Ма??ыстау ?лы Отан со?ысы жылдарында — презентация
МаңғыстауҰлы Отансоғысыжылдарында
І - мал шаруашылығыІІ топ – балық шаруащылығыІІІ топ – көмір өндірісі
Майданға көмектесудің ең бір маңызды саласы Қызыл Армияға жылы киім жинау жұмысы болатын. Соғыс жылдарында тыл еңбекшілері тон, тоқыма шалбар, күпі, байпақ, қолғап, шұлғау, бас киім, көрпе жинап майданға жібереді. Сонымен қатар олар ақша, облигация, күміс, тері және жүн тапсырады. Аудан еңбекшілері өздерінің жанқиярлық еңбектерінің арқасында соғыс уақытының қиындығына қарамастан жылма-жыл мал басының өсуін қамтамасыз етіп, тапсыратын ет, сүт, жүн өнімі 2 -3 есе көбейді.
{93296810-A885-4BE3-A3E7-6D5BEEA58F35}2 000 кг. ет319 кг. май 16 426 кг.жүн7 622т. тері
Маңғыстау түбегі малшыларының соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбегі жоғары бағаланып, 1948 жылы 13 адам Ленин орденімен, 10 адам Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Өлкеміздің 9 колхозшысына Социалистік Еңбек ері атағы беріледі. Олар: Ұзақбай Есқожаев, Балажан Қожашева, Кенжан Қошақанов, Нұрсейт Бейнеуов, Тұржан Құлбеков, Дүйіш Сәтбаев, Сатыбалды Сисенбаев, Дүйсе Бердібеков, Жанбөпе Мергенбаева.
Дүйсе Бердібеков Киров атындағы колхозды алғаш ұйымдастырушылардың бірі болған. Соғыс басталар қарсаңында Қызыл Армия үшін жылқы жинау науқаны басталып, шаруашылық басшылары мұндай жауапты жұмысқа ауыл, ел арасындағы беделді азамат Дүйсе Бердібековті тағайындайды. Ол басқаратын ферма соғыс жылдарында мемлекеттік тапсырмаларды үнемі асыра орындап, жеңісті жақындатуға еселеп үлес қосқан.Дүйсе Бердібеков – Соииалистік Еңбек Ері
Маңғыстау өңіріндегі әйелдердің соғыс жылдарындағы жиынтық бейнесін Қожашева Балажан өмірінен табуға болады. 1941 жылдан 1958 жылға дейін колхоздың товарлы жылқы фермасын табан ауыстырмастан басқарып келеді. Бұл жылдар ішінде оның фермасы табыс биігінен сан мәрте көрініп, аудандық, облыстық жастардың жеңімпазы атанады. Қазақстан Компартиясының кезекті съезіне делегат болды. Орталық Комитет мүшелігіне сайланады.Балажан Қожашева –Соииалистік Еңбек Ері
Маңғыстау жерінде шаруашылықтарды ұйымдастыруға белсене қатысқандардың бірі – Есқожаев Ұзақбай, «Жыңғылды» колхозында жаңа ұйымдастырылып жатқан жылқы фермасын өз жауапкершілігіне алады. Соғыс жылдарында майданға Адай жылқыларын жіберуді мүлтіксіз орындап, «Құрмет Белгісі», «Еңбек Қызыл ту ордендерімен», 1945 жылы «1941-1945 жылдардағы ерлік еңбегі үшін» медалімен наградталады.Есқожаев ҰзақбайСоциалистік Еңбек Ері
Ұлы Отан соғысы жылдарындағыМаңғыстаудың балық өнеркәсібі
Құлбеков ТұржанСоциалистік Еңбек Ері Құлбеков Тұржан соғыстың алғашқы жылдарында Қызылөзен кеңшарындағы балықшылар бригадасының бригадирі болады.Кейін Калинин атындағы колхоздың төрағасы болып сайланды. Ел басына күн туған ауыр жылдарда қоғам малын бағып күтудің барлық қиындықтарын басынан кешкен. Ұйымдастырушы, белсенді ауыл азаматы екенін көрсетіп, Қамысты ауылдық кеңесіне төраға болып сайланады. Ауылдастарының сауатын ашуға, білім мен мәдениетке ұмтылыуына өз ісімен үлгі бола білген
Оразбаев Ізтұрған – Социалистік Еңбек Ері 1917 жылы Форт-Александровск қаласында туған.Ата кәсібі –балықшы.Жарты ғасырдай балық аулау саласында жұмыс жасаған. Өзінің еңбек жолын 1932 ж. Маңғыстау ауданының балықшы кеңшар -ларынан бастаған.1937 жылдан бастап балық сақтайтын моторлы кемелерде механик, 1949 жылдан балық аулау кемелерінің капитаны болды.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қызыл Армия жауынгерлері үшін балық өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі майдан тапсырмаларын орындап отырған.
Боранбаева Бөпежан - еңбек майданының ардагері.Соғыс жылдары Баутин балық комбинатында жұмыс жасаған.Сұрапыл жылдардағы ерен еңбегі үшін мерекелік медалдарымен сан мәрте марапатталған.
Маңғыстаудағыкөмір өндірісі
Шахталарда қыз-келіншектер бригадалары құрылды. Мәселен, №5 шахтада 15, №7 шахтада 12 әйелден құрылған бригадалар күнделікті жұмыс көлемін 116-150 пайызға дейін орындап отырды. Бұлардың ішінде Балтөре Кеуелова, Бәтен Бабышева, Ылым Сүйінбаева, Қанбала Нысанова, Айдан Нұрмағанбетова, Қ.Сармысова, О.Нұрымова, С.Құрақова және басқалары болды. Олар жанқиярлықпен еңбек еткен «стахановшылар» атанған арулар еді. Оларды үлкендер жағы «Стакан қыздар» деп әзілдейтін.
Заманымыздың заңғар жазушысыӘбіш Кекілбайұлы-ның анасы Айсәуле әжеміз де соғыс жылдары көмір шахтасында қызмет еткен
Жүзбаева Аппақ - тыл майданының ардагері.1941 – 45 ж.ж. аралығында Таушық елді мекеніндегі«Маңғышлақкөмір» тресінің № 7 шахтасында жұмыс жасаған.
Ақшұқыр мектеп – лицейінің 8 «А» –сыныбы оқушылары ұстаздарымен Таушық ауылындағы Ұлы Отан соғысы жылдарында көмір өндірілген № 2 және 6 шахтаға барған сапарларынан
№ 1 топқа тапсырма: Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен мал шаруашылығы ардагерлеріне хат жазу № 2 топқа тапсырма:Бүгінгі тәрбие сағатына кері байланыс жазу№ 3 топқа тапсырма:Тақырыпқа сай көрініс қою
Не білдім?Білгім келеді???????????!!!!!!!!!!!!!!!