Ашы? саба? ?ош с?йікті ?ліппем


«Қош сүйікті Әліппем!»
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.
Барысы:
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Тойымызға қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп есігін ашқан бүлдіршіндеріңіздің қадамдарыңыздың сәттілігін тілей отырып, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз. Балаларыңыздың осы қара шаңырақты аттаған қадамдары құтты болсын. Тойларыңыз тойға ұлассын!
Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет оқулық ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Бүгінгі тойымыз ерекше болады деген сенімдеміз.
Енді ортаға 1 «ә» сынып оқушыларын шақырамыз, қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
1 Диас:
Армысыздар, аналар!
Бармысыздар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз!
2 Дильназ:
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл – ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
3 Дамир:
Өтті оқу сан сабақ
Бүгінгі үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң
Әліппемен қоштассаң
Өсті білім бойымыз
Құтты болсын тойымыз!
4 Айым:
Шашу, шашу, шашайық!
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық
Шашу, шашу, шашайық!
5 Балназар:
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.
Жүргізуші:
Би «Бозжорга»
Жүргізуші:
-Ал балалар бәріміз «Білім» кемесіне отырайық. Білім кемесінің ерекшелігі мұнда бәріміз сиямыз және көңілді болады. Әр түрлі ертегі кейіпкерлерін де кездестіруіміз мүмкін. Бүгін мен сендердің жол бастаушы ханшайымдарың боламын! Ал аралдарға кездескенде өз білімдеріміз бен өнерімізді көрсетіп отырамыз.
Әліппе:
Тоқтай тұрыңдар! Мен де барамын. Мені қалай ұмытып барасыңдар.
Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Балалар хормен! –Сәлеметсіз бе Әліппе!
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп не білдік?
Кәне ортаға салайық!
6 Алтынай:
Астана- астанам
Астана- бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман
7 Арсен:
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған,
Екеуінің аттары.
8 Ақерке:
Ас біткеннің атасы,
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып,
Аяқталғанын қарашы?
9 Аслан:
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
10 Аружан:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
11 Асанәли:
Біз жазамыз «ана» деп,
Біз жазамыз «дана» деп
Біз жазамыз «бала» деп
Біз жазамыз «Отан» деп.
Олай болса әліппемізге арналған қандай өнерлерің бар?
Ән: «Әліппе»
Әліппе:
- Балалар мен сендерге өте ризамын! Мені жақсы меңгеріпсіңдер! Сол себепті енді сендермен ойын ойнасам деймін!
- Келісесіңдер ме?
Хормен: Келісеміз!
Ойын: «Дыбыстарды ажырат» деп аталады. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды өз үйлеріне орналастыруымыз керек.
Балалар, қазір аналарымызға әліппені қалай оқитынымызды көрсетейікші. Қане кім оқиды?
Әліппе: Жарайсыңдар балалар. Жақсы біліп, оқуды да жақсы меңгеріпсіңдер.
12 Бақтияр:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
13 Шынар:
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
14 Сая:
Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Ұстазым оның кілтін алып берді.
15 Ерасыл:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым ағасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
16 Мадина:
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды, қолдайды.
Жүргізуші:
Балалар әліппе досымызға тағы өз білімдерімізді көрсетейік пе?
Балалар (хормен)
Әліппе:
Әліппе оқуға
Үйреткен әр күні
Кім атын атай ғой
Балалар (хормен)
Ол біздің мұғалім
Ән: «Мұғалім – ол біздің» хормен!
17 Ераман:
Биік биік таулар деп
Қызыл жасыл баулар деп
Қаһарманды ел қазақ деп,
Болашағы ғажап деп.
18 Сезім:
Апа-ата атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе.
Бізге нағыз жақынды,
Сенен білдік Әліппе.
19 Расул:
Білім алып мектепте
Талай пәнді оқимыз
Мұғалімнің айтқанын
Зердемізге тоқимыз.
20 Кәусар:
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық тойладық.
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды мейіріммен
Қадамымды құп алып
21 Ерсұңқар:
Таныстырып 42 әріппен,
Қош бол менің қасиетті Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Жүргізуші: - Балалар біз сендермен тағыда қандай пәндерді оқимыз?
Балалар (хормен)
-Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. ( ауызша есеп)
Қазір екі топқа бөлініп «футбол» ойынын ойнаймыз.
I - топ «Алғыр»,
II- топ «Зерек» Экранға назар аударайық.
Жүргізуші:
Сендер математика пәнін өте жақсы меңгеріпсіңдер.
Ендігі әніміз математика пәні арналады. «Санау әнін» қабыл алыңыздар!
Орындайтындар: Шырын және 1 «Ә» сынып оқушылары.
Әліппе:
Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын. Мына қоржында сендердің өмірлеріңде мәңгі естелік болып қалатын ең керекті сыйлықтар бар. Соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Балалар әліппе досымызға не дейміз.
Балалар (хормен) РАХМЕТ!
Әліппе: - Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық! Мені қалай сүйіп оқысаңдар ана тілін де солай оқуларыңа тілектеспін. Ана тілі сендерге АМАНАТ достарым!
Ал мен кетейін, сендермен өткен уақытымды мәңгі есімде сақтаймын! Сау болыңдар, балалар!
Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе!
22 Нұрай
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға «Ана тілін» аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Ана тілі:
Сәлеметсіздер ме, балалар.
Сәлем, достар, аман ба?
Аман болған әманда,
Ана тілін ардақтар,
Ата - бабам, анам да,
Туған тілдің тілімін,
Ақылы мен танымынТаныстырар бәрінеАна тілі пәнімін!
Балалар біз сендермен 4 жыл уақытты бірге өткіземіз. Сендердің ақылды,білімді екендеріңді білемін. Уақытымызды өте қызықты өткізетінімізге сенімдімін!
Жүргізуші:
Ана тілі сен енді бізбен бірге оқушылардың өнерін жыл бойы бақылайсың. Сондықтан ортамызға келіп отыруыңызды сұраймын.
23 Шырын
Ана тілі ұраным
Ана тілім - құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым
24 Альбина
Ана тілі – ұранымАна тілден аламынАна тілім ардақтыАқ сүтіндей анамның.
25 Азамат
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Ана тілінің құрметіне арнап «Қыздар мен ұлдардың орындауында» вальс қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Келесі әніміз осы жерде отырған бүкіл аналарға арналады. Қабыл алыңыздар! Хор : «Әрқашан күн сөнбесін»
Жүргізуші:
Сөз кезегі осы мектептің директоры Гульнара Кенжеболатовнаға беріледі. Қарсы алайық!
Оқушыларды марапаттау
Жүргізуші:
Келесі сөз кезегі сыныбымыздың ата аналар комитетінің төрайымы Құралай Бейсенқызына беріледі.
Жүргізуші:
Келесі сөзді сынып жетекшісі Тулеугазина Лаззат Аманкельдиновнаға беріледі.
Мұғалім:
Құрметті ата -аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін еліміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек- жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылып отыр. Ол әліппемен қоштасу тойы. Тойларыңыз тойға ұлассын! Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Шәкірттеріміз ата ананың ұлы емес, халықтың ұлы болсын!
Ата аналарды марапаттау.
Жүргізуші:
Осымен бүгінгі сіздерге арналған салтанатты кешіміз аяқталды. Біз сіздермен қоштаспаймыз, әлі талай кездесеміз. Алдымыздығы мерекеміз барлық отбасына бақыт, табыс әкелсін. Кездескенше күн жақсы ағайын, аман саулықта кездесейік. Сау болыңыздар!