Т?уелсіздікті? 25 жылды?ына арнал?ан ?деби сазды кеш
«Бекітемін»Мектеп директоры: С. Омаш
Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз елдің - ұланымыз» атты әдеби сазды кештің бағдарламасы.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының 25 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін теңірек ашып көрсету. Оқушыларды Отансүйгіштікке, халықтың өткен тарихын құрметтей білуге, тәуелсіздік, бостандық, еркіндік ұғымдарының тарихи маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Музыкалық апаратура, шар, гүл, қабырға газеттері.
Сахнада бірінші қойылым өтеді.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бой армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлердің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген «Желтоқсан» оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қаланған «Тәуелсіздік» күні. Міне, бүгінде тәуелсіз ел болғанымызға 25 жыл толуына орай өткізіліп отырған «Тәуелсіз – елдің ұланымыз» атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Қазақстан, Қазақстан-алтын күн, Жанымызды жарылқайтын жарқын күн. Атандың сен барлық әлем тілінде Атыңменен «Қазақ» деген халқының.
Жүргізуші: Қазақстан-Алатауым, атағым, Қазақстан – таңдағы әнім шапағым. Қазақстан – Есіл, Нұрым, Ертісім! Қазақстан – гүл жайнаған мекенім!
Жүргізуші:Шарықта, шарла көкті көк байрағым, Арманым, Азаттығым, көпке айғағым. Мен сенің салтанатты сағатыңа Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым. Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым. Жолдарын ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің ұрпақтары.
Қазақстан Республикасының Әнұран орындалады.
Жүргізуші: Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді, Бізге мұны ешкім аяп бермеді. Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззат, Ерболдың, Тас көшеде, тас – талқын болып өлгені. Тәуелсіздік ата – баба арманы, Қандай елмін, бүгін міне, көр мені! Алаулайды мүмкін емес сөнбегі.
Жүргізуші: 1986 жыл.Желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті. Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздігі жолында Қайрат Рұсқылбеков ,Ләззат Асанова,Ербол Спатаев сияқты көптеген қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп,құрбан болды. Желтоқсанда құршын кеткен боздақтарымызды еске алу. (Бір минут үнсіздік)
Жүргізуші: Көк туым шалқып төрімде, елімнің бағы таймасын, Жас болып ару Астанам, құлпырып күндей жайнасын. Тәуелсіздігім-тәтті сый Тәңірден келген, ағайын, Бар қазағым бақытым, тәуелсіздік тойын тойласын. Би: «Шұғыла» би тобының орындауында «Жүрегім қазақ» биімен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Ризамын деп осындай жастық шаққа, Не жетер «Жас Ұлан», «Жас Қыран» деген лайық атқа Келеміз егеменді ел төріне өрлеп, Ашылып алдымыздан алтын қақпа Қазағымның жерін, елін қорғайтын Жас жеткіншек ұланы бар елі бар Міне осындай егеменді еліміз Кең жазира ұлан байтақ жеріміз Туған елін жерін сүйетін Біз қазақтың ұланымыз еріміз
Жүргізуші: 2 сынып оқушыларын республикалық бірыңғай жасөспірімдер «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты түрде Ант қабылдау.
Жүргізуші: Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Жүргізуші: Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым,өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім!
Видеоролик.
Жүргізуші: Тәуелсіздік - баға жетпес бағымыз, Қымбаттан да, ең қымбатты бағымыз. Тәуелсіздік - білектегі әліміз, Тәуелсіздік - жүректегі әніміз.
Ән: Жандарбекова Аяулым «Тәуелсіздік толғауы» әнімен тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі, Бесігімде тербеледі дос үні, Ұлттардың ұйып тұрған ұясы, Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!
Күй: Оқушыларымыздың орындауында
Жүргізуші: Елімнің атын айтсам - Қазақстан, Жерімнің атын айтсам – Қазақстан. Қойнауы қазынаңа толған мекен, Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.
Тәуелсіздікке арналған өлең шумақтары.
Жүргізуші: Тәуелсіздік, Тәуелсіздік – жыр әнім, Ел іргесі берік болсын – ұраным. Тәуелсіздік - өзінді еркін сезіну, Салт – дәстүрім - қолдан түспес құралым.Күй. Қожахмет Аяулымның орындауында қобызбен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Мәңгілік азат елдің Сен белгісі, Мемлекет мерейінің сенген күші. «Жасасын, еркін Қазақ!» - деп шаттанар, Шалқалап сол биіктен көрген кісі.4 және 3 сынып оқушыларының орындауында нақыл сөздер.
Жүргізуші: Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын, Алдымызда барлық үміт ақталсын Тату-тәтті бірлік болсын қашанда Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын
Би: Қыздарымыздың орындауында «Көңіл күйі» биімен қарсы алыңыдар.
Жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел, Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер, Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік! Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Ән: Ералы Ерланның орындауында «Жаса, Қазақстан» әнімен тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар, Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар. Көк байрағы , елтаңба, әнұраны, Қазақ елі егеменді , сан ұлты бар.
Ал енді оқушылардың өздері дайындаған үш тілде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаған арнау өлеңдері.
Тәуелсіз ҚазақстанКазахстанKazakhstan
Жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел, Тәуелсіз күнің туды кенеле бер. Мерейің құтты болсын Қазақстан! Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Оқушылардан құрылған хорға кезек береміз. Хор орындайтын 9 сынып оқушылары.
Жүргізуші: Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің, 25 жасың құтты болсын нұр елім. 25 жылда шықтың талай белеске, Қазақстан жасай берші гүл елім.
Видеороликке назар аударыңыздар.
Жүргізуші: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, Мықты болсын елімнің керегесі. Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан, Кетпесін туған жердің берекесі.
Оқушылардың орындауында Тәуелсіздіккке тартуы. Флешмоб.
Жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным, Көк туымды қалайша құлатармын. Тып – тыныш тұрып жатқан жайымыз бар, Бәріміз баласындай бір атаның. Елімізде бақ – береке, ырыс болсын, Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын. Халқымның ахуалы дұрыс болсын. Еліміз әрқашанда тыныш болсын!
Ән: Жұрынбаев Беріктің орындауында «Тәуелсіздік байлығым» әнімен қарсы алыңыздар.
-1991ж Тәуелсіздік алған жыл.
-1992жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға мүше болып кірді.
-1993жылы 15қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006жылы қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
-1994жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
-1995жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.
-1996жылы 20қаңтарда Қазақстан Республикасының І сессиясы болып өтті.
-1997жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу» жылы деп аталды.
-1998жылы 6 мамыр Астана күні . Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
-1999жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
-2000жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500жыл толды.
-2001жыл 21ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10жыл толды.
-2002жыл «Денсаулық жылы» деп жарияланды.
-2003-2005жылдары «Ауыл жылдары» деп жарияланды.
-2004жылы «Қазақстан-Ресей» жылы болды.
-2005жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
-2006жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15жыл толды. Атақты желтоқсан оқиғасына 20жыл толды.
-2007жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.
-2008жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.
-2009жылы Қазақстан Республикасының Білім ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жасалынды.
-2010жылы Қазақстан 56 ірі ел бас қосатын мәртебелі ұйым –Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етті.
VІІ Қысқы Азия олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында спорттық жарыстар болды. Біздің еліміз 32алтын, 21күміс, 17қола барлығы 70медальға ие болды.Оның бойтұмары «ақ барыс» еді.
-2011жылы Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі
Жүргізуші: Көгілдір аспанымыз ашық болсын, Күніміз жарқыраған жарқын болсын. Төзілген мейірім мен шапағатқа, Төрімде Тәуелсіздік құтты болсын, Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан, Қазағыммен бұкіл әлем танысқан. Келешегі кең өрісті кемелді, Жайна мәңгі Тәуелсіз ел – Қазақстан!
Жүргізуші: Алдымызда барлық үміт ақталсын Тату-тәтті бірлік болсын қашанда Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын Қиындықты көп көрген ел екенбіз Жылдан жылға дамыған берекеміз Тойымыз тойға ұласып,шаттанайық Халайық құтты болсын мерекеміз!
Жүргізуші: Сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оразымбетов Ғани ағайға береміз.
Жүргізуші: Азат елдің білікті, білімді, жігерлі, азаматтары болыңыздар! – деген тілекпен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіз – елдің ұланымыз» атты кешімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!!!
Дайындаған: Жарқынбекова Г.