«Визуалды коммуникация ж?не ?олданбалы дизайнны? ??рал саймандары» п?нінен санды? ?ор ??ралын жаса?тау»


Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар әсер етеді, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.
Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына байланысты білім беру жүйесінде электронды оқу құралдары кеңінен қолданыла бастады. Сандық қорды пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Сандық қорларды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін - өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін - өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады да, оларды ауылдық жерлерде, мұғалім жетіспейтін жерлерде көбіне қажет етеді.
Дизайн пәні қазіргі кезде кең қолдылатын, жан-жақты, өте бай объектілі бейне жасау жүйесі болып табылады.
Зерттеу мақсаты, міндеттері және әдістері
Зерттеу мақсаты «Визуалды коммуникация және дизайнның құрал-саймандары» тақырыбына сандық қор құру. Курстық жұмыстың міндеттері:
- сандық қор мен оларға қойылатын талаптарды зерттеу;
- HTML, Delphi тілдерінің мүмкіндіктерін зерттеу, оқып-үйрену;
- сандық қор бағдарламасын құру.
Зерттеу әдістері:
оқытудың компьютерлік технологиясы;
HTML парақтарды құру әдістері ;
Delphi ортасында web парақтарды қолдану технологиясы.
Әдіснамалық және теориялық негіздері
Зерттеу тақырыбы бойынша HTML, Delphi тілдерінен оқулықтар мен материалдарды, әдістемелік құралдар мен нұсқаулар.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы
Сандық қорда қарастырылған материалдардың дизайн пәнін студенттердің өз бетімен оқып үйренуіне көмегі мол. Сандық қорда дельфи тілінде қосымшалар құру принциптері, аталмыш ортада мәліметтер қорын құру негіздері, жалпы дизайн ортасының мүмкіндіктері туралы мәселелер қарастырылған.
Курстық жұмыс құрылымы
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде дипломдық курстық жұмыстың есебінің қойылымы берілген. Екінші бөлімде курстық жұмыс есебі шешілген Delphi программалау ортасы мен HTML тілі туралы мәліметтер жинақталған.
І Программалау ортасын таңдау
1.1 Обьектілі-бағытталған Delphi программалау ортасы және құрылымы

Обьектілі-бағытталған Delphi ортасы 1994 жылы жарыққа шықты. Кейінгі жылдары оның мүмкіндіктері жақсара келіп бірнеше нұсқалары жарық көрді. Қазіргі кезде қолданылып жүрген Delphi 7-нің мүмкіндігі алдыңғыларына қарағанда жетілдірілген түрі деп есептеледі. Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Компоненттер визуальді компоненттер кітапханасында жинақталған. Компоненттер панелінде түрлі кластарға тиісті стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы компонент дайындап, оны осы панельге қосуына болады.