға қатысушының әр қайсысының әрекетін бағалау қажет,меңгерген білімдері,дағдылары,іскерліктері бағаланады.
Біз жұмыстың өз ара байланысты үш кезеңін шартты белгіледік.
1.Дайындық кезең-логопедиялық сабақтың мақсаты мен міндеттеріне байланысты қазақ халық ойындарын,ойын материалын іріктеу,олардың түзетушілік бағытын анықтау,балалардың жеке,психикалық сөйлеу ерекшеліктерін ескере отырып,ойын материалын адаптациялау,дидактикалық-көрнекі материалдарды дайындау,балаларды ұйымдастыру,коррекциялық тапсырмаларды орындауға дайындау.
2.Негізгі кезең-балалардың коррекциялық ойынға үйретуінде қолданатын әдістер мен тәсілдерді анықтау. Коррекциялық ойын кезінде балалардың сөзсіз функциялары және сөйлеу тілінің компоненттерін қалыптастыру және түзету.
3.Қорытынды кезең-ойынға қатысушылардың әр қайсысының әрекетіне сөзбен баға беру.
Сонымен,мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық процесс сөйлеу тіліндегі ауытқуды жоюына кешенді әдіс-амал табуын талап етеді.Балалардың сөзсіз және сөйлеу тілінің процестерін қалыптастыруда логопедиялық сабақтар ойын түрінде өткізілуі тиіс,балаларда тұрақты коммуникативті дағдыларын қалыптастыру мақсатымен көдеу керек.
Үйретушілік,түзетушілік,тәрбиешілік міндеттерді шеше отырып халық ойындарын ебімен қолдану балалардың шаршағандығын азайтады,балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.Басқаша айтқанда,ойын сабақта шығармашылық атморфераның болуына,жағымды жағдай тудыруға мүмкіндік береді.Бұл түзетушілік міндеттерді іске асыруға ықпал етеді.