Открытый урок по истории на тему:?ола д?уірі
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық-мәдени
өмірдегі өзгерістер.
Сабақтың мақсаты:
Қола дәуіріндегі климаттың өзгеруін, отырықшы және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен таныстыру. Кетпенді егіншілік пен зергерлік өнері жайында түсіндіре отырып Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері туралы ашып көрсету.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық-
мәдени өмірдегі өзгерістер жайында толық меңгереді.
Сабақтың түрі: аралас.
Пән аралық байланыс: география
Әдісі: сұрақ-жауап.
Көрнекілік: Қазақстанның картасы, суреттер, интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау. Андрон мәдениеті. &19-20.«Кім білгір, кім жылдам» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру:
1. Андрондықтар шаруашылықтың қандай түрімен айналысқан? (Мал шаруашылығы)
2. Академик В.Алексеев андрондықтардың сырт бейнесін қалай сипаттады? («Андрондықтар» мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған.)
3. Андрондықтардың баспаналары қандай? (Олар жартылай жертөле сияқты салынып, сырты балшықпен сыланған, үйдің шатырына сырғауылдар пайдаланылды, оның үстіне шөп төсеп, үйтін топырақпен жапқан)
4. Қола дәуірінде ыдыс жасаудың қай түрі ерекше өрістеді? (көзе құмыралар жасау)
5. Ғалымдар қазақтың киіз үйлерін кімдердің бспаналарына ұқсатады? (андрондықтардың баспаналарына).
6. Андрон мәдени-тарихи бірлестігі екі дербес мәдениеттен тұрады, соларды атаңдар? (Алакөл, Федеров)
7. Андроновтықтар қай нәсілге жатады? (еуропалық)
Жаңа сабақтың жоспары;
1. Климаттың өзгеруі.
2. Отырықшы және жартылай көшпелі мал шаруашылығы.
3. Кетпенді егіншілік.
4. Зергерлік өнер.
5. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
Өз бетінше игеру 10 минут.
Топтар постер қорғайды (әр топ 2 минут)
Үлгерімі төмен оқушыларға үлестірмелі карточкалар беру.
Бекіту.
1. Беғазы-Дәндібай мәдениетін Андрон мәдениетімен салыстырыңдар.
2. Климатта қандай өзгеріс орын алды?
3. Беғазы-Дәндібай тұрғындары қандай кәсіппен айналысты?
4. Тұрғын үйлеріне сипаттама беріңдер.
Тест сұрақтары:
1. Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан қазақтың ғалымы
а) Ш.Уәлиханов
ә) А.Байтұрсынов
б) Ә.Марғұлан
2. Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты?
а) таудың жағасында
ә) өзендердің жағасында
б) үңгірлерде
3. Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындары
а) қорғандар
ә) қабірлер
б) обалар
4. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі
а) көзе құмыралар жасау
ә) дән үккіш жасау
б) келі мен келісап жасау
5. Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі саласы
а) егіншілік
ә) мал шаруашылығы
б) бау-бақша өсіру
6. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды?
а) 1946 ж.
ә) 1945 ж.
б) 1944 ж.
7. Ежелгі адамдар пайдаланған мыс пен қалайының қосындысы
а) алтын
ә) қола
б) мыс
Бағалау.
Үйге тапсырма: &21-22. Қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық-мәдени
өмірдегі өзгерістер. 66-72 бет.