Поурочный план казахскому языку на тему ?аза? шешендік ?неріні? ушінші кезе?і (11 сынып)
Сабақтың тақырыбы:Қазақ шешендік өнерінің үшінші кезеңіСабақ мақсаты:
Тәрбиелілігі: тақырып мәтіні арқылы шешендікке, әділдікке тәрбиелеу.
Білімділігі: ХҮІІІ ғасырдағы қазақтың шешендік өнеріне тоқталу, «Жеті жарғыға» түсінік беру.
Дамытушылығы: ойлау қабілетерін арттырып, сөздік қорларын дамыту.
Сабақ түрі:жаңа сабақСабақ әдісі:СТО стратегияларыКөрнекілігі:слайд, жеті жарғы, үш бидің суретіСабақтың барысы:
Сәлеметсіңдер ме, құрметті оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Мен Жұмабаева С.С. Тассуат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Бүгінгі біздің сабағымыз Қазақ шешендік өнерінің үшінші кезеңі. Ендеше дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазып қояық.
Сабағымызды бастамас бұрын үш топқа бөлініп отырайық.
І. Қызығушылықты ояту сатысы.
Топтастыру стратегиясы.
1. Қазақ шешендік өнері неше кезеңге бөлінеді?
2. Бірінші кезеңге кімдерді жатқызамыз?
3. Екінші кезең өкілдерін ата?
ІІ. Мағынаны тани білу сатысы. ББҮ стратегиясы.
Қазақ шешендік өнерінің Үшінші кезеңі туралы не білсіңдер? Ортаға салу.
Бірінші бағанды толтыру.
БілемінБілгім келедіҮйрендімХҮІІІ ғасырды қамтитынын
ХҮІІІ ғасырда жақсы өркендеді
Үшінші кезең өкілдері Тәуке ханның «Жеті жарғысы » мен Үш би
Тәуке ханның қазақ руларын жинап, үш ұлыста топтап, олардың басына үш би қойғанын тарих пәнінен білеміз.
«Жеті жарғыны» Тәуке ханның «Ханабад» ордасында қабылданғанын білеміз.
Екінші бағанды толтыру. Осы білімдеріңді қалай толықтырғыларың келеді? Не білгілерің келеді келесі бағанға жазыңдар.
БілемінБілгім келедіҮйрендімХҮІІІ ғасырды қамтитынын
ХҮІІІ ғасырда жақсы өркендеді
Үшінші кезең өкілдері Тәуке ханның «Жеті жарғысы » мен Үш би
Тәуке ханның қазақ руларын жинап, үш ұлыста топтап, олардың басына үш би қойғанын тарих пәнінен білеміз.
«Жеті жарғыны» Тәуке ханның «Ханабад» ордасында қабылданғанын білеміз.
<p
www.jospar.kzБарлық пәннен күнделікті сабақ жоспарларорта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар</p Шешендік өнердің өркендеуіне не себеп болды?
Үшінші кезеңнің тағы қандай өкілдері бар?
Жеті жарғы дегеніміз не?
Мәтінді бір оқушыға оқытамын. Слайд көрсетемін.
Үшінші бағанды толтыру.
БілемінБілгім келедіҮйрендімХҮІІІ ғасырды қамтитынынХҮІІІ ғасырда жақсы өркендедіҮшінші кезең өкілдері Тәуке ханның «Жеті жарғысы » мен Үш би
Тәуке ханның қазақ руларын жинап, үш ұлыста топтап, олардың басына үш би қойғанын тарих пәнінен білеміз.
«Жеті жарғыны» Тәуке ханның «Ханабад» ордасында қабылданғанын білеміз. Шешендік өнердің өркендеуіне не себеп болды?
Үшінші кезеңнің тағы қандай өкілдері бар?
Жеті жарғы дегеніміз не?
1. Шешендік өнердің өркендеуіне үш түрлі себеп бар екен.
1. Тәуке ханның қазақ руларын жинап, үш ұлыста топтап, олардың басына үш би қоюы2. Жоңғар, ойрат хандықтарының тынымсыз шабуылы, сол кезде қол бастайтын көсемдердің, сөз бастайтын шешендердің қызметі күшті болды.
3. Қазақ шаруаларының патша үкіметіне қарсы көтерілістер дәуірі.
2.Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек сынды батырлар.
3. Жеті санат атты билер кеңесі болғанын
4. Жеті жарғы Заңдар кодексі.
«Ақсақалдар ережесі», «Билер шешімі», «Жөн-жосықтар» және де Шыіғыс ханның «Жаса» заңынан, «Өасымханның қасқа жолы» «Есімханың ескі жолы» секілді жол-жоралғылардан туындаған.
Әділдік, шешім деген мағынасы білдіреді.
«Жеті жарғы» дегеніміз не? дегенге жауап беру үшін 15-жаттығуға назар салайық.
15 –жаттығу. Мәтінге сүйеніп «Жеті жарғы» сөзіне түсінік беру.
Мәтінді оқушылардың біріне оқытамын.
Сұрақ қою арқылы басқаларынан сұрап шығамын:
- Жеті жарғы дегеніміз не?
- Заңдар кодексі- Бұл заң кодексі ненің әсерінен туындаған?
- «Ақсақалдар ережесі», «Билер шешімі», «Жөн-жосықтар» және де Шыңғыс ханның «Жаса» заңынан, «Қасымханның қасқа жолы» «Есімханың ескі жолы» секілді жол-жоралғылардан туындаған.
- Жарғы сөзінің мағынасы?
- Әділдік, шешім деген мағынасы білдіреді.
- Ендеше осы жауабымызбен үшінші бағанымызды толықтырайық.
Талдау.
Біз 11 сынып оқушылары болғандықтан ҰБТ-ға дайындалудамыз Ендеше міндетті түрде талдау жасай кеткеніміз дұрыс.
1. «Жеті жарғы» сөзіне фонетикалық талдау.
Жеті – жіңішке буынды сөзЕ,і – дауысты, екеуі де жіңішке, екеу де езулік, е- ашық дауысты, і-қысаң дауысты.
Ж, т,- дауыссыз дыбыстарЖ-ұяң, т-қатаңЖе-ті екі буынды, екеуі де ашықТасмалданады
Жарғы – жуан буынды сөз.
А, ы – жуан дауысты дыбыстар, екеуі де езулік, а-ашық, ы-қысаң.
Ж, р,ғ – дауыссыз дыбыстарЖ,ғ – ұяң, р-үнді.
Жар-ғы – екі буынды 1-буын бітеу, 2-ші буын ашық.
2.Әділдік, шешім сөздеріне морфологиялық талдау жасау.
Әділдік – туынды дара зат есімТүбірі әділ зат есімДік – зат есім тудырушы жұрнақӘділдік — не? Деген сұраққа жауап бередіАтау септікте тұр.
Жалпы есімДерексізЖансыз
Шешім – туынды зат есімТүбірі шеш – етістікІм-зат есім тудырушы жұрнақШешім – дара зат есімНе? деген сұраққа жауап бередіАтау септікте тұр.
ДерексізЖансыз
3.Дауды әділ, тура шешкен билерді халық «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтаған. Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.
Дауды әділ, тура шешкен билерді халық «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтаған.- хабарлы сөйлемЖай сөйлемБаяндауыш – не істеген? мадақтағанБастауыш – кім мадақтаған? халықТолықтауыш – кімдерді мадақтаған? билердіАнықтауыш - қандай билерді? әділ, тура шешкен Толықтауыш – нені әділ, тура шешкен? Дауды
Пысықтауыш — Қалай мадақтаған? «Қара қылды қақ жарған» деп
Жайылма, толымды, жақты сөйлем
ІІІ. Ой толғаныс сатысы. «Автор орындығы»
16 – жаттығу. Өлең жолдарын пайдаланып, қазақ биінің тұлғасын толық баяндаңыздар. Қазақ шешендік өнерінің дамуында билердің рөлін өз түсінігіңізбен жеткізіңіздер.
Кім автор орындығына шығады?
Қалғандарымыз бір сұрақ және бір пікір айтуымыз керек. Соған дайындалып отырыңыздар.
ІҮ. Үйге тапсырма:
18-жаттығу. Төбе билер – Төле, Қазыбек, Әйтекенің ғұмырнамалық деректерін пайдаланып баяндама жасаңдар.
1 топ- Төле би
2 топ – Қазыбек би
3 топ – Әйтеке би