Открытый урок на тему Ерте темір д?уіріндегі са? кезе?іні? м?дениеті (?аза?стан ??ірлері)
«Бақытты сәт» ойыны
Бахатова Нұргүл Қамиқызы
«Семенов орта мектебі» ММ тарих пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі сақ кезеңінің мәдениеті (Қазақстан өңірлері)
Мақсаты:
Ерте темір дәуіріндегі сақ кезеңінің мәдениеті (Қазақстан өңірлері) тарауында өтілген тақырыптарды еске түсіріп, білімді қорытындылау және материалдың меңгеру дәрежесін тексеру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Танымдық, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету, картамен жұмыс жасауға, өз бетінше ізденулеріне бағыт беру.
Елін сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу және сабақ барысында еңбек тәрбиесіне тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жүйелеу, қорытындылау сабағы
Сабақтың түрі: Ізденіс, ойын сабағы
Сабақ формасы: Жеке, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: карта, тест, үлестірмелі карточкалар,кескін карта, ту, жетон, интерактивті тақта, электронды оқулық т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good morning!
Отырыңдар - Садитесь - Sit down
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Бүгінгі қорытынды сабағымыз «Ерте темір дәуіріндегі сақ кезеңінің мәдениеті (Қазақстан өңірлері)» тарауына арналған. Сабақ сайыс түрінде өтеді. Сабақ бойы тарихтан 5 тарау бойынша алған білімдеріңізді қолдана отырып, қойылған сұрақтарға және тапсырмаларды орындайсыздар.Сайыс сабақ болғандықтан сабағымыз «Бақытты сәт» ойыны түрінде өтеді.Сайыста екі топ қатысады: «Парадарайа» /Сақ атымыз жария, көңіліміз дария./ және «Тиграхауда» /Шошақ төбелі қазақпыз/.Әр тапсырманы немесе сұраққа жауаптарыңыз дайын болса, алдарыңызда тұрған туды көтересіздер. Атақты батыр, хандарымыздың өзіндік бір белгісі туы болған, айта кетсек Абылай ханның ақ туы және Амангелді батырдың қызыл туы деген тарихи ақиқат бар. Сол себепті біздің батыр, хандарымыз батыл, өжет, шыншыл, бүкіл қазақ халқының бостандығы үшін күрескен азаматтар.
Бүгінгі сабақта батыл, өжет, білгендеріңізді ұялмай, тапсырмаларды толық аяқтауға сіздерді шақырамын. Дұрыс жауап берген оқушыға 1 жетон беріледі. Ойын барысында топ – женімпазы анықталып, оқушыларға жауаптары үшін баға қойылады.
Сол себепті бүгінгі сабағымыз ашық деп жариялансын.
Сайыс 6-геймнен тұрады:
1 гейм «Бой сергіту» - сұрақтарға жауап беру.
2 гейм «Алтын сандық» - жұмбақтың жауабын шешу, оны қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айту.
3 гейм «Жұмбақтас» - тапсырмаларды орындау.
Электронды оқулықпен жұмыс /15,16,17,18/
4 гейм «Көсемдікке ұмтылу» - 2 топқа.
1 тапсырма –контур картамен жұмыс.
2 тапсырма – тестке жауап беру.
5 гейм «Рөлдік қойылым»
6 гейм «Кім жылдам» - 2-топқа: 1-топ Қазақстан оқулығын. 2-топ Электронды оқулық макетін құрастыру.
Оқулықтар бірнеше бөліктерге бөлінеді. Бөліктерде тапсырмалар немесе сұрақтар берілген, соған оқушылар жауап береді.
Тарих ғылымдардың бұл төресі,
Оза алмайды жарыста тар өкпесі.
Қайғырмаңыз қалсаңыздар ұтылып,
Жеңерсіздер кездесуде келесі.
Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
Озып шықсын кім білімді, кім күшті – деп сайысымызды бастаймыз.
1 Гейм «Бой сергіту.
Шығыс Қазақстанның табиғат жағдайы. /жаз қысқа әрі ыстық және қыс ұзақ та қатал, аумақтың үлкен бөлігін орман мен таулар алып жатыр/
Шығыс Қазақстан аумағының Алтай жағын мекендеген тұрғындары. /аримаспылар/.
Шілікті ескерткіштерін алғаш рет кім зерттеген. /С. Черников 1960 жылдары/
Шығыс Қазақстандағы алып патша қорғандар кездесетін аудан. /Зайсан ауданы/
Берел кезеңінің уақыты. /б.з.б. 5-4 ғасыр/
Берел мәдениетінің бір ерекшелігі. /жайпақ түпті қыш ыдыстардың таралуы болып табылады/
«Аң стилінің» пайда болған мерзімі. /б.з.б. 8 ғасыр/
«Аң стилі» дәстүрімен сақтардың танысқан жорығы. /Алдыңғы Азия мен Иранға/
«Алтын киімді адам» табылған қорған. /Есік қорғаны/
Орталық Қазақстандағы ерте темір дәуірі ескерткіштерінің атауы.
/ «мұртты қорғандар»/
Тасмола мәдениетінің ерекшелігі. /адам мен жылқыны қатар жерлеген/
Тасмола мәдениетін қалдырған тайпа. /исседондар/
«Ақ жалды жүйрік аттың иелері» деп аталатын тайпа. /аргиппейлер/
Солтүстік Қазақстан тұрғындарының көшпелі өмір салтына ауыса бастаған кезеңі. /б.з.б. 1 мыңжылдық/
Жайық пен Ертіс өзендері арасында сақ үлгісіндегі мәдениеттің қалыптасуына әсер еткен мәдениет. /Тасмола мәдениеті/
Жұтқа қарсы күресудің әдістері. /дала тұрғындары көктайғақ кезде мұзды бұзу үшін оның үстімен жылқы табындарын айдайды, қар мен жаңбыр жауған кезде малды басқа жаққа айдап әкетіп, жайылымды күреп, тазалайды немесе малды орманға апарып, қоршауға қамап қояды/
Осы геймде кездескен анықтамаларды үш тілде айтайық-
Ғасыр –век - Century
жыл – год - Year
мыңжылдық – тысячелетие - Millenium
2 Гейм «Алтын сандық» - жұмбақтардың шешімін тауып үш тілде жауап беру. Тіл – тіршіліктің тірегі. Елбасымыздың жолдауына да сәйкес, 12 жылдық білім берудің негізгі басты міндеті, яғни қазіргі болашақ ұрпақ үш тілде бірге меңгеруін ұсынған болатын.Қазақ зиялыларының бірі былай деген екен «Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» деген парасатты пайымдауы қазір ақиқатқа айналды.Сол себепті жұмбақтардың шешімін үш тілде айтуға тырысайық.
Шешесі – су да,
Әкесі – суық.
Көктемде өлер,
Күз күні туып. /Мұз - Лёд - Ice /
Көбелек секілді келгенде,
Кеткенде әбжылан сияқты. /Қар – Снег - Snow /
Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. /Су – Вода -Water /
Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді.
Бусанып жон-алап,
Терледі, керілді. /Жаңбыр –Дождь -Rain/
Өткір жүзді келеді,
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледі,
Ұсақтап та тұрар ол. /Пышақ –Нож -Knife/
Жапырақ жоқ бұтасында,
Қос емен өсіп тұр бір басында. /Бұғы – олень-Deer/
Иір-Иір денесі,
Сахараның кемесі,
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады. /Түйе –Верблюд -Camel/
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. /Қоян –заяц-Rabbit /
Төрт түліктің рэкеті,
Түзде жүрер көк сері. /Қасқыр – Волк -Wolf /
3 Гейм «Жұмбақтас» - тапсырмаларды орындау.
Электронды оқулықпен жұмыс /15,16,17,18/
Жетісу өңірі:
Ерте темір дәуірі заманында Жетісу өңірін алдымен мекендеген тайпа /сақтар/.
Жетісу жерінде өмір сүрген сақтардың мәдениеті қандай кезеңдерден тұрады
/2 кезең:
Ерте сақ кезеңі біздің заманнан бұрынғы 8-6 ғасырды, яғни 200 – жылдай уақыт аралығын қамтиды
Соңғы сақ кезеңі б.э.д. 5-3 ғасырлар, 200 жылға созылады/.
Оңтүстік Қазақстан:
1.Тарихи мәдени өңір ретінде Оңтүстік Қазақстан аймағына қай жерлер кіреді ?
/Шу, Талас, Арыс, Сыр өңірлері, Аралдың шығыс жағы /
2.Қазіргі әкімшілік бөлінісі бойынша бұл аймақты қандай облыстар алып жатыр? /Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары/
3. Б.э.д. 7 – б.э.д. 5 ғасырлар аралығында Оңтүстік Қазақстанда қандай мәдениеттер өмір сүрді? /Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар/
Орталық Қазақстан:
1.Орталық Қазақстан жер аумағы мөлшерімен қандай өңірлерді қамтиды?
/Қарағанды, Ақмола, жартылай Павлодар облыстарын, Торғай өңірлерін қамтиды/
2.Сарыарқаның ерте темір дәуір ескерткіштері қандай мәдениетпен белгілі?
/Тасмола мәдениеті/
3.Тасмола мәдениетінің кезеңдері /б. э. дейінгі 7-6 ғ.
б. э. дейінгі 5-3 ғ.
б.э. дейінгі 3-1 ғ./
Шығыс Қазақстан:
1.Шығыс Қазақстан ерте темір дәуірі қандай кезеңдерден тұрады:
1. Майемер кезеңі б.з.б. 7-6 ғ.
2. Берел кезеңі б.з.б. 5-4 ғ.
3. Құлажорға кезеңі б.з.б. 3-1ғ.
4 Гейм «Көсемдікке ұмтылу»
1 тапсырма : кескін картамен жұмыс – работа с контурной картой – Work with a planimetric map
1 –топ кескін картада Шығыс Қазақстанның шекарасын сызып көрсету.
Сары түспен - желтый - The yellow
Берел обасы туралы қысқаша әңгіме айту.
2-топ кескін картада Оңтүстік Қазақстанның шекарасын сызып көрсету.
Қызыл түспен – красный - Red
Есік обасы туралы қысқаша әңгіме айту.
2 тапсырма – тестпен жұмыс - Работа с тестами - Work with tests
Тест:
1 нұсқа
«Шілікті алтын адамы» табылған оба
А. Бесшатыр
В. Есік
С. Берел
Д. Бәйгетөбе
2. Есік қорғаны қай ғасырға жатады
А. б.з.б. 7 ғасырға
В. б.з.б. 2 ғасыр
С. б.з.б. 3 ғасыр
Д. б.з.б. 5-4 ғасырларға
3. Сақ өнері стилінің атауы
А. құс стилі
В. «аң стилі»
С. соғды стилі
Д. жануарлар стилі
4. Шошақ бөрікті сақтар
А. хаумаварга
В. парадарайа
С. тиграхауда
Д. абыздар
5. Теңіздің арғы жағындағы сақтар
А. абыздар
В. хаумаварга
С. тиграхауда
Д. парадарайа
6. Тіл білімі мамандары «аргиппей» сөзін қай тілде «ақ жалды жүйрік аттардың иелері» деп аударды
А. ағылшын
В. неміс
С. латын
Д. қытай
7. Тасмола мәдениетінің ерекшелігі
А. көп адамдар жерленген
В. қыш ыдыстар қойылмаған
С. алтын әшекейлер кездеспейді
Д. адам мен жылқыны қатар жерлеген
8. Берел кезеңінің уақыты
А. б.з.б. 2-1 ғасыр
В. б.з.б. 5-4 ғасыр
С. б.з.б. 8 ғасыр
Д. б.з.б. 3 ғасыр
9. «Шіліктінің алтын адамын» зерттеген
А. Ә. Төлеубаев
В. К. Ақышев
С. М. Қозыбаев
Д. З. Самашев
10. Шығыс Қазақстандағы алып патша қорғандар кездесетін аудан
А. Іле ауданы
В. Зайсан ауданы
С. Алакөл ауданы
Д. Екібастұз ауданы
5 Гейм «Рөлдік қойылым» -Ролевая игра - Role game
Парсы патшасы I Дарийдің шапқыншылығы
Рөлдерде:
I Дарий.
Шырақ
Автор
Ранасбат.
Автор. Бұл оқиға сақтармен соғыста қырғынға ұшыраған әскерімен бірге өзі де қаза тапқан парсы патшасы Кирдің масқара жеңілісінен соң он бір жылдан кейін болған еді.І Дарий сақ тайпаларын өзіне бағындыру үшін
үнемі жаулап алу соғыстарын жүргізген. Б.з.б. 518 жылы парсы патшасы
І Дарий қалың қолды бастап, сақтарға аттанады.Сақтардың табанды
қарсылық көрсетуі нәтижесінде І Дарий жеңіледі.
Ертедегі грек тарихшысы Полиэн сақтың жылқышы жігіті Шырақтың ел тәуелсіздігі жолында өзін құрбандыққа шалған ерлігі жайында жазып кеткен.
Шырақ күншілік жерден І Дарийдің алдынан шығады. Үсті-басы өрім-өрім, тұла бойында сау-тамтық жер жоқ, қызыл ала қанға бөккен, көзі кіртиіп, жақ жүні үрпиіп, ерні кезерген, елсіз құла түзде сүрініп-қабынып, тәлтіректеп әрең келе жатқан адамды көргенде парсылардың қайран қап, танданбасқа шарасы жоқ еді.Дереу Шырақты І Дарийге жеткізеді.
І Дарий. Мұндай күйге ұшырауыңның себебі не, кімді іздеп, кімнен қашып келесің?
Шырақ. Дат, тақсыр.
І Дарий. Датың болса айт.
Шырақ. Тұтқыннан қашып шықтым. Осы араға өліп-талып зорға жеттім.Сақтарда кеткен кегім бар, кегімді алуға көмектесуіңізді өтінемін.
І Дарий. Қалай көмектесесің, оған сенімім жоқ.
Шырақ. Өліп кетсем бұл жолдан аямаймын. Тұтқында болып сақтардың жылқысын бағып жүргенде бұл өңірдің ой-шұңқырын түгел біліп алғанмын.
Автор. Шырақтың сөзіне сенген І Дарий оның соңына еріп жорыққа аттанады. Уәдеге жеті күн өтті, сегізінші күні азық бітіп, су таусылды. Аттар мен адамдар әлсірей бастады.
І Дарий. Не мақсатпен алдап сен бізді ұшқан құсы, жүгірген аңы жоқ шөл далаға әкеп қырғынға ұшыратпақсың?
Шырақ. Жеңіс! Жеңіске жетті деген осы. Енді қайда барсаңдар да табатыңдарың ажал.
Автор. Әскер қолбасшысы Ранасбат Шырақтың басын өз қолымен шауып түсірді.Елінің тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тіккен есіл ер осылайша азаттық жолында құрбан болды.
6 гейм «Кім жылдам»
2-топқа: 1-топ Қазақстан оқулығын.
2-топ Электронды оқулық макетін құрастыру.
Оқулықтар бірнеше бөліктерге бөлінеді. Бөліктерде тапсырмалар немесе сұрақтар берілген, соған оқушылар жауап береді.
1-топ Қазақстан оқулығы
Қалып қойған сөзді мәтіндегі орнына жазыңдар:
Тасмола мәдениеті алғаш рет ......................облысының Екібастұз ауданының жерінен табылды.Бұл мәдениеттің өзіндік ерекшелігі .....................қорғандар болып табылады.
Жұт деген сөздің мағынасын түсіндір.
Қазіргі қай облыстар Солтүстік Қазақстанға жатады?
Бесшатыр қорымы. /сипаттау/
2-топ Электронды оқулық
Қалып қойған сөзді мәтіндегі орнына жазыңдар:
Ерте темір дәуірінде Солтүстік Қазақстанда ......................өндірісі жоғары дамыды.
«Алтын киімді адам» сипаттау.
Солтүстік Қазақстандағы мал бағу ерекшеліктері:
Сарыарқа деген ұғым.
Рефлексия.
-Бүгінгі сабақ сіздерге несімен ұнады?
-Күнделікті сабақтан айырмашылығы бар ма?
-Қандай әсер алдыңдар?
Сабақты қорытындылау:
Бүгінгі сабағымызда ойын, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар арқылы Ерте темір дәуіріндегі сақ кезеңінің мәдениеті (Қазақстан өңірлері) тарауы бойынша мағлұматты тереңірек алды деп ойлаймын.Сабағымызды қорытындылай келе білімдеріңізді былай бағалағалы отырмын.
Бағалау:
Ерте темір дәуіріндегі сақ кезеңінің мәдениеті (Қазақстан өңірлері) тарауына
Қайталау сабағында өз білімділіктерін, біліктіліктерін жоғары дәрежеде көрсеткен оқушыларға жұлдызшалар беріліп, «5» деген бағамен бағаланады, төртбұрыштар «төрттік» баға, үшбұрыш «үштік» бағамен бағаланады.
Қазақстанда математикалық білімнің дамуына байланысты математикалық белгілермен бағалаймын.
Үй тапсырмасы: Эссе Тақырыбы: Семенов ауылы /табиғаты, халқы, ескерткіштер/