?аза?стан тарихы. 7 сынып. ?аза? ханды?ыны? ??рылуы.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«№12 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ хандығының құрылуы.
Пәні: Қазақстан тарихы
Пән мұғалімі:Татеков Ердаулет Әбзелбекұлы
Сынып: 7
Түктібай ауылы.
Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы.
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:Қазақ халқының халық болып қалыптасуын және қазақ хандығының біртұтас мемлекет болып құрылуын анықтайды.
Міндеті:
1. Керей мен Жәнібек хандардың Жетісуға қоныс аударудағы мақсаты мен негізгі ойын болжамдау;
2. Қазақ хандығының құрылуының негізгі алғышарттары туралы алған білімдерін бір жүйеге келтіру;
3. Қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы мен ұстанған саясатын анықтау;
Күтілетін нәтиже:
1.Қазақ халқының қалыптасуы, қазақ хандығының құрылуы туралы ақпарат алады;
2. Қазақ хандарының ерлік істеріне тоқталу арқылы топта өзара талқылайды;
3. Тарихи оқиғалар мен олардың орын алу жағдайларын салыстыра біледі;
4. Қазақ хандығының құрылу барысындағы кездескен кедергілер мен хандықтың ішкі және сыртқы саясатын анықтап, нақтылайды .
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: топтық жұмыс
Сабақтың әдіс – тәсілдері :презентациялау, постермен жұмыс, проблемалық сұрақтар қою.
Көрнекілігі : интерактивті тақта, маркер, А3 форматты қағаз, стикерлер.
Сын тұрғысынан ойлауға қолайлы орта туғызу:
Ойлануға уақыт беру.
Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
Жәрдем беру.
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сабақты жүргізу формалары:
Жеке жұмыс.
Топтық.
Ұжымдық.
Сабақ мынадай бөлімдерден тұрады:
1.Үй жұмысы, презентация.
2. Бейне көрсетілім.
3. Постер қорғау.
4. «SWOT» кестесі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу. 1 мин.
ІІ. Үй тапсырмасы:10 мин: әр топ үйге берілген тапсырма бойынша презентацияларын қорғайды.
Тақырыбы: Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары. Үй тапсырмасы бойынша, бір топ екінші топқа сұрақтар қояды. Алдын ала берілген критерий бойынша топтар бір-бірін бағалайды.
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Интерактивті тақтадан Қазақ хандығының құрылуы туралы бейне үзінді көрсетіледі.2 мин.
2. Постер қорғау әдісі: Мәтінді оқи отырып, постер қорғау:15 мин. 1-ші топқа:Керей мен Жәнібектің Жетісуға көшудегі мақсаттары. Қазақ хандығының құрылуы, алып жатқан аумағы.2- ші топқа:Қазақ хандығының этникалық құрылымы, көрші елдермен қарым – қатынасыӘр топ өздеріне берілген тақырыпты қорғап шығады.
ІV. «SWOT» кестесі: 15 мин.

«S» «W»
Күшті жағы Әлсіз жағы

«O» «T»
Мүмкіндіктері Қауіпі
V.Бағалау: Топпен бағалау, топ басшысының бағалауы, критериалды бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы.
Рефлексия: «екі жұлдыз, бір тілек». 2мин.
VІ. Үйге тапсырма:«Қазақ хандығының 550 жылдығы» шағын эссе.
Критериалды бағалау
Ескертпе: қойылатын ұпай: 2 – жақсы, 1 - орта, 0 – нашар.
_____________________________________________________
(топтың аты)
р/с Аты-жөні
Критерийлер 1. Жұптық, топтық жұмысқа қатысу 2. Кестені толтыру 3. Кем дегенде жоғары деңгейдегі екі сұраққа жауап беру 4. Өз көзқарасын айту және оны дәлелдей білу 5. Барлығы:
(7-8 ұпай аралығы–5,
5-6 ұпай аралығы – 4,
3-4 ұпай аралығы
-3) Топ басшысы:___________________________________________________