Биология п?ні Мезазой заманында тіршілікті? дамуы


№37 сабақ.
Сабақтыңтақырыбы: Мезозой заманындағы
Жерде тіршіліктің дамуы. Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы ОМ МДШО КММ
Күні: 26.01.2017 ж
Мұғалім: Г.А.Абдуллаева
Сыныбы: 11«Б» биология
Қатысқаны: Қатыспағаны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
Оқушыларда Мезозой заманында тіршіліктің дамуы:өсімдіктер эволюциясы /тұқымды өсімдіктердің жойылып, ашық,жабық тұқымды өсімдіктердің шығуы/,жануарлар эволюциясы: динозаврлардың/теңіз тасбақаларының түрлері , алғашқы құстар мен сүтқоректілер) пайда болуы туралы білімдері қалыптасады, шығармашылық қабілеттері дамиды,сын тұрғысынан саралай білулері қалыптасады.
Ойлау қабілетін, сөздік қорын,ауызша және жазбаша қабілетін дамыту.
Сабақ мақсаттары Мезозой заманыңда Жерде тіршіліктің дамуын Триас, Юра, Бор кезеңдеріндегі өсімдіктер мен жануарлар эволюциясы арқылы дәлелдеп к алғашқы сүтқоректілердің пайда болуы, «жорғалаушылар ғасыры» екенін айта білуді үйренеді.Мезозой заманындағы өсімдіктер түрлерінің жойылуы мен түзілуі,жануарлар түрлерінің дамуын, олардың ерекшелігін тани білуді меңгереді.Геохронологиялық кестемен жұмыс жүргізе отырып, салыстыруды үйренеді.
Жетістік критерийлері Тақырыпты игергеннен кейін оқушылар Мезозой заманының кезеңдеріндегі тіршілік иелерінің түрлерін, дамуын,құрылым деңгейінің күрделенуін ажырата алады.
Тілдік мақсат Оқушылар: Мезазой заманында Жерде қандай тіршілік иелерінің пайда болуын өзі түсіне отырып, өзгелерге де түсіндіре алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: Заман, эволюция, кезең, Кембрий, Ордовик, Силур, Девон,Тас көмір(карбон) Пермь, Триас, Юра, Бор ароморфоз
Сыныптағы диалог: Оқушылар кестемен, электронды оқулықтан тыңдағандарын қолдана отырып, постерге түсіру кезінде ортақ мәмілеге келеді, бір-бірімен пікір алмасады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды өз бетімен,топпен жұмыс жасауға,ойын ашық жеткізуге, сабаққа белсене қатысуға,білім мен шеберлікті қолдана білуге ұмтылдыру
АКТ қолдану дағдылары Оқулық, Жердің геохронологиялық шежіресі 7-кесте, АКТ, e-learning жүйесіндегі кітапхана.Электронды оқулық,Флипчарт, постер
Бастапқы білім Палеозой заманында тіршіліктің пайда болуы, Жер бетінде қандай өзгерістер болғанын, күрделі эволюциялық өзгерістер туралы баяндау
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
Сабақтың басы
Білу
дискриптор Ұйымдастыру кезеңі.Музыка әуенімен (табиғат дауысы) психологиялық ахуал орнату.
Топқа бөлу.
Оқушыларды үлестірмелі қағаздар арқылы топқа бөлу:
1-топ: Триас 2-топ: Юра 3-топ: Бор
1-тапсырма: «Нені біліп келдім?»
Өткен тақырыптармен байланысты сұрақтар.
Палеозой замандағы тіршіліқтің дамуын(қандай өсімдіктер,жануарлар) пайда болғанын үйреніп келдім.
(Әр топқа тапсырма)
1-топ .
1. Палеозой заманының Кембрий кезеңінде қандай өзгерістер байқалды?.
2.Протерозой заманында омыртқасыз жануарлардың қандай топтарының өкілдері тіршілік етті?
2-топ
1. Протерозой заманында тіршілік еткен организмдердің қазба қалдықтары қай жерлерде табылған?
2.Палеозой заманының Таскөмір, Пермь кезеңдерінде өсімдіктер мен жануарлардың таралуын түсіндір. «таскөмір кезеңі» деп аталу себебі?
3-топ 1. Палеозой заманының Кембрий кезеңінде теңіздерде қандай организмдер кеңінен таралған?
2.Палеозой заманында байқалған күрделі эволюциялық өзгерістерді атаңдар ?
2-тапсырма: «Ой қозғау»
1.Жер тарихының пайда болуында қанша заман бар?
/5 заман Архей- ежелгі заман, Протерозой- алғашқы тіршілік заманы, Палеозой -ертедегі тіршілік заманы, Мезозой –ортадағы тіршілік заманы, Кайназой/
(Жаңа сабаққа көшуде біз өткен сабақта Палеозой заманындағы тіршіліктің пайда болуымен таныссақ, бүгін Мезозой заманында тіршіліктің дамуымен танысамыз) АКТ, үлестірмелі қағаздар
Сабақтың
ортасы
дискриптор
Түсіну және қолдану 3-тапсырма: Жаңа сабақты түсінуге дайындық
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын істі тындырар күшің барда.
Оқы,үйрен,жас ұрпақ,бәрін меңгер,
Алға қойған мақсатың,ісің барда
Мұғалім түсінігі e.Learning электронды оқулық бойынша бейнефильм көрсету.
4-тапсырма: «Білгенге маржан» /постерқорғау/
(Маңызды түйін оқушылар өз ойларын тиянақтап термин сөздермен, геохронологиялық кестемен жұмыс жүргізеді)
1-топ. Юра кезеңдеріндегі тіршілікті түсіндіру / осы дәуірдегі өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін постерге түсіріп, қорғау/
2-топ: Бор кезеңіндегі тіршілікті түсіндіру / осы дәуірдегі өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін постерге түсіріп, қорғау/
3-топ: Триас кезеңіндегі тіршілікті түсіндіру / осы дәуірдегі өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін постерге түсіріп, қорғау/
5-тапсырма«Еңбегіне қарай өнбегі» тест.
(Білімдерін тексеру).
 І топ
1. Тіршілік өздігінен пайда болды”деген теорияға қарсы шыққан ғалым:
А)Луи Пастер; Б) Франческо Реди;
В)А.Левенгук; Г) Аристотель.
 2. Тіршілік үшін күрес түрлері?
А)Түрішілік; Б) Түр; В) Түрше; Г) Түраралық
3.Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы дұрыс болжамды ұсынған ғалым?
А) ДжонХолдейн; Б) Стенли Миллер;
В) Джон Тиндаль; Г) А.И. Опарин.
 4.Протобионттар немесе “тіршілік жолашары”
А)Коацерваттар; Б)Бейорганикалықзаттар;
В)Газдар қоспасы; Г) Су буы.
 5.Жануарларда мүшелер жүйесі пайда болды?
А) Протерозой Б) Архей В) Палеозой Г) Кайназой
ІІ топ:
1. Тіршілік жаратылымының ең жоғары деңгейі
А) Популяциялық; Б) Молекулалық;
В) Биосфералық ; Г) Ағзалық
2.Американдық зерттеуші Сидней Фокс тәжірибе арқылы не алды? А)Май; Б) Протеиноид;
В)Несепнәр; Г) Сірке қышқылы.
3.Эволюциялық өзгерістердің құрылым деңгейлерін күрделендіретін бейімділік
А)Дегенерация; Б)ароморфоз; В)конвергенция;
Г)идиоадаптация С) арогенез
4.Тірі ағзалар жиынтығы жер бетінде құрайды:
А) ауа биомассасын, В) су биомассасын,
С) орман биомассасын, Д) ғаламшар биомассасын,
Е) құрлық биомассасын
5.Л.Спалланцани нені дәлелдеді?
А)Тіршіліктің өздігінен пайда болуын;
Б)Споралар өнуін; В)Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын; Г)А және Б
ІІІ топ:
1.Көпжасушалы балдырлар өсті :
А)Палеозой; Б) Архей В) ПротерозойС)Мезозой
2. Триас кезеңіндегі жорғалаушылар түрі, крокодилге ұқсастығы:
А) Иә, сыртқы түрі ұқсас Б)Ұқсамадйды;
В) Архозаврлар; Г) Ихтиозаврлар.
 3.Мұхиттар мен теңіздердегі жорғалаушылар тіршілігі :
А)Саны азайды; Б)жаппай жойылу жағдайы байқалды;
В)Саны күрт көбейдіГ)Тіршілік болмады.
 4.Судың азаюып саяздануынан ең алғаш құрлыққа шыққан өсімдік
А) қылқан жапырақтылар; Б) Балдырлар;
В) Псилофиттер; Г) Риниофиттер.
 5.Алғашқы қылқанжапырақтылар пайда болды?
А) Палеозой; Б)мезозойВ)ПротерозойС) Пермь
Жауабы:
   І топ        ІІ топ         ІІІ топ           
          1.а         1. в                1. в  
          2.а,г        2.а,в             2.а,б
          3.г         3.б,с              3. в
          4.а         4. д               4. б
          5.а         5. в                5. в,г
Тесті тексеру шкаласы:
6 - “5”, 4 -5- “4”
3- “3” 0-2 –«2»
6-тапсырма “Білім кілті танымдылықта”
Оқушыларға қатесімен биологиялық диктант таратылады.Олар қатесін табуы қажет.
Ітоп.Архей бұдан 35млн жыл бұрын басталып,ұзақтығы 900мың жылға созылған жер қыртысының тарихындағы ең жаңа тіршілік пайда болған заман. Фотосинтез нәтижесінде атмосфера құрамында көмірқышқыл газы мөлшері көбейді. Протерозой заманында топырақ түзілу процесі жүріп,теңіздер мен құрлықтар пайда болды. Теңіз,мұхит түбіндегі тіршілікке бейімделу барысында организмдердің құрылысы қарапайымдалып,әртүрлі қызмет атқаратын дене бөліктері жойыла бастады. Осы кезде хордалылардың қарапайым өкілі-буылтық құрттар да тіршілік етті.
ІІтоп.Палеозой заманында тек құрлықта болған тіршілік біртіндеп суға ауыса бастады.Осы кезде ең алғашқы су өсімдіктері спорамен көбейетін псилофиттер пайда болды.Спорамен көбею кейін түйнек арқылы көбеюмен алмасты.Мезозой заманын органикалық дүниенің даму тарихында “қосмекенділер ғасыры” деп атайды.Жабық тұқымдылардың орнына ашық тұқымды гүлді өсімдіктер шықты.
ІІІтоп.Кайнозой көне тіршілік заманы,67мың жыл бұрын қалыптасып, қазіргі кезге дейін жалғасуда.Климаттың салқындауына байланысты мәңгі жасыл ормандар жойылып,олардың орнына қыста жапырағын тастамайтын ағаштекті өсімдіктер тіршілік етті.Осы кезде жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілерден аңдар отряды бөлініп шықты.Ұсақ жануарлардың көпшілігі суықтан немесе қауіп-қатерден суға,қарға тығылып, тіршіліігін сақтап қалды. Маймылдың жаралуы,шеткі жүйке жүйесінің әрекеті пайда болды.  АКТ, оқулық.
Постер қорғау,
Флипчарт
тағы
тапсырмалар,
тест жұмыстары, биологиялық диктант
Соңы
Бағалау
Рефлексия «Бағдаршам» бойынша бүгінгі сабақтағы түсінгендерін анықтау
Жасыл- барлығы түсінікті
Қызыл-түсінген жоқпын
Сары- әлі де практика қажет
Сұрақтар болса жауап беру, түсіндіру
Түсінуі Теориялық білімі Қолданылуы
«Екі жұлдыз, бір тілек!» Бағдаршам белгілері
Жаңа сабақты бағалау дескрипторы
Үйге тапсырма беру. § 37-38 оқу Мезозой заманындағы тіршіліктің пайда болуы.
/Ережелер/ Үйге берілген тапсырмаға нұсқау беру.
Қосымша ақпарат E.Learning бейнефильм,Электронды оқулық
Саралау: Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Тестпен жұмыс,жұптық жұмыс,мәтінмен жұмыс.
Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Әр оқушы қабілетіне қарай Жерде тіршіліктің даму барысын танып білу, салыстыру тапсырмаларын ұйымдастырамын Бағалау: Оқушыларға үйренгенін тексеруді қалай бағалайсыз? Пәнаралық байланыс:
АКТ-мен байланыс
Тарих,география,
пәнімен байланыс
Мезозой заманында тіршілікті танып біледі,кестеге жазады.
Түсінуі Теориялық білімі Қолдануы