?аза?стан тарихы ?аза? ханды?ыны? ??рылуы


МҰҒАЛІМ: Аманжолова Гульшат Аманжоловна
ПӘНІ: Қазақстан тарихы
СЫНЫБЫ: 7ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ хандығының құрылуы
МАҚСАТЫ:
1. Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;2. Берілген тарихи құжаттарды оқу арқылы өз пікірлерін айтуға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау ;3. Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға, патриотизмге, өз Отанын, елін – жерін қорғауға тәрбиелеу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: топпен жұмыс жасау дағдылары дамиды, басқалар пікірін тыңдай білуге үйренеді, интербелсенді және қалыптастырушы бағалау тәсілдері арқылы тақырыпты өздіктерінен оқып үйреніп, өз ойын ашық айтып, дәлелдеуге дағдыланады.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР: «Кубизм» әдісі, «Бас бармақ» арқылы бағалау, топпен жұмыс.
КӨРНЕКІЛІКТЕР: интерактивті тақта, слайд, бағалау парағы.
САБАҚТЫҢ ТҮРІ: аралас сабақ
САБАҚ БАРЫСЫ:
КЕЗЕҢДЕР МҰҒАЛІМ ІС-ӘРЕКЕТІ
ОҚУШЫ ІС-ӘРЕКЕТІ
І. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу.
2. Психологиялық дайындық
Аңыз: (слайд 1, баяу әуен естіледі).
Бұл оқиға ерте заманда болған. Бір қалада ақылды Ғалым деген данышпан мен оның сөзін қызғанып көре алмайтын Асан деген қатыгез адам өмір сүреді. Асан данышпан Ғалымға жауап бере алмайтындай бір сұрақ ойлап тапқысы келеді. Ол үшін ол шалғынға барып, көбелек ұстап алады да, оны алақанның ортасына салады. Асан данышпаннан сұрағысы келеді: «Менің қолымдағы көбелек тірі ме әлі өлі ме», - деп. Егер ол өлі десе, мен алақанымды ашам да, көбелек ұшып кетеді, ал егер тірі десе, мен алақанымды қатты қысамын, көбелек өліп қалады. Асан көбелекті ұстап алып, Ғалымға келеді: «Менің қолымда көбелек өлі ме, тірі ме?» - деп сұрайды. Сонда данышпан Ғалым былай деді: «Барлығы сенің қолыңда». Иә, өмірде кей кездерде келеңсіз оқиғалар болады, ештңе істегің келмейді. Сонда данышпанның сөзін еске алыңыз "Барлығы сенің қолыңда". Осы сөз бүгінгі сабағымыздың ұраны болсын.
3. Топқа оқушыларды бөлу.
-Биылғы жылғы  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. 2015 жылы қандай атаулы мерейтойларды тойлануда? 
«Тәуелсіздік», «Ерлік», «Бірлік» топтарына бөлу.
Бағалау парағы беріледі, мұғалім топбасшыларының міндетін түсіндіріп өтеді. Мұғалім топ ережесі сақталуын сұрайды.
Шаттық шеңберін құрады
Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы

«Тәуелсіздік», «Ерлік», «Бірлік» топтарына бөлінеді. Топтар өз топтарының басшысын сайлап, бағалау парағын алады.
Топ ережесі: 1. Топ басшысын тыңдау2. Топтағы оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу3. Тәртіпті болып, әркім өзіне берілген жұмысты тиянақты аяқтау4. Басқа топты тыңдай білу5. Өз ойларымызды ашық айту6. Топтық жұмысқа белсене араласу7. Бір – бірімізге көмектесу
8. Уақытты үнемдеу
ІІ. Сабақ тақырыбын ашу, мақсатымен таныстыру 1.Бейнеролик көрсету
«Н.Ә. Назарбаевтың Қазақ хандығы туралы сөзі»
2. Мұғалімнің сөзі:
-«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп Президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.
Биылғы жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толды.
Ата - бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы - бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында.
3. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырады. Оқушылар бейнероликті көреді.
Дәптерлеріне тақырыпты жазады
ІІІ. Өткен сабақпен байланыстыру
1. Топтастыру әдісімен «Қазақ» сөзінің мағынасын ашу
2. Кубизм әдісі.
1.Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы саяси жағдай қандай еді?
2.Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылу қарсаңындағы этникалық жағдай қандай болды?
3.Қазақ хандығының құрылуына экономикалық дамуы қалай әсер етті? XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуымен қатар этникалық мәнге ие болған 
Әр топ кубиктің жағын таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
IV. Жаңа тақырып
1. Мұғалімнің сөзі:
-«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.Биылғы жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толды. Ата - бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы - бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында.
2. Презентация
«Тәуелсіздік» тобы: Хандықтың негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей хандары
«Бірлік» тобы: Қазақ хандығының аумағы
«Ерлік» тобы: Халқының этникалық құрамы
Әрбір топ өздері дайындап келген баяндамаларымен және презентацияларымен таныстырады.
Бір-бірін «Бас бармақ» арқылы бағалайды
V. Бекіту Мұғалім сөзі
- Биылғы жыл – қалың қазақты бір жасатып тастады. Бүгінгі өткелі отырған тәрбие сағатымыздың тақырыбы  — «Қазақ хандығының  құрылуы». Осы ерекше күннің  бүгінде маңызы зор. Бүгінгі сабағымыз Дүбірлі тойдың өз деңгейінде атап өтілуі  үшін бізідің қосқан үлесіміз болып табылады
Бейнеролик «Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл» VI. Постер Тапсырма:
«Тәуелсіздік» тобына: Қазақ хандығынан тәуелсіздікке дейін
«Ерлік» тобына: Қазақ халқының ерлік сабақтары
«Бірлік» тобына: Тәуелсіздіктің жұлдызды жылдары Топ мүшелері постерлерін қорғайды.
VII. Сәйкестендіру тесті:
№ Тапсырма Қате жауаптар тізімі
1 Қазақ хандығының алғашқы хандары 1.Есім,Тұрсын
2 «Қатаған қырғыны» 2.Қасым,Тәуке
3 Билер 3.Керей,Жәнібек
4 Заңдар жазды 4.Тәуке,Жәңгір
5 Жоңғарлармен күресті 5.Төле,Қазыбек
Дәптерге орындап, тексереді:
1-3
2-1
3-5
4-2
5-4
VIII. Қорытындылау Синквейн құрастыру
Қазақ
Жәнібек мен Керей
Хандық Топта ақылдаса отырып, синквейн кұрастырады
IX. Үйге тапсырма Қазақ хандығының территориясын кескін картаға түсіру.
Қазақ хандығы, Керей мен Жәнібек хандар туралы ойтолғау жазу. Күнделіктеріне жазып алады

X. Бағалау Бағалау парақтарын алады Топ басшылары түсіндіре отырып бағалайды
XI. Рефлексия Жарайсыңдар! Шығармашылықпен жұмыс жасағандарыңа рахмет .
1.Келесі сабақта істейтін әрекетіңіз немесе сұрағыңыз
2.Сізге әсер еткен екі сөз
3. Бүгінгі сабақтың маңызды үш сөз



Ойларын стикерлерге жазып, тақтаға іледі
Мұғалім сөзі Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бермеген.
Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.
Қазақтың тілері ата жол салтымен Достасу, туысу әр елдің халқымен. Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.
Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,
Қазақтың елі мен даңқты даласын.