Планирование Ион алмасу реакциялары


Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Тезекбаева Айзат 9 сынып 08.10.2015
Сабақтың тақырыбы Ион алмасу реакциялары
Мақсаты
  Ион алмасу реакциялары және олардың жүру жағдайлары туралы түсінік беру. Ион алмасу реакцияларының жүру жағдайларын білу дағдысы мен білімін жетілдіру, талдау, жүйелеу дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды сабақтың мазмұны бойынша алғырттыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа және өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Ион алмасу реакциялары және олардың жүру шарттарын, молекулалық, толық, қысқартылған иондық теңдеулерді жазып үйренеді.
Негізгі дерек көздері 9 - сынып оқулығы, https://kk.wikipedia.orgҚолданылатын әдіс тәсілдері «Ойлан, жұптас, талқыла», жұптық жұмыс, шығармашылық жұмыс, ой қозғау, рефлексия (алма ағашы)
 Көрнекілігі Слайд, стикер, үлестірме қағаздар
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті
І. Ұйымдастыру
(2 мин) Оқушылармен амандасу, түгендеу. Мұғаліммен амандасып, жұптасады
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
(10 мин) «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісіне оқушыларды тұрғызады. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісіне оқушылар жұптасып тұрып берілген сұрақтарға бірге жауап іздейді.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру
(15 мин) Жұптық жұмысқа есептер таратады. Оқушылар жұптасып берілген есептерді шығарады.
ІV. Сергіту сәті
(3 мин)
Оқушыларға сергіту сәтін өткізу
V. Тапсырмалар (жұптық жұмыс)
(5 мин) Оқушыларды төрт топқа бөліп, әр қайсысына өзгеше шығармашылық жұмыстар беріледі.Тест құрайды
Ребус құрайды
Шатасқан реакциялар
Жалғасын тап
VI. Рефлексия
(5 мин)
Үйге тапсырма
(2 мин) «Алма ағашы»
§9 (4-7 тапсырмалар)
 Бағалау
(3 мин)
  Смайликпен, бармақпен, жұлдызбен бағалау