Жер тарихы ж?не оны? зерттеу ?дістері


Сабақтың тақырыбы: Жер тарихы және оның зерттеу әдістері
Сабақтың мақсаты: Жер тарихының белгілі бір заманға, кезеңге, дәуірге, ғасырға бөлінуі және онда тіршілік ететін тірі ағзалар жайлы мағұлмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі: Жер тарихының зерттеу әдістерін меңгерте отырып,білім деңгейлерін жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Студенттердің дүниетанымдылығы,ұлттық тәрбие негізінде өз ұлтының ғасырлар бойы жинақталған құнды тәжірбиелері мен тәлім-тәрбиесін қалыптастыру.
Дамытушылығы:Студенттердің сөз байлығын ,ойлау қабілетін, байқағыштық қасиетін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: Іздену сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,зерттеу,ой тастау,ой бөлісу,этнопедагогика технологиясы..
Сабақтың жабдығы:Интерактивті тақта,плакаттар,презентация, кеспе қағаздар.
Пән аралық байланыс: Тарих, география, этнопедагогика
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
(студенттермен амандасу, түгендеу, оқу-құрал жабдықтарын қадағалау) (2 мин)
2. Жаңа сабақты түсіндіру. (бейне таспа «Жер туралы) (3 мин.)
I. Қызығушылықты ояту сатысы:
Оқытушының нұсқауы: Жер туралы не білеміз?
Оқытушының нұсқауы: Қазір осы сұрақ бойынша барлығыңыз ойланып,алдарыңызда жатқан ақ параққа жеке түрде барлық білетін ақпараттарыңызды жазып шығыңыздар. (3 мин)
Оқытушының нұсқауы: Жазып болсаңыздар, осы жазған ақпараттарыңызды топта барлығыңыз бірге талқылап,ортақ ойды жариялауға дайындалыңыздар. (3 мин.)
Мұғалім тақтаға «Не білеміз?» деген бағанды толтырып шығады?
Әр топтан бір студент топтың ойын жариялап шығады,ойлар тізбектеліп тақтаға жазылады.
Оқытушының сұрағы:Тағы да қосатын ойларыңыз болса,мәліметтер айтыңыздар. Бағанды толтырып болғаннан кейін,мұғалім ақпараттар тізбегінің астын сызып қояды.
Оқытушының сұрағы: Студенттер енді Жер туралы тағы
«Не білгіміз келеді?»
Оқытушының нұсқауы: Қазір осы сұрақ бойынша барлығыңыз ойланып жеке түрде барлық білгіңіз келетін ақпараттарыңызды сұрақ түрінде рәсімдеп шығыңыздар. (3 мин.)
Оқытушының нұсқауы: Енді бір-бірлеріңізге қосқан ақпараттарды топта барлығыңыз бірге талқылап,ортақ ойды жариялауға дайындалыңыздар. (3 мин)
Мұғалім тақтаға «Не білгіміз келеді?»деген бағанды толтырады. Әр топтан бір студент ойын жариялап шығады. Ойлар тізбектеліп тақтаға жазылады.
II.Мағынаны ажырату сатысы:
Топ өз жанұя тобында жұмыс жасайды. Әр топқа «Жер тарихы және оның зерттеу әдістері» жайлы мәтін таратылады.
Архей тобына: (Жер тарихы және оның зерттеу әдістері)
Полеозой тобына: (Полеозой заманындағы тіршіліктің дамуы)
Мезозой тобына: (Мезозой заманындағы тіршіліктің дамуы)
Кайнозой тобына: ( Кайнозой заманындағы тіршіліктің дамуы.)
Студенттер мәтінмен толық танысып шығады. 10 мин.беріледі.
Оқытушының нұсқауы:
Мәтінмен толық танысып болсаңыздар ,ойларыңызды топта бөлісулеріңізді сұраймын. 4 мин.
Топ мүшелері мәтінмен танысып шыққаннан кейін ойларын ортаға салып ой бөліседі. 3мин.
Оқытушының нұсқауы:
Әр топ басшыларына киіз үйге бекітілген тапсырмалар беріледі.Тапсырма жер тақырыбына байланысты ,әр топқа берілген тапсырма бойынша жұмбақтар,мақал-мәтелдер,нақыл сөздер,аңыздар айтылады. ( 3 мин)
III. Ой толғаныс сатысы:
Студенттердің айтылған ақпараттары бойынша «Не үйрендім» бағаны толтырылады.Алғашқы бағандағы студенттердің білімдерін «Не үйрендім» бағанымен салыстырып ойды дәлелдегенін сұрақтарын өз жауабын талқылап,жауабы табылмағанын сұрақтарға үйге ізденіп келуге тапсырылады. 3 мин
Бағалау:
Топ басшылары , топ студенттерін бағалап ,мұғалімге жариялайды.Мұғалім студенттерді бағалайды. 3мин
Үйге тапсырма: Жер тарихы және оның зерттеу әдістері.
Рефлексия 2 мин
Астана қаласы Білім басқармасы
Еуразия гуманитарлық институтының колледжі
БЕКІТЕМІН
Директордың ОӘЖ
жөніндегі орынбасары
_________ С.Заурбекова
«___»___2016ж
Жер тарихы және оның зерттеу әдістері
( биология пәнінен ашық сабақтың әзірлемесі)
Топ: ПДК-11
1 курс
Оқытушы: химия,биология және география
пән мұғалімі Қасен Г.А.
Жалпы білім беру пәндер
ПБК отырысында қаралды
Хаттама № « ___»____2016ж
ПБК жетекшісі______ Г. Касен
Сабақты бақылау және бағалау парағы
Колледж_________________ Тексеруші_____________________
Мерзімі Тобы Топтағы студенттер саны
Сабақта
Оқытушысы Т.А.Ә.
Пәні