Ерте кезе?дегі дислалия та?ырыбында?ы баяндама.
Дислалия.
Дислалия (dis-бұзылу,lalia-сөз)-бұл сөйлеу тілінің бұзылуының едәуір тарағандарының бірі.Осы бұзылыстың ең негізгісі-сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы.Дислалия деген терминді Еуропада ең бірінші болып Вильнюс университетінің профессоры,дәрігер И.Франк енгізген деп саналады.
20 ғасырда әр түрлі авторлар дыбыс айтудың бұзылыстарын әр түрлі атаған.Ф.Ф.Рау Дислалия-сөйлеу тіліндегі дыбыстың айтылуының дербес бұзылуы.Ол дыбысты алмастыру,дыбысты айтпай,тастап кету,бұрмалап айтумен белгіленеді.Грамматикалық құрылыс және сөздік қоры мөлшерде.
О.В.Правдина.Дислалия-мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі жиі кездесетін дыбыстардың айтылуының бұзылуы.
Л.С.Волкова.Дислалия-есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы.Дислалия жиі кездесетін ауытқу.Зерттеулер бойынша,мектеп жасына дейінгі балаларда 25-30 пайызында 5-6ж,мектеп жасындағы 1-2 сынып балалардың 17-20пайызы,ал жоғарғы сынып оқушыларында 1пайыз дыбыс айтуының бұзылуы кездеседі.
Себебіне байланысты дислалия функционалды және табиғи деп бөлінеді.
Табиғи дислалия -кезінде артикуляциялық аппарат құрылымының ауытқушылығымен байланысты дыбысты дұрыс емес айтудың әр түрлі көріністері байқалады.
Функционалды дислалияның табиғи негізі болмайды. Еліктеушілікпен дамыған дыбыстардың дұрыс айтылмауы. Себебі сөйлеу өзінің бастапқы даму кезінде еліктеу негізінде айтарлықтай дәрежеде қалыптасады,сонымен қатар оның бұзылу себебінің бірі ретінде баланы қоршаған адамдарда дыбысты айту кемшілігі бар болуы мүмкін.
Сөйлемнің фонетикалық жағын меңгеру дәрежесі фонетикалық есту қабілетінің дәрежесімен тікелей байланысты.Фонетикалық естудің жеткіліксіз даму нәтижесі ретінде айыру қиыншылығы,акустика нышандары бойынша жақын тіл дыбыстарын ажырату болып табылады.
Дислалияның келесі түрлерін ажыратады.
Акустика-фонематикалық дислалия; дыбысты айту ауытқушылығы,оның акустикалық сипаты бойынша дыбысты өңдеу операцияларының таңдаулы қалыптаспаушылығымен байланысты.Бұзылу негізінде фонематикалық естудің жеткіліксіз қалыптасуы.Ауытқушылық физиологиялық естуі сақталған баладағы кейбір дыбыстарды есту арқылы ажырату қызметі таңдаулы түрде қалыптаспайды,бұл акустикалық жағын дыбыстармен ауыстыруды білдіреді.Бұзылу сөзді қабылдау механизімінің сенсорлы бөлімінде шектеледі.
Артикуляторлы-фонематикадық дислалия сөзді өндіруші моторлы бөлімнің артикуляторлы қасиеті бойынша фонемді таңдау операцияларының қалыптаспаушылығымен байланысты ауытқушылықты қосады.Екі түрлі болуы мүмкін;
1) артикуляторды негіздің толықтай қалыптаспауы кезінде,нәтижесінде фонемді таңдауда керекті дыбыстың орнына әлі қалыптаспаған,артикуляциясы жағынан едәуір оңай,артикуляциялық нышандар бойынша жақындар таңдалады.
2) артикуляторлы негіз қалыптаспаған және баламен дыбысты шығару үшін керек барлық артикуляторлы ұстаным игеріледі.Бірақ дыбысты таңдау кезінде дұрыс шещім қабылданбайды.Кейбір жағдайларды дыбыс дұрыс айтылады,басқаларында дұрыс айтылмайды.Яғни,дыбыс алмастырылып айтылады.
Артикуляциясы ұқсас дыбыстар алмастырылып ,шатастырылып айтылады.(ц-ч,р-л,т-к,д-г,с-ш,з-ж)Дислалияның осы түрінде баланың фонематикалық есту қабілеті толық қалыптасқан болады.Сондықтан бұл ақаулықтар түзету барысында жойылады.Мысалы Р-Л алмастыру 5жастағы баланың арасында 42пайыз кездеседі.
Мұндай мағлұматтар А.Н.Гвоздевтің,В.И.Бельтюковтың,О.В.Правдинаның жұмыстарынан кездестіруге болады.Бірақ дыбыс айтудың бұзылуы барлық балаларда түзетілмейді.Жалпы білім беретін мектепте 1сынып оқушыларының ішінде фонематикалық жетіспеушілігі бар балалар саны 15%. Бастауыш мектепті аяқтаған кезде ондай балалар бірең-сараң болады.Дыбысты бұзып айту моторлы бұзылыстарға байланысты емес.Ол фонемаларды артикуляторлық белгілеріне байланысты іріктейтін операцияларына байланысты.
Артикуляторлы фонетикалық дислалия-артикуляторлы позициялары дұрыс қалыптаспауының салдарынан болған бұзылыстар.Дыбыстар бұзылып айтылады.Дыбыстарды тастап кетуі мүмкін.
Дислалияда тек қана дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады.Дыбыстардың бұзылуының 4 түрі кездеседі.
1)дыбысты мүлдем айтпауы
2)дыбысты алмастырып айтуы
3)дыбысты бұзып айтуы
4)дыбысты шатастырып айтуы.
Дыбысты мүлдем айтпауы және бұзып айтуы-бұзылыстың антропофониялық түрі,ал дыбысты бұзып айтуы мен шатастырып айтуы бұзылыстың фонологиялық түрі деп ажыратылады.
Бұзылған дыбыстың санына байланысты дислалия жай және күрделі болып бөлінеді.
Дыбыстардың бұзылыстарын атау үшін халықаралық терминдер қолданады.Олар грек алфавитінің әріптерінен құралған.
Олар;
1) Сигматизм-ызың,ысқырық дыбыстарының айтылуының бұзылуы(с,з,ц,ш,щ,ч,ж)22пайыз
2)Ротоцизм-Р дыбысының айтылуының бұзылуы.26пайыз
3)Ламбдацизм-Л дыбысының айтылуының бұзылуы 10пайыз.
4)Каппацизм-к,г,х-1пайыз.
5)Йотоцизм-1.5пайыз.
6)Ұяң дауыссыз дыбыстарының ақаулығы.(б-п,д-т,в-ф,з-с)
7)Жіңішке дауыссыз дыбыстардың ақаулықтары.Сөйлеу тіліндегі жіңішке дауыссыздардың өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастырылады.
Қорытынды;Сонымен дыбыс айтудың бұзылуы сөйлеу тілінің бұзылуының ерекше түрі.Бұл бұзылыс функционалды және органикалық болады.Өздерінің сыңарплары жоқ ш,ж,ц дыбыстары мен қатаң сыңарлары жоқ ч,щ,й дыбыстарында мұндай ақаулықтар кездеспейді.
Дислалияны түзетудегі логопедиялық жұмыстың кезеңдері.
Дыбыс айтуының бұзылуын түзетуге бағытталған логопедиялық жұмыс белгілі кезектілікпен,кезеңмен жүргізіледі.Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты келесі кезеңдерге бөлуге тиімді.
Дайындық кезеңі-баланы түзету жұмысына ынталандыру,артикуляцияны дұрыс қалыптастыру,саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету,зейінін,тыңдау,есте сақтау,ойлау қабілетін дамыту,дыбысты қабылдау,ажырату процестерін дамыту,қолдың ұсақ бұлшық еттерін жаттықтыру,сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуды қалыптастыру.
Көптеген жағдайда балалар дыбысты қою кезінде өз артикуляциялық мүшелерін қажетті қалпына келтіре алмайды.Мысалы балаға Р дыбысы қойылып жатыр.Ал бала тіл ұшына дірілдету тұрмақ,оны жоғары көтере алмайды.Сондықтан дайындық жұмысын жүргізу керек.Бұл жұмыстың негізгі мақсаты артикуляциялық жаттығулар арқылы ерін мен тілдің қимылын жеткілікті дамыту болып табылады.Бұндай дайындықты моторлы функционалды және механикалық дислалия,әсіресе дизартрия кезінде пайдаланған жөн.
Біз әр түрлі дыбыстарды жеке және сөйлеу кезінде дұрыс айтуын артикуляциялық аппаратың мүшелерінің жақсы дифференциалды жұмысының және қозғалуының нәтижесінде іске асыра аламыз.Бұл қимылдардың күші,нақтылығы және дифференциалды болуы балада сөйлеу әрекетінің кезінде біртіндеп дамиды.
Артикуляциялық аппараттың мүшелерінің қимыл қозғалысын өндіруге артикуляциялық жаттығулар көмектеседі.
Артикуляциялық гимнастикаға арналған жаттығуларды қалай болса солай алуғу болмайды.Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін,тіл қимылдарын,қалпын дағдыландыруға бағытталады.
Дыбысты қою кезеңі –мақсатыфонемаларды дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыруы болып табылады.Балаға өзінің артикуляторлы мүшелеріне дыбыстың қалыпты артикуляциясын орнықтыруын үйретеді.
Егер баланың тілінде дыбыс мүлдем жоқ болса,басқа дыбыстарға алмастырылып айтылса дыбыс жаңадан қойылады.Ал,егер бұзылған артикуляция қалыптыға жақын болса,артикуляцияның жеке элементтерін анықтау арқылы түзету жұмысы жүргізіледі.Мысалы С дыбысы тісаралық айтылған кезде,балаға тілін төменгі тістер артына қойып,тілді шығармай айтуын үйретеді.
Дыбысты қою үшін 3 тәсіл қолданады; еліктеу, механикалық (зондтар,шпатель) аралас.
Бірінші тәсіл еліктеуге негізделген.Бала естуді,көруді,тактильді-тербелісті,бұлшық ет сезімін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын қабылдайды,саналы түрде сөйлеу мүшелерінің қажетті қимылын,қажетті дыбыстарды қайталауға талаптанады.Еліктеу арқылы дыбысты қою аланың артикуляциялық мүшелерінің қимылы жеткілікті және құрылысы қалыпты дамыған жағдайда ғана мүмкін болады.
Тиісті дыбыстарды айтуға еліктеу арқылы қол жетпеген жағдайда әуелі оның жеке элементтерін қалыптастыруға күш салу керек.Мысалы Р фонемасының айтылуын түзеткенде,тілдің дұрыс формасы мен позициясы игерілетін жаттығулар жасап,содан кейін ғана оның тербелісін қалыптастыру қажет.
Екінші тәсіл құралдардың немесе саусақтың көмегімен сөйлеу мүшелеріне механикалық ықпал жасауды көздейді.Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция пайдаланады,соның негізде сөйлеу мүшелері механикалық жолмен,баяу түрде қажетті қалпына қозғалысына келтіріледі.Осы тәсілді қолдану кезінде бала қз бетімен ізденбейді,оның артикуляциялық мүшелері логопедтің әрекетіне тәуелді болады. Үшінші тәсіл- аралас тәсіл алғашқы екі тәсілдің қоса қолдануына негізделген.Артикуляцияның дұрыс қалпына еліктеу және ауызша түсіндіру бұл тәсілде жетекші болып табылады.Механикалық ықпал толықтыру көмек ретінде қолданылатын болады.
Аталған тәсілдердің бәріндеде дыбыстардың артикуляциялық тектестігін ескеру қажет және мүкіс дыбысты түзеткенде оның тектестерінің дұрыс айтылуына сүйену керек.Мысалы үнді дауыссыздарға еліктеу арқылы түзеткенде сәйкес ұяң дауыссызға сүйенген жөн.
Түзету жұмысының барысында бұзылған дыбысты қою кезектілігі олардың артикуляциясына байланысты.Көптеген авторлар келесі кезектілікті сақтаған жөн дейді.
1)ысқырық дыбыстар(с,з,ц.)
2)ызың дыбыстар(ш,ж,ч.)
3)сонорлы дыбыстар(р,л.)
4)тіл арты дыбыстар(к,г,х.)
Дыбыс айтуды машықтандыру кезеңі.
Бала жеке дыбысты дұрыс айтуын үйренген соң міндетті түрде дыбысты түзетудің келесі-дыбысты машықтандыру кезеңіне ауысу қажет.Дыбысты жеке машықтандыру жұмысына ұзақ тоқталуға қажеті жоқ.Бірақ бала дыбысты дұрыс,тұрақты айтып үйренгенше жұмыстың басқа түріне көшуге болмайды.
Қойылған дыбысты ауызекі сөйлегенде дұрыс айтуға машықтандыру осы кезеңнің негізгі мақсаты болып табылады.Қойылған дыбысты бекіту жұмысы керекті жүйелікпен және кезектілікпен жүргізіледі.Бұл кезең дайындық және дыбысты қою кезеңінен бастап дыбыс айтудың ауытқуының себебі қандай болмасын жұмыс бірдей кезектілікпен жүргізілуімен ерекшелінеді.
-қойылған дыбысты буында машықтандыру.
-сөзде машықтандыру.
-сөз тіркестерінде,сөйлемдерде машықтандыру.
-байланыстырып сөйлеуде дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру.
-дыбысты күнделікті сөйлеу тілінде машықтандыру.
Дыбыс айтудың антропофониялық бұзылыстарында түзету жұмысы машықтандыру кезеңімен аяқталады.Егерде фонологиялық бұзылыстары болса,ажырату кезеңін өткізу қажет.
Шатастыратын дыбыстарды ажырату кезеңі.
Бұл кезеңнің негізгі мақсаты;қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажыратуын үйрету,дыбыстық-буындық талдау жинақтау дағдыларын қалыптастыру.Бұл дағдылар арнайы жаттығулар арқылы қалыптасады.
Шатастыратын дыбыстарды ажырату дайындық және дыбысты қою кезеңінен басталады.Дайындық кезеңде сөйлеу тілінде алмастыратын дыбыстарды есту арқылы ажыратуды үйретеді.Дыбыстарды қою кезеңде баланың назары ерін мен тілдің әртүрлі қалпына және шатастыратын дыбыстарды айту кезінде шығатын ауа ағымының әр түрлі сипатына аударылады.
Шатастырып айтылатын дыбыстарды бала кез келген дыбыс тіркестерінде дұрыс айтатын жағдайда,яғни дыбыстар толық машықтандырылған кезде ғана дыбыстарды ажырату кезеңіне ауысуға болады.
Бұл кезеңдегі логопедиялық жұмыс,дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңдегідей жүргізіледі.
-дыбысты әр түрлі буындарда ажырату(са-ша,ас-аш)
-дыбысты сөзде ажырату(сана-шана,аласа-алаша)
-сөз тіркестерінде,сөйлемде(Шона ыстық сорпа ішті)
-байланыстырып сөйлеуде дыбыстарды ажырату.
-дыбыстарды күнделікті сөйлеу тілінде ажырату.
Айтылуы бұзылған дыбыстарды түзетуде логопедиялық жұмыстың осындай кезектілігін сақтаған дұрыс.Тіл кемшіліктерін түзетуде арналған логопедтік жұмыс тиімділігінің қажетті шарты—оның сенімді жабдықталуы.