Открытый урок по истории на тему ?лы Отан со?ысы (9 класс)
Күні: Пәні: Қазақстан тарихы
Сыныбы: 9 А
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы
Жалпы мақсаты: Қазақстандықтардың Мәскеу, Ленинград, Сталинград үшін көрсеткен ерліктері мен Батысты азат ету жолындағы ұрыстарға қатысуы туралы тарихын зерттеу, деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып, қажетіне сай пайдалану дағдыларын дамыта отырып, тарихи фактілерді саралай білу, шығармашылықпен жұмыс істеуді қалыптастыру.
Сілтеме: Қазақстан тарихы 9-сынып. Мектеп-2013.
Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Асхат Әлімов "Интербелсенді әдістемені қолдану мәселелері"
Жұмыс нәтижесі: Қазақстандықтардың Мәскеу, Ленинград, Сталинград үшін көрсеткен ерліктері мен Батысты азат ету жолындағы ұрыстарға қатысуы туралы тарихын зерттейді, деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып, қажетіне сай пайдаланады, тарихи фактілерді саралайды, шығармашылықпен жұмыс істейді.
Негізгі идеялар: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс
Қолданылатын материалдар: Постер, түсті қағаз, маркерлер, ноутбук, электронды оқулық, интербелсенді тақта, дүниежүзі картасы, ресурстар, батырлар суреттері
Сабақтың өтілетін уақыты 45 минут
Сабақ жоспары Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою
Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша
Рефлексия
Үйге тапсырма
Үйге тапсырма Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық
дайындық Ынтымақтастық атмосферасы
Шаттық шеңбері, бір-біріне тілек айту.
Топқа бөліну (түс арқылы)
1. Мәскеу
2. Сталинград
3. Батыс Бір-біріне тілек айтады.
Оқушылар топқа бөлінеді .
Таратылған таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді, өздерінің рөлдерін бөліп алады.
Үй тапсырмасын сұрау Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы
АКТ-мен жұмыс:
Оқушылардың жұмыстары, слайд
Суреттерді орналастыру:
1. Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдарда Қазақстан экономикасында болған өзгерістерді ата.
2. "Үлкен Түркістан" картасына фашистер қай жерледі кіргізеді?
3. 1939жылы Қазақстан тұрғындарының саны қанша болды?
4. Германия билеушілерінің КСРо-ны жаулап алуға жасалған жоспары қалай аталады?
5. Соғысып жатқан әскердің қатарына қанша адам аттанды?
6. Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негзінен қай қалаларда орналасқан?
7. Ұлы Отан соғысы кезіндегі бұқараның еңбекке құлшынысын немен түсіндіруге болады?
Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру:
Осы батырларымыздың суреттері нені білдіреді?
Әр топтан бір оқушы үй тапсырмасын айтады
АКТ-мен жұмыс жасаған оқушының жұмысы көрсетіледі
Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, батырлардың суреттерін шығарады
І. Білу Электронды оқулықтан мәлімет көрсету
Ресурспен жұмыс:
"Ойлан. Жұптас. Талқыла"
Мәскеу-Ленинградта жасаған ерліктер
Сталинград-Шығыстың кілті
Батысты азат ету
Оқушылар ресурсты оқи отырып, Қазақстандықтардың Мәскеу, Ленинграл, Сталинград және Батыста көрсеткен ерліктерімен танысады.
ІІ.Түсіну Постермен жұмыс:
"Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында"
Постер жұмысын қорғау
Өздеріне мақсат қоя білуге үйренеді.
Әр топ өз постерін қорғауға дайындалады.
Әр топтан бір оқушы тақырыптарын қорғап, білімдерін ортаға салады.
Топ мүшелері жауаптарды өзара бағалап отырады
Сергіту сәті
(Денелерін, ойларын сергіту)
ІІІ. Қолдану "Батырлар" кестесі
(Әр топқа 3 батыр)
Батыр Батыр Батыр
Топпен жұмыс жасай отырып кестені толтырады
1-топ: Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров
2-топ: Б.Бейсекбаев, С.Баймағанбетов, Ғ.Сафиуллин
3-топ: Н.Әбдіров, Ж.Елеусізов, Т.Бигелдинов
ІҮ. Талдау
Сәйкестендіру тесті
Ұшқыштар Мәскеу, Ленинград, Сталинград
Пулеметшілер, мергендер Наганов, Фурсов, Тұрдиев, Шолтыров
Батыр қалалар Н.Әбдіров, Т.Бигелдинов, Л.Беда,И.Павлов
Панфиловшылар, мергендер, минометші М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Қ.Сыпатаев
Брест қамалын қорғаушылар Клочков, Ғабдулин, Тоқтаров
Партизандар Қ.Қайсенов, Ж.Ағаділов, Е.Воробьева, П.Семенова
Тестіні сәйкестендіріп орнатады
Ү.Жинақтау "Бумеранг" әдісі
Балалар бумеранг дегеніміз не?
Сабақты қорыту: Мемлекет басшысы Н.Назарбаев "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Жолдауында биылғы жылы патриоттық жыл белгіледі. Яғни Ұлы Жеңіске биыл 70 жыл толатынын атап көрсетті.
Ән Оқушылар қағазға сұрақ жазады, сол сұраққа өздері жауап береді.
Оқушылар ән орындайды.
ҮІ.Бағалау Топ басшысының бағалау критерийлері арқылы бағалауы
V. Үйге тапсырмасын беру Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы
Арнау, өлең шығару Оқушылар күнделіктеріне жазады.
VII. Рефлексия
Кері байланыс қағазын тарату Өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазады
1. Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдарда Қазақстан экономикасында болған өзгерістерді ата. 2. "Үлкен Түркістан" картасына фашистер қай жерледі кіргізеді?
3. 1939жылы Қазақстан тұрғындарының саны қанша болды?
4. Германия билеушілерінің КСРО
-ны жаулап алуға жасалған жоспары қалай аталады?
5. Соғысып жатқан әскердің қатарына қанша адам аттанды?
6. Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негзінен қай қалаларда орналасқан?
7. Ұлы Отан соғысы кезіндегі бұқараның еңбекке құлшынысын немен түсіндіруге болады?