Дулатты? асыл м?расы Дулат Бабатай?лыны? шы?армашылы?ына арнал?ан ?деби кеш
Дулаттың асыл мұрасы
Сабақтың мақсаты:Білімділік: елдіктің жырлаушысы, еркіндіктің жоқшысы ақын Дулат Бабатайұлының өмірін, шығармаларын оқушыларға терең таныстыру.Тәрбиелік: Ақынның шығармалары арқылы елін, халқын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.Дамытушылық: Оқушының шығармашылық ізденісін арттыру.Көрнекілігі: Д. Бабатайұлының суреті, плакатқа жазылған Дулат Бабатайұлы туралы жазылған пікірлер, ақпарат материалдары.Барысы:
Мұғалім сөзі: Сырымды менің сұрасаң,
Тұманның суық суындай
Кеудеме қайғы толған соң
Тынық сумен жуынам Сорғалаған нөсердей,
Жырын тыңда Дулаттың» деп ақын жырлағандай бүгінгі біздің
танымдық сабағымыз ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі-
ақын, ойшыл - Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналады.
Бейнефильм
Телжан : ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, туған елінің тарихи бір кезін жырлап өткен Дулат Бабатайұлы 1802 жылы дүниеге келген.Бибатпа: Дулат ескіше оқыған, сауатты болған. Ол өз өлеңдерін қолжазба кітап етіп жазып жүрген. Дулат арқылы Аякөз өңірінен шыққан Ақтамберді жырау толғаулары халыққа жетіп, ақсақалдар жадында сақталып қалған.
Диас: өміріТелжан : Ақынның алғашқы жинағы «Өсиетнама» деген атпен 1880 жылы Қазанда басылды. 1991 жылы бір топ шығармаларын « Замана сазы» деген атпен «Жазушы» баспасы жинақ етіп шығарды.Дулат Бабатайұлы қазақ әдебиеті тарихында алғаш рет мысал жазған ақын. Оған мысал ретінде жазған шығармалары үлгі, өнеге, ақыл ретінде келіп, кішіпейілділік, бірлік, әділеттілік жақталып, мақтаншақтық, менмендік, бейшаралық, орынсыз пасықтық саналады. Оның мысал өлеңдерінің тәрбиелік мәні өте зор.Дулат өлең мәнін білген, тілге жүйрік, нақылдап - мәтелдеп сөйлейтін шешен. Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына өз үлесін қосты. Ақын «Ата қоныс Арқада» деп аталатын өлеңінде Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездегі тарихын баян етеді. Халқымыз ерлік күрес жүргізу арқылы елдігін сақтап, туған жерін қалмақтардан қорғай білгенін айтып, сол кездегі ерлікті, дербестікті мақтайды.
Диас: «Ата қоныс Арқада»
Бибатпа: Ақынның келесі өлеңі «Тегімді менің сұрасаң»Жұлдыз: «Тегімді менің сұрасаң»
Телжан: Өмірі
Бибатпа: Дулат шығармашылығы
Әмірхан: «Сарышымшық» мысалын оқу
Альбина: Дулат Бабатайұлы Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ КСР ұылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б.
Бибатпа: Ақын – қазақ даласының кіріптарлық, халықтың шұрайлы, сулы қоныстарынан ығыстырылып, өз жері, өз елінде өгей жетімнің күйіне түскенін көрмей, айтпай, тек Аякөзін тамылжыта жырына қосса, әрине, оғаш, түсініксіз, ал атамның қонысын өзгеден қызғана сүйдім десе, жалған болар еді. «тауды екіге жарасың, арнаң қалды осылып. Тастың қашап арасын, күркіреген үніңнен, кесіп өтіп кезеңді, аңдар қашты шошынып. Аягөз қайда барасың Елін, жерін жанындай жақсы көріп, оның тағдырын ойлап, күйзелген ұлы жырау тек шындықты, шынайы сезімді бейнелейді. Оның туған жер туралы толғауларының тарихи мәні де, тәрбиелік кұндылығы да сонда.
Луара: «Аягөз қайда барасың?»
Телжан:Ақын жастайынан теңсіздік пен әділетсіздік зардабын көзімен көріп, жанымен сезінген. Сол қиындықтарға қарамастан өнер жолын жастайынан қуып өсті.Жастарға үлгі-өнеге берерлік, тәрбиелік маңызы зор өлеңдері, көптеген нақыл сөздері мен өсиеттері тәлім –тәрбиеге толы. Ендеше ойшыл ақының «Даналық дария сөздеріне» назар аударайық
Экранда «Даналық дария-Тәуекел»
Бибатпа: Дулат ақын өз заманының айнасы ғана емес, сол заман тудырған халық зарының түп себебін танытқан ойшыл. Елінің ұлттық дәстүрі мен ұлттық келбеті, халқының ішкі жан-дүниесінің отаршылдар табанының астына тапталуы оның жанына батады. «Еспенбет» дастаның басты тақырыбы-туған жеріне оралып, еліне қамқор бола білген батырдың ерлігі.Бұл дастанда халықтың көзін ашу, заманмен аяқты тең басуды, ақиқат үшінкүрескер болған Еспенбет батыр тұлғасындағы жақсылық, ізгілікті, айқын суреттеген.
Райымбек Еспенбет туралы:
Бибатпа:"Ақжайлау мен Сандықтас" атты өлеңінде де туып-өскен өңірін "атамның қонған қонысы" деп тебірене, оның келісті көріністерін перзенттік, тіпті сәбилік сүйіспеншілікпен елжірей суреттейді. Жерге қатысты ешкім айтпаған "қызғаныш" сөзін қолданып, ата қонысын:
Атам қонған кең далам,Мендей сені қызғанарБауырыңда өскен қай балаң? –
Ануар : "Ақжайлау мен Сандықтас
Диас: Дулаттың арнау өлеңдері ішінде "Ақтанға" деген өлеңінің сипаты өзгешелеу. Жетім бала Ақтанның өмірі ақынның аяушылық сезімін қозғап, жүрегін тебірентеді. Ал Дулатты баланың болашағы көбірек толғандырады. Ол осы Ақтан баланың бойынан ел тілегін арқалап, халық басына өз еркі өзіндегі өткен дәуренін қайта оралтар ерді, батырды көргісі келеді.Ақын Ақтан бала ер жетіп, "бадана көз тоғыз тор сауыт" киіп, қашан ғана жауды қуар екен деп армандайды.
Әмірхан: «Ақтан жас»
Бибатпа: Ақын жырлары отарлық езгіні жеткізе әшкерлеп, ұлт бостандығы, ұлт мәдениеті, ұлт тәрбиесі мен рухани жан тазалығы жолында көркем сөз өнеріне өшпес із қалдырған.
Қазақ үшін ауыр кезеңдерде теңдік үшін, азаттық үшін елін біріктіруге үн қосқан.
Бақытгүл:
Диас: Бұқар мен Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан, өлеңді ауызша да жазбашада шығарған Дулат жырау қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып жағынан байыта түсті.
Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Ақынның “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдері
Айгерім, Арман, Альбина.
Әмірхан: «Сарышымшық»
Диас: Сөз соңында айтарымыз, тарихсыз халық болмайды. Тарих өз бетімен жасалмайды, тарихты қазағым деп күңіреніп өткен, қаламын найза, тілін қылыш қылып күресіп өткен Дулат сияқты тума таланттар жасайды. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Дулат Бабатайұлы мұрасын танып білу, ақын жырлары оқу арқылы ұрпақ санасына ұ лтжандылық, патриоттық сезімдерін оята отырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Дулат ақын ұлт-азаттығын, тәуелсіздікті жырлаған. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында, «Бір ел-бір кітап» акциясы өтті. Д.Бабатайұлының шығармашылығына арналған танымдық сағатымызосымен аяқталды. Өзі өлседе, артына өшпес мұра қалдырған ақын шығармашылығы ұрпаққа үлгі-өнеге.
Бейнефильм
Д.Бабатайұлының шығармашылығына арналған танымдық сағатымызосымен аяқталды. Өзі өлседе, артына өшпес мұра қалдырған ақын шығармашылығы ұрпаққа үлгі-өнеге.
Ембі қаласы №3 орта мектеп
Дулаттың асыл мұрасы
(Танымдық сабақ)
Пән мұғалімі: Саркулова А.Ж.
Сыныбы: 9 «А»
2016-2017 оқу жылы