Ма?ала Ш?кірт же?ісі — ?стаз жемісі
Шәкірт жеңісі – ұстаз жемісі
Егеменді Қазақстан үшін білім мен ғылымның дамыған заманында сауатты ұрпақ тәрбиелеу маңызы өте зор. Сондықтан бала тәрбиесінде тек ата-ананың емес, ұстаздың да алар орны ерекше. Мемлекет өскелең ұрпақтың озық, жаңа заманға сай білім алуын қамтамасыз етуде үлкен мүмкіндіктер қарастыруда. Осы орайда атап өтсем, Назарбаев Зияткерлік мектептері, «Болашақ» бағдарламасы, түрлі танымдық, білімдік іс-шаралар, қала, облыс аралық жарыстар, т.б. Яғни басшылықтың білім жүйесі мен бағыт-бағдарын арттыруда, табысы мен жетістіктері үшін түрлі реформалар мен өзгерістері, мұғалімдердің тәжірибесін толықтыру мақсатында жүргізілетін арнайы мамандар тарапынан курстар, қашықтықтан оқыту, онлайн сабақтар, т.б. бұлардың барлығы келешек ұрпақтың қамы үшін қарастырылып жатқан әдістер.
Білім беруді дамытуда еліміздің мемлекеттік бағдарламасында “Қазақстандағы білім беру реформасының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік- экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады” – делінген. Қазіргі кезде қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Олай дейтін себебіміз, қазір 1-сынып оқушыларына үш тілді қатар оқыту әдісі. Бұл әдісті кейбірі «дұрыс, кішкентайынан үйренсе, қабылдауы тез болады» деп қолдаса, кейбірі «өз тілін әрең үйреніп, 42 әріпті жаттап жүргенде, қалайша...» деп өз қарсылығын білдіруде, түрлі қарама-қайшы пікірлер орын алды. Дегенмен барлық нәрсенің де жақсы-жаман тұстары бар. Қазақстанның 30 ел қатарына қосылудағы, яғни алға жылжуда ұйымдастырылған жоспарлардың бірі және бұл жүйеге бірден болмаса да, уақыт өте тұрақты өтетініне күмәніміз жоқ. Алайда мұндай оқушыға «нені үйрету керек, не үйрену керек» сияқты белгілі бір нақты бағдарламалар мен стандарттарды жоғарыдағы оқу министрлігі орнатса да, «қалай оқыту керек?» «қайсысы тиімді әдістер?» деген сияқты сұрақтардың жауабы мұғалімге байланысты. Яғни ұстаздың оқыту әдісі, балаға үйрету шеберлігі, кәсіби даярлығы, оқушыға түсіндіре алу қасиеті. Қандай да жүйе, әдіс белгіленген стандарт болса да, оны түсінікті түрде жеткізу, ұқтыру тікелей ұстазға жауапты. ХХ ғасырда белгілі ағартушымыз Жүсіпбек Аймауытов: «Қазіргі қазақ мектебіне керегі –тек білім беруші мұғалім ғана емес, … баланы өмір сүруге үйретуші ұстаз!» деп сол кездің өзінде «қазіргі қазақ мектебіне» деп айтып кеткен сөзі әлі де мағынасын жоғалтпаған.
XXI ғасыр ғылым мен білімнің дамыған ғасыры деп жоғарыда айтып өткенімдей, бүгінгі ұстаз шәкіртіне негізделген мәліметтермен шектеп қана қоймай, оны бүкіл дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, өмірдің түрлі жағдайында өмір сүріп, еңбек етуге дайындау. Бұл жолда нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалімнің өзінің жан-жақты білімдарлығымен, тұтас дүниетанымының болуымен, ой-өрісінің кеңдігі, т.б. қасиеттері алдыңғы қатарда болу керек. Өз пәнінің шеңберінде немесе өз саласының шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттар мен белестерге қол жеткізе алмайтыны анық. Білім және тәрбие жолы ұзақ та күрделі жол. Бұл асу жолда бәсекеге қабілетті кемелденген, сауатты ұрпақ тәрбиелеп шығару, ұстаздар, яғни біздің қолымызда!
Жаңабаева Ләззат.№19 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі