Ма?ала Бар жа?сылы? ?стаздан


Бірманова Қ.И.
мектеп директоры,
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Рудный қаласы әкімдігінің
«№7 орта мектебі» КММ


Барлық жақсылық мұғалімнен
Менің мамандығым болашақ білім мен ғылымға тәуелді болатын қоғамда негізгі орны бар мамандық. Білім таза өмірге жол сілтейтін жарық сәуле, нұрлы шырақ. Ал өмір сан тарау қилы жолдардан тұратын орта. Осы қилы сан тарау соқпақтардан адаспай ақ жолын тауып, мақсатына жету әрбір ақыл иесінің арманы, ұлы мұраты. Алайда ол үшін сананың тазалығы, ақылдың даналығы қажет. Сананың таза болып, ақылдың дара да сара болуы адамның білімділігіне байланысты.Ал адамның білімді болуы, оны білімге ғылымға деген ізденісінің нәтижесінде туындайтын болса,сол нәтижеге жол сілтеу бүгінгі ұстаздың міндеті. Негізінде өрен жастың өсу жолындағы ең құдіретті күш-оқу,білім теру,іздену,ғылымды зерттеу. Бұған негіз болушы әрине,ұстаз. Кешегі қазақтан шыққан ұлылардың бәрі ұстаздың тәлімін көрген. Халқы үшін мыңмен жалғыз алысқан халқына қымбат мұра қалдырған қазақтың шоқтығы биік, дарабоз ақыны, ұлы тұлға Абай атамыздың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген өсиетінен ұстаздың қаншалықты парасатты, сабырлы, шыдамды, білімді болу керек екенін аңғарамыз. Міне, осы парасаттылықпен, білімділікті талап ететін ұстаздың жолын таңдадым. Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Сондықтан қоғам талабына сай,қоғамды көркейтетін , дамытатын яғни біздер,ұстаздар. Ал біздің негізгі мақсатымыз сапалы білім беріп, алға мақсат қоя біліп, өмірлік ұстанымды таңдау болып табылады.
Ұстаз маманы оқушының жеке қасиеттері мен кейбір тумыстан берілетін ерекшеліктерін, өз бойындағы қандай қасиет қабілет бар екендігін білу қажет, өйткені «өзін - өзі танымаған, өзгені тануға да шорқақ болады» деген. Сол өмірдің ерекше белесінен менде өттім. Мен өмірге үлкен мұратпен қарайтын тіл маманымын. Дәл осы мамандықты тандау себебім: ана тіліме деген махаббат. Менің ойымша, тіл ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырамас бөлігі. Ұлттық тәлім-тәрбиені іске асыратын ұлттық тіл екені даусыз.. Олай деу себебім алдымен тілді балаға негізін қалап, дамытатын, ана тіліне деген сүйіспеншілігін бойына сіңіртетін ұстаз. Ол арқылы жас ұрпақты тіл өнеріне баулу, туған тілінің қыры мен сырын терең меңгерту, ойын жетік те көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білуге негіз салатын да ұстаз. Мен педагог ретінде ғазиз тәрбие берудің алтын өзегі асыл сөз деп білемін. Санаңды сәулендіреді,өркениет өріне жетелейді.
Жақсының бәрі ұстаздан екені даусыз, өйткені ол білімді, іскер қайраткер, мәдениетті шығармашыл өз ұлтының тілін, мәдениетін тере біле отыра жаһандану үрдісінде әлеуметтене алатын тұлға қалыптастырады.Ұстаз алдынан әлемді таңдандырған ғалым да, от тілді, орақ ауызды ақын да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де өткен. Ұстаз, ең алдымен, адамгершілігі зор, кішіпейіл, мейірбан, шыдамды,сабырлы,өзінің адами қасиеттерімен үлгі - өнеге болатын тұлға деп білемін. Осы жоғарыда айтылған асыл ұғым, яғни ана тіл, мектеп, ұстаз менің мамандығымның басты бөлшегі, қайнар көзі.
Кемеңгер бабам-Ыбырай атамыз аңсаған арманы керуен шеңберінде шығармашылық жұмыс жасайтын мұғалімдер өз еңбегін көрсетуде. Келешек ұрпақ жүгін сеніммен , ұстаздық рухпен ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың дәстүрімен қазіргі даму үрдісіндегі жетістіктермен жеткізуге жұмыс жасаудамын.Барлығы да өнегелі сөз мәйегі, жақсылықтың негізі, игіліктің көзі. Бойға қуат, ойға шабыт береді. Тәжірибесі бай, түйгені мол, қосар кеңесі көп жандардан үлгі алып, сол рухани білім баспалдағын жалғастырып келеміз. Іскер педагог қана оқушының зердесіне құяды. Тәжірибе негізі-ғылым, даналық негізі-білім деп қазақ халқы біліммен ғана бәріне қол жеткізетіндігін мақалмен сөзін өрнектеп әрлеген.Бүгініңнен ертеңім биік деп алдына үлкен мақсат қоя білген. Заманалар өзгереді. Заманалармен бірге нормалар да жаңарады. Адамзат қауымы ұрпақтан-ұрпаққа ауысқан сайын ақыл-ой деңгейі биіктей береді,талғамы да өзгере өседі.
Жас буынды дербестікке, өз бетімен ойлауға баулу-өмір құбылысына өзінше баға бере білуге баулу.Өткен замандардың ойшылдары пайымдаулары біздің бойымызда мақтаныш сезімін тудырады. Сол сезім өз бетіңмен білім алуда өршілдік танытуды талап етеді. Әр қадам сайын өзі үшін үнемі жаңалық ашады. Қазақ атамыздың: Алдында үйренері бардың, Артында үйретері бар деген қағиданы ұстанамын. Жақсының бәрі ұстаздан.
Қоғамымыздағы түбегейлі өзгерістер әрқайсымыздың белсенділігімізді арттырып, ой-өріс, санадағы өрлеуге жаңа жол ашып отыр.
Ұстаздық кəсіби шеберлігімнің негізі, біріншіден, педагог ретіндегі өмірге көзқарасым, идеялық нанымым. Екіншіден, пəнді жетік білуім, ойымды оқушыларыма жеткізу үшін жан жақты дайындығым, оқушылар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруім, моральдық нормаларды үйретуім. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру.
Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан- жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Қазіргі заман мұғалімі — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеймін.   
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек.
XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты – заманға сай жаңашыл,рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады.
Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда оқу шәкірттерімнің биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.  ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.  Мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді.Жақсыны тану- ізгілік іске ұмтылу-бұл саналы адамзаттың бойындағы ұлы қасиет емес пе?
   Ұстаз өмір бойы ізденуден жалықпаған ,жаңадан жаңа жасаушы.
Басты алтын ереже: біліміңіз, қызығушылығыңыз, ниетіңіз, үлгіретіндігігіңіз. Түрлі тапсырма беру. Бұл менеджмент заңы. Заманауи оқыту әдістемелерінің нәтижелері. Осы бағдарламадан түйгенім: оқушыға қалай оқу керектігін үйретіп, сандық технологияда құзырлық таныту.
Әр оқушы қабілетті, соны дарындылыққа ұштастыру керек. Мектепте осы тәжірибе кең таралып сабақ берудегі әдістемедегі басты ұстаным болып отыр. Оқыту мен тәрбие бүгінгі өмірмен ғана астасып қана жатқан жоқ, тарихтың тұңғиығымен астасып жатыр. Сол себептен де өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға тура келеді. Бүгінде жаңа бетбұрыс жасау кезеңі деп білемін
Ұстаз оқушы бойындағы ұшан-теңіз мүмкіндіктер қабілеттіліктерін одан әрі шыңдап жетілдіру. Бүгінгі білім кеңістігінде ауадай қажет жаңару әрбір оқытушының оқушының ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.
Әр оқушы ізденіспен жұмыс жасап әдебиет көздерін өзі іздейді, ұстаздар сияқты пайымдайды. Яғни мақсат жүзеге асты деген осы. Логикалық терең ойлау, жаңа құрылыммен ұсыну тек сабақ барысында емес сабақтан тысқары өзін дамытуда оқушы ізденіп жүреді , қоғамдық жұмыста болмасын алға тартылып, ортаға ой салатын оқушы көбейді .
  Мен үшін жетістік:«Өз оқушыларымның өмірдегі,бәсекедегі жеңістері, үлкен додаларда табысқа кенелуі, бақыт кілтінің ашылуы». Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Ұстаздың баар жақсы қасиетті өн бойына жинаған, үздік ойдың майталманы, жан-жақты биік тұғырдан көрінуі. Яғни сол биіктен көрінсе, ұстаздың еңбектегі жемісінің жанғаны. Жалпының қамын ойлайтын, ізгіліктің қолдаушысы неғұрлым көп болуы тиіс. Сонда ғана түйген тәжірибесі мол ұстаз еңбегінің құрышты болғаны.Саналы ғұмырларын оқу-ағарту ісіне арнаған ұлтымыздың кемеңгерлерінің жолын қусын деп ұстаз қауымына педагог-шеберлігін ұштастыруға талант берді. Сол білім жүгін асқар биікке алып шығу. Білім берген еңбегіңнің жемісіне риза болған шәкірттің қуанышы әр кез ұстазға қуат беріп , шабытты оятады.
Ізгіліктің інжуіндей бағалы,білімді көптің игілігіне жаратушы, ой-өрісі кең, ойы ұшқыр, шешендік өнерді жақсы меңгерген, көш озық тұратын тағылымы мол тұлға шықса, онда бар жақсылық ұстаздан бастау алған.