Презентация по истории на тему 1941-1945 жылдарда?ы ?лы Отан со?ысы


Ұлы Отан Соғысы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына (Мажарстан, Италия, Румыния, Финландия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі. «Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады, кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын). 1941 жылдың мамыр айында әскерлер ішкі округтардан Днепрдің батысына, шекараға жақынырақ жерге жылжытыла бастады. Шекаралық дивизияларды толықтыру үшін запастан 800 000 адам әскерге шақырылды, маусымның 16-18-дерінде шекаралық округтардың резерв дивизияларын алға жылжыту басталды. Оларға шекараның маңында бекіну туралы бұйрық берілді. Бұл шаралар тым кеш жасалғандығы Германияның шабуылы басталғаннан кейін анық болды. Әскерлер неміс шабуылын жүздеген шақырымға созылған, ұйымдаспаған күйде қарсы алуға мәжбүр болды. 1941 жылғы маусымның 18-інде КСРО-ның әскери теңіз флоты мен шекара әскерлері ұрысқа әзірлік жағдайына келтірілді. ЖШҚӘ-ге бұндай бұйрық тек маусымның 21-інде ғанаберілді. I-тірек кесте«Батыр жерлестеріміз» Қазақстаннан 1 млн. 200 мың адам соғысқа аттанған Әскери бөлімшелер:-12 атқыштар дивизия;-4 атты әскер дивизия;-7 атқыштар бригадасы;-50-ден жеке полк,батальон Әскер көп ұлтты:-50 % қазақ;-37 % орыс;13 % басқа ұлт 1941-1942 ж. әскер оқуға:-42 мың жастар жіберілді;-16 мың офицер дайындалды Азық- түлік карточкасы енгізілді 316 атқыштар дивизиясы, генерал Панфилов Көшіп келгендер:-Батыстан 532,5 мың;-Жер аударғандар: 970 мың неміс, поляк Соғыстан оралмағандар 601 мың адам, әрбір үшінші қазақстандық Кеңес Одағының Батыры - 11600 адам;Қазақстандық – 497 адам;97 - қазақ Даңқ Орденінің III дәрежесіне ие болған 110 қазақстандық 1941 ж. Мәскеу соғысында:-316 Панфилов дивизиясы,- Клочков,-Б. Момышұлы,-М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров Батыр атанды. Дзотты жапқандар:-Сұлтан Баймағанбетов-Боран Нысанбаев-Тастемір Рүстемов-Сүндет Есқалиев-Ақәділ Суханбаев-Жұман Қарақұлов 2 рет «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған ұшқыштар-Талғат Бигелдинов- Л.И.Беда-И.Ф.Павлов-С.Д.Луганский Берлинге ту тіккендер:-Р.Қошқарбаев-Г.Булатов-Қ.Мәденов-Р.Қараманов Ленинград шайқасы:-Балтық шайқасында 156 қазақстандық.- Сұлтан Баймағанбетов-Дүйсенбай Шыныбеков Ең жас Кеңес Одағының Батыры:Жәнібек Елеусізов (18 жаста) Қазақтың Батыр қыздары:-Әлия Молдағұлова- Мәншүк Мәметова Сталинград майданында:7-гвардиялы дивизия. -Толыбай Мырзаев-Қарсыбай Сыпатаев-Қасым Аманжолов «Тылдағылар» Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 % - өсті Қазақстанға көшіріліп әкелінді:-220 фабрика, зауыты -Шығыс Қоңырат молибден жезді марганец- Хромит- Текелі полиметал комбинаты салынды Қарағанды шахтерлері 34 млн тонна көмір өндірді Қазақстан-молибденнің 60%- металлдың 65 %- руданың 79 % өндірді. Еске алдық ата-баба өткендерді,Отан үшін мәңгілікке кеткендерде.70 жыл болды, содан бері, Аналардың әлі бар күткендері.Жеңіс деген қасиетті елім үшін,Той-мереке, туып өскен жерім үшін.Ардагерлер құттықтаймыз жеңіспенен,Еңбекпенен, жерге төккен терің үшін.«Бұл күн-сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Бұл күн- әділеттң әділетсіздікті жеңген күні. Бұл күн – бүгінгі ұрпақтың соғыс ардагерлері сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күн». Н.Ә.Назарбаев 1941-1945 жылдар аралығында Қазақстаннан 1 миллион 200 мыңнан астам адам майданға аттанды. Соның жартысынан астамы, яғни халықтың шамамен 10 пайызы соғыстан қайтып оралған жоқ, — дейді тарихшылар. Соғыс жылдары республикада 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, соның ішінде 2 ұлттық атқыштар бригадасы майданға жөнелтілді. Бұдан бөлек, Қазақстанда 50-ге жуық полк пен батальондар жасақталған. 500 қазақстандық Совет Одағының батыры атағына ие болды. Солардың арасында төрт адам – Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский - екі мәрте Совет Одағының батыры атанды. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН БАТЫРЛАРЫ Мәметова Мәншүк Әлия Молдағұлова Бауыржан Момышұлы ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН БАТЫРЛАРЫ Ж. Малдыбаев Нұркен Әбдіров Сумин А.В Берлин үшін шайқас 1945 жылы 21 сәуірде, Рейхстаг үшін тартыс 29 сәуірде басталған. Бірақ қанды қақтығыс тек 2 мамыр күні ғана әрең аяқталды. Жүздеген мың солдат опат болған шайқас ең қанды қақтығыстардың бірі ретінде тарихта қалды. 1945 жылдың 9 мамыры - бұл ұлты мен дініне қарамастан барлық елдердің адамдары үшін ең жарқын, баршаға ортақ болған жеңіс күні. Қазіргі уақытта 9 мамыр - бұл соғысты бастан кешкендерді еске алу және болашақ ұрпаққа бейбітшілікті аманат ету күні. Жылдар өтіп 1945 жылдың мамырынан алыстап бара жатқан сайын, қатарымызда балалары мен немерелерінің болашағы үшін ұшқан оққа кеудесін тосқан ардагерлер саны сиреп барады. Мамыр айының басында бүкіл қазақстан қалаларда салтанатпен өткізілетін мерекенің басты тұлғалары - соғыс ардагерлері мен тылда еңбек еткен адамдар. Әрбір әлемнің елдерінде Ұлы Отан Соғыс батырларына ескерткіштер бар. Олардың есімімен көшелер, ауданы деп аталады. Қапшағай. Қазақстан. Астана. Қазақстан.