Открытый урок на тему Атамекен
Күні: 24.11.2016 жыл Сынып: 3 – 4
Сабақтың тақырыбы: «Атамекен»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға атамекеннің адамның өсіп – дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру,өз атамекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту;
2. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейту, сөйлеу тілін дамыту,ойларын ауызша, жазбаша сауатты жеткізе білуге дағдыландыру. 3.Тәрбиелік: Атамекенді қадірлей білуге, атамекенге қызмет ету, Өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту сабағыСабақтың әдіс-тәсілі: әңгіме - сұхбат, түсіндіру, көрнекі және техникалық құралдар көмегіне сүйену;Сабақтың көрнекілігі: Атамекен, туған жер туралы айтылған нақыл сөздер, слайд Пәнаралық байланыс: Музыка, әдебиет,орыс тілі
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:
А)Амандасу;
-Бүгін сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта кім жоқ?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күздің қай айы?
-Бүгін нешесі?
Сабақтың ұраны: «Қайда жүрсең атамекен, Көкейіңде жатады екен...»
- Балалар, мына эпиграфқа назар аударайықшы, бұл не туралы?- Дұрыс айтасыңдар, атамекен, туған жер туралы. Біздер туған жеріміз, еліміз туралы не айта аламыз? Еліміз қандай?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:-Үйге қандай тапсырма берілді? Сұрақтарға жауап беріп көрейік.
Өткен материалдар бойынша сұрақтар:
1.Азық-түліктерді атаңдар? Үлестірме қағаздармен жұмыс.
Үлестірме қағадармен жұмыс. Мына берліген сөздерді бағандарға бөліп жазыңдар.
Қалам, нан, ірімшік, қарындаш, май, сүт, сурет дәптері, өшіргіш, шұжық, айран, сызғыш, сөмке.
Оқу құралдары Азық – түліктер
ІІІ. Жаңа сабақ: -бүгінгі сабағымыздың тақырыбы балалар, «Атамекен» деп аталады.
Мұғалім сөз:- Атамекен – адамның туып-өскен жері, ата жұрты, Тар мағынада – біреудің туған ауылы, адамның өскен, дүниедегі өнер мен мәдениетке кенелген жері.Біз атамекенімізді сүйеміз,ардақтаймыз.
Ой қозғау: -Ал, балалар «Атамекен» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
АТАМЕКЕН
ТУҒАН ЖЕРҚАЗАҚСТАН
КЕҢ ДАЛА
ТУҒАН ӨЛКЕ АТА ЖҰРТТУҒАН ЕЛ
Сөздіктер: Балалар тақырып бойынша синоним сөздерді дәптерлеріне жазып, осы сөздермен бірнеше сөйлемдер құрастырады.А)Мұғалім оқиды,оқушылар тыңдап қайталайды.
В)Сөздік дәптерге сөздерді көшіріп жазады. Атамекен – отчизна,земля отчов
Өлке-край тоғай-роща сүйеміз – любим
Ардақтаймыз-ценимС)Жаңа сөздерді буынға бөліп буын түрін анықтаңдар. Мысалы: Қа-зақс-тан – бітеу буын
Мәтінмен жұмыс: Айтылым: 1-жаттығу. Сурет бойынша сұрақтарға жауап бер.
1.Біздің еліміз қалай аталады?
2.Еліміздің елордасы қай қала?
3.Еліміздің мемлекеттік тіл қай тіл?
Оқылым: 2-жаттығу.
А) -мәтінді мәнерлеп оқу,аудару.
Ә) мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер. 1.Біздің Отанымыз қандай?
2.Отанымызда нелер көп?
3Қазақстан халқы қандай?
Жазылым:
Б)Мәтінде қарамен жазылған сөздерді теріп жаз. Жуан,жіңішке дауысты дыбыстардың астын сыз.
Атамекен,Отан,Қазақстан,тәуелсіз
Жеке тапсырмалар: І деңгей. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып,сөйлемдерді аяқтап жаз.
Мен Қазақстанда ....2.Біздің Отанымыз..3.Қазақстанда ...,...,.... таулар бар. 4.Туған жерім ...... 5.Қазақстан тәуелсіз ..... 6.Мен . ауданында ........ 7. ...... көшесінде тұрамын.
ІІ деңгей.Сөздерге көптік жалғауын жалғап жаз.
Қала,аудан,Қазақстан,өзен,тау,ұлт,халық,өлке,жер,республика
IV Бекіту кезеңі: Сұрақтарға жауап беріңдер.
-Біздің Отанымыз қай мемлекет?-Қазақстанның ана тілі?
-Атамекен деген не?
V. Үйге тапсырма беру: жаңа сөздерді жаттау, 4-жаттығу өлеңді жаттау.
VІ.Қорытынды кезеңі:- Балалар,тест тапсырмасын орындаңдар. Тест.
1.Отанымыз - .................. А)Қазақстан В)Ресей С)Қырғызстан
2.Елордамыз қай қала? А)Алматы В)Астана С)Қызылорда
3. Аудар: «Отчизна,земля отцов» А)Туған жер В)Отан С)атамекен.
4.Аудар: «Дружный народ» А)тату оқушы В)тату Отан С)тату халық
5.Мақалды аяқта: Отан - ..........
А)оттан да ыстық В)ормансыз бұлбұл С)ел болмас.
Бағалау: Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды тиісті бағасымен бағалаймын.