Ю дыбысы мен ?ріпі(1 класс)


Сауат ашу Уақыты: 25.11 2015.ж. Мұғалім:Жулаева А.А.
Сабақтың атауы Юю дыбысы мен әрпі
Сабақтың жабдығы Суреттер,кеспе әріптер,ноутбук,микрофон,конверт.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі 1.Білім:оқушыларға Ю ю дыбысын тыныстыру,әріптің жазылу элементтерін үйрету.Сөздегі орны туралы түсінік беру.Ю дыбысы кездесетін сөздерді дұрыс оқу мен жаза білуге дағдыландыру.
Білік:Ю ю дыбысына қатысты жаңа сөз ойлату,сөйлемдер құрау. Танымдық іс-әрекеттер арқылы ой-өрістерін,тілін дамыту.
Дағды:оқушылардың ой-өрісін,тіл байлықтарын,тапқырлық іздемпаздық қасиеттерін дамытуЫнтымақтастық атмосферасы Оқушылармен сәлемдесу
Тренинг арқылы класта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.
Қане шеңбер құрайық,
Дөнгелене тұрайық.
Ұнаған оюды таңдап ап,
Тобымызды табайық.
Ою түрлері арқылы топқа бөліну.
«Арқар мүйіз», «Тұмарша»,
Қызығушылықты ояту Жасырылынған жұмбақтың жауабын тап.
Орманнан ,жалпақ даладан
Бал іздеп бір аң жортады.
Кіп-кішкене арадан
Үп-үлкен боп қорқады. (Аю)
Мағынаны тану
«Конверттегі сұрақ» әдісі
Оқушылар конверттен кезек-кезек сұрақ алып, жауап береді
1.Аю сөзінің соңғы дыбысын бөліп айт.
А-ю-ю-ю бұл дыбыс екі дыбыстың қосрлануы арқылы жасалады И+У=Ю.
2.Ю дыбысы неше әріппен жазылады?
Бұл бір ғана әріппен жазылады.
3.Ю дыбысын айтқанда ауыз қуысында кедергі бол ма?
Дауысты дыбысты айтқанда өкпедегі ауа ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай шығады.
4.Ю дыбысы қандай дыбыс?
Ю – дауысты дыбыс.
5. Ендеше бүгінгі сабағымызда өтілетін қай дыбыс?
Конверттегі әдісі арқылы сұраққа жауап беріп жаңа сабақпен өз беттерінше танысады.
Сергіту сәті Тынығу сәті (реалаксация)
Оқушылар музыка әуенімен түрлі қимылдар жасайды.
Ой толғаныс «Стоп – кадр!» әдісі
Сөздер оқып тұрамын ю дыбысы бар сөздерді естігенде оқушылар
«стоп-кадр!» деп айтады.
Ақ, ою,орын,көбею ,азаю,сия,сая,күю,қиют.б.
«ТВ шоу» әдісі
Әр топтан бір оқушыдан шығып, ТВ қонағы болады. Бір оқушы жүргізуші ролінде. Жүргізуші сұрақ қояды, қонақтар жауап береді.
1.Үлкею сөзінде қанша буын бар?
2.Қанша дауысты және дауыссыз дыбыстар бар?
3.Ю дыбысы нешінші буында ?
4.Қандай дыбыстардың қосарлануы арқылы жасалып тұр?
5.Ю дыбысынан келетін сөздер айт.
«Қазақ оюлары» шағын видео ролик көрсетіледі».
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты ашу Ою.
«Ойлан, бірік, бөліс!» әдісі бойынша мәтінді меңгерту.
Үш шапалақ арқылы мадақтау.
Оқушылар әуелі жеке сосын жұптасып мәтінді оқиды, сыныпта бөліседі.
«Санадағы кинофильм» әдісі арқылы «Ю әрпі мен дыбысының » жазылуын меңгерту. Электронды оқулықтан тыңдатылады және көрсетіледі.Тыңдалғаннан кейін ауада жазғызу.Дәптерге орындату.
«Суреттер сөйлейді» , «Әжемнің оюы». Суреттерге назар аударып атауында ю дыбысы бар суретті көрсету.«Әжеме көмек» ойыны.Әжеміздің оюы сияқты біз де дәптерімізге әдемілеп, Ю ю әрпін,және Ю әрпі бар сөз жазайық.
Ю Әжем сырмақ оюлады.
Ю аю ою қою тою
«Шашылған сөздер» әдісі
Көп нүктенің орнына әріптердің тиістісін қойып сөйлем құрап жазу.
Жаз.... таза міндетіміз.
Терісінен бас к...ім ақ т.... іннің тігеді.
Хайуанаттар бағына та....уда аңдар әкелді.
«Сиқырлы әріптер» әдісі. Қима буын арқылы сөз жазу.1 – топ 2 – топСо То Бо«Ашық микрофон» әдісі
Оқушылар сұраққа жауап береді.
Бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Сен үшін қандай тапсырма қиындық туғызды? Сабақтан қандай ой түйдің?.
Үш шапалақ. Жұмбақ шешу.Ұстап әкеп шеңберді,Байлап қойдым бағанға (Ю)
 Бағалау Үш шапалақ арқылы мадақтау. Ұлтымыздың ою - өрнектерін сыйға тарту.
Смайликтерді қалауынша жабыстыру
Кері байланыс
Ембі қалалық жанындағы интернатпен №7 орта мектебінде 1 «а» класында сауат ашу пәнінен өткен
«Ю дыбысы мен әрпі » тақырыбындағы ашық сабақты талдау
Х а т т а м а с ыҚатысқаны: 2 мұғалім 25.11.2015 жыл.
Қаралған мәселе:
«Ю дыбысы мен әрпі » ашық сабағын талдау.

Тыңдалды:
1.Жулаева А.А.-бастауыш класс мұғалімі.
Ю ю дыбысын тыныстыру,әріптің жазылу элементтерін үйрету.Сөздегі орны туралы түсінік беру.Ю дыбысы кездесетін сөздерді дұрыс оқу мен жаза білуге дағдыландыру.Осы мақсаттарға жеткендігін айтты.
Шығып сөйлеушілер:
1Демесинова Г.Ғ.-бастауыш класс мұғалімі.
2.Кужанова З.Қ. -бастауыш класс мұғалімі .
Мұғалімнің ізденгендігі көрініп тұр. Көптеген әдістер қолданылған. Бұл сабақта маған мұғалімнің әдістері және тапсырмалары өте ұнады.Оқушылар бір-бірін үш шапалақарқылы мадақтап отырды. ТВ шоу» әдісі оқушыларға өте қызық болды. Әр топтан бір оқушыдан шығып, ТВ қонағы болып сұрақтарға жауап беріп

Қаулы:
1.« Ю дыбысы мен әрпі» ашық сабағы жақсы деп бағалансын.
2.Сабақты талдау барысында айтылған кемшіліктер ескерілсін.

Әдіс бірлестігінің жетекшісі: Демесинова Г.Г.
Хатшысы: Кужанова З.Қ.
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Сауат ашу Класы: 1 «А» Мерзімі: 25.11.15
Тақырыбы: Ю әрпі мен дыбысы
Жалпы мақсаты: Оқу нәтижесі: Д.Қасенов және Е.Елубаевтың өмірі мен шығармалары туралы біледі. Табиғатты сипаттай алу дағдылары жетіледі
Түйінді идея: Жаңбыр жауса – жер ырысы
Сабақ мазмұны
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
2 мин
4 мин Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру:
Ою түрлері арқылы топқа бөліну.
«Арқар мүйіз», «Тұмарша»
Үш шапалақ арқылы бағалау Қане шеңбер құрайық,
Дөнгелене тұрайық.
Ұнаған оюды таңдап ап,
Тобымызды табайық.
Оқушылар таңдаған оюлары бойынша топқа бөлінеді.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді Видеоролик
бұлт, найзағай, су тамшылары, қолшатыр ұстаған балалардың суреттері
8 мин «Портреттер сөйлейді» әдісі
Интерактивті тақтадан авторлардың суретін көрсету
Кемпірқосақ суретін тарату арқылы бағалау Оқушылар авторлар туралы жинап келген мәліметтерін кезекпен айтады Интерактивті тақтада авторлардың портреті
12 мин «Тыңдап отырған үшбұрыш» әдісі бойынша мәтін мен өлеңді оқу
Гүл шоқтары бойынша бағалау Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы рөлін атқарады. Сөйлеуші бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.Келесі жолы рөлдер ауысады. 8 мин «ТВ шоу» әдісі
Кемпірқосақ суретін тарату арқылы бағалау Әр топтан бір оқушыдан шығып, ТВ қонағы болады. Бір оқушы жүргізуші ролінде. Жүргізуші сұрақ қояды, қонақтар жауап береді Микрофон
8 мин «Модельдеу» әдісі
Суретшілер: жаңбырға дейінгі табиғатты бейнеле
Жазушылар: Жауыннан кейінгі табиғатты сипатта
Ақындар: Тақырыпқа сай өлең құрастыру
Ғалымдар:Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер жазу
Гүл шоқтарын таратамын Топпен ойласып жазып, жауап береді Плакат, маркер, фломастерлер, дәптер
2 мин Коллаж құрастыру
Үш шапалақ Гүл шоқтары, кемпірқосақ суреттерін іліп ашық күнді құрастырады. Басында ілген суреттерін алып тастайды Гүл шоқтары, кемпірқосақ суреттері

Пәні: Сауат ашу Класы: 1«А » Мерзімі: 25.11.15ж
Тақырыбы: Юю дыбысы мен әрпі
Жалпы мақсаты: 1.Білім:оқушыларға Ю ю дыбысын тыныстыру,әріптің жазылу элементтерін үйрету.сөздегі орны туралы түсінік беру.Ю дыбысы кездесетін сөздерді дұрыс оқу мен жаза білуге дағдыландыру.Ю ю дыбысының орыс алфавитінен енген қосарлы дауысты дыбыс екендігін меңгерту,өлең жолдарын шапшаң оқи білуге үйрету
Білік:Ю ю дыбысына қатысты жаңа сөз ойлату,сөйлемдер құрау. Танымдық іс-әрекеттер арқылы ой-өрістерін,тілін дамыту.
Дағды:оқушылардың ой-өрісін,тіл байлықтарын,тапқырлық іздемпаздық қасиеттерін дамыту
Оқу нәтижесі: Ю ю дыбысымен танысады,әріптің жазылу элементтерін үйренеді.Сөздегі орны туралы түсінік алады.Ю дыбысы кездесетін сөздерді дұрыс оқып, жаза алады.Ю ю дыбысының орыс алфавитінен енген қосарлы дауысты дыбыс екендігін меңгереді,өлең жолдарын шапшаң оқуды үйренеді.
Түйінді идея: Ю әрпі туралы түсінік алады.
САБАҚТАҒЫ ІС- ӘРЕКЕТ
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
2 мин
2 мин
5 мин «Ұшты-ұшты» ойыны арқылы ынтымақтастық атмосфера орнату.
«Домино»әдісі арқылы топқа бөлу.
( туған жер туралы мақал-мәтел арқылы)
1.Отан үшін отқа түс,күймейсің
2.Әркімнің өз туған жері-
Мысыр шаhары
3.Туған жердің күні де,түні
де ыстық
«Ой түрткі» әдісі бойынша сабақтың тақырыбын ашу.
Ұшқыш дегеніміз кім?
Ұшқыш көкте ұшып жүргенде нелерді қызықтайды?
Тұған жер дегеніміз не?
Туған жер туралы мақал-мәтел білесің бе?
Оқушылар осылай топқа бөлінудің мәнісі неде? Сабақ тақырыбын айтуға талпыныс жасап көрейік.
Үш шапалақ әдісі арқылы бағалау Оқушылар ұшқыш ,ұшақ, тікұшақ ,зымыран болып бөлінеді.Ұшты-ұшты ұшқыш ұшты дегенде ұшқыштар орын ауыстырады.
Мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.
Сұрақтарға жауап береді. Оқушылар топқа бөлінудің мәнісі туралы өз ойларын айтып сабақ тақырыбын табады.
Мақал-мәтел жазылған домино
қима қағаздар.
15 мин «ЖИГСО» әдісі арқылы
С.Жиенбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Үш шапалақ әдісі бойынша бір-бірін бағалау
Автор туралы мәліметтер үш топқа бөлініп беріледі.
Мәліметтерді оқиды топтар
бір-біріне түсіндіреді.
Топтар постер қорғайды.
«Екі тілек,бір ұсыныс» Интербелсенді тақта
С.Жиенбаев
суреті,шығармалары, маркер.
10 мин
«Санадағы кинофильм» әдісі арқылы «Ұшып келем» өлеңін меңгерту. Электронды оқулықтан тыңдатылады..
«Бағдаршам арқылы бағалау»
Оқушылар көздерін жұмады.Оқылып жатқан өлең жолдарының мазмұны бойынша оқиғаларды көз алдарына елестетіп отыру сұралады.
1-топ. «Санасындағы кинокартинада» не болғандығы туралы айтады.
2-топ. Өлеңді жұпта бір-біріне оқып береді.Негізгі идеяны табады.
3-топ. Туған жер туралы мақал-мәтел жинастыру.
электронды оқулық
1 мин Тынығу сәті (реалаксация)
Оқушылар музыка әуенімен түрлі қимылдар жасайды. Интербелсенді тақта
8 мин «Ашық алаң» әдісі арқылы қорытындылау
1.Өлеңде кім туралы жазылған?
2.Ұшқыш көкте жүріп неге қызығады?
3. Туған жер мен елді құрметтеуге мақал-мәтел айтыңдар?
4.Туған өлкемізді көркейтуге қандай үлес қосасың.
5.Біздің туған жеріміз Ақтөбе қаласы Республикамызға несімен танымал?
Басбармақ арқылы бағалау
«Мен болашағымды қалай елестетемін» ой толғау жазу.
Допты алған оқушы сұраққа жауап береді.

«Мен болашағымды қалай елестетемін» ой толғау жазып келу. Доп
2 мин
«Ұшақ жапсыру» стратегиясы арқылы кері байланыс жасау.
Бүгінгі сабақта алған өз білімдерін бұлт пен күн тұсына ұшақтармен белгілеу тапсырылады.
С.Жиенбаев. «Ұшып келем» өлеңін жатқа айту Ұшақтарын неліктен олай жабыстырғанын бірнеше оқушыға дәлелдету. Ұшақтар,бұлт,
күн.
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ю әрпі, дыбысы туралы жалпы ұғым беру
Міндеттері: 1. Ю дыбысы бар сөздерді айту, дыбыстық, буындық талдау жасату, сигналды белгілермен жұмыс жасау; геометриялық фигуралармен таныстыру
2. Оқушының тілін, ойын дамыту.
3. Өнерді қастерлеуге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ю әрпі, ауыл көрінісі, тақырыпқа байланысты суреттер, жазбақағаздар.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық сәт.
Алақай, келіңіз!
Дайын тұр төріңіз!
Пальтоны ілейік,
Шешіңіз,беріңіз.
Тамақтар дап- дайын
Таңдайсыз қандайын?
Тағамның не түрін
Тағы қандайын?
Келіңіз, келіңіз
Сый –сыяпат көріңіз!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Мына геометриялық фигуралар арқылы не құрастыруға болады екен?
Ол үшін артындағы тапсырмаларды орындайық. (Әр орындалған тапсырма сайын оюлар беру)
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жиһаз сөзінде неше әріп, неше дыбыс?
Қоян сөзінде неше әріп, неше дыбыс?
Бояу сөзінде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?
«Қызғаншақ» өлеңін оқып беріңіз.
«Құлыншағым - құндызым» өлеңін оқып беріңіз.
Қатарларға тапсырма
* Я дыбысы кездесетін 5 қыздың атын ата.
* Я дыбысы кездесетін 5 ұлдың атын ата.
* Осы аттарды қатыстырып сөйлемдер құра.
Сонымен не құрастырдық?
Ендеше балалар біз автобуспен көрмеге барамыз.
ІІІ. Ой қозғау
Біз көрмеге жеттік. Қазақтың ұлттық оюлары бөлімінде оюлардың үлгілері қойылған. Балалар сендерге қолдарыңа не тараттым?
Оюлар қалай жасалады? Ою не үшін керек?
Енді балалар ою деп айтыңдаршы, сендерге қай әріп таныс емес? (ю дыбысы)
Дұрыс. Онда біздің жаңа сабақта өтетін дыбысымыз Ю әрпі мен дыбысы. Ю дауысты дыбыс, орыс тілінен енген сирек кездесетін дыбыс.
И мен У ды қоссаң қосарлану болар,
Істің артын тоссаң, жалғыз әріп қалар.
Баспа түрі Юю Жазба түрі Юю. Ю дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі. Мысалы: Орысша қазақ үйді юрта деп атаймыз. Юрта сөзінде сөздің басында кездеседі. Компьютер сөзінде ю әріпі ортасында келеді. Бұл әріптің ерекшелігі я әрпі сияқты қосарлы дыбыс береді. Осы айтылған қосарлы дыбысты көрейік. Ю / Й+У Я / Й+А Бірақ жазған кезде бір дыбыс жазамыз.
аю ою ию ұю үю бағандағы сөздерді хормен оқу.
Жұмбақ шешейік:
Қыс бойына жатады.
Тәтті ұйқыға батады. (аю)
Өлеңді оқу.
Таңқурай мен қорбаңбай
Қызарып пісті таңқурай,
Теріп жүр аю қалдырмай.
Жапырып бәрін қоғадай,
Қос қолдап келіп соғады –ай.
Көшетін өзім егіп ем, -
Шелектен суды сеуіп ем, -
Деп қойып, аю ербеңдеп,
Жидекті соқты телмеңдеп.
1 қатардың балаларына тізбектеп оқыту, 2 қатардың балаларына ю дыбысы бар сөздерді тапқызу, 3 қатардың балаларына талдату.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп –теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Көрмедегі кілемше, сырмақ түскиіздерді қараңдар олардың әрқайсысында әртүрлі оюлар бейнеленген екен.
Дәптермен жұмыс. Саусақпен ауада жазу, жазу дәптеріндегі үлгіні жазғызу. Ал балалар қазіргі кезде осы кілемшелерді дүкеннен де алуға болады. Бірақ біз қазір кілем сататын емес қандай дүкенге барамыз. Суретке назар аударту. Сұрақтар қоя отырып, мәтін мазмұнын ашу
Дүкенде мәтіні оқылып, 3-4 балаға оқытып, талданады.
Дүкенде
Ержан әлі кішкентай. Ол ойыншықтармен ойнағанды жақсы көреді. Апасы Ержанды дүкенге ертіп апарды. Ержанға ақ аюдың қонжығы қатты ұнады. Апасы сатып алып берді.
Ал енді келесі заттарды әрине қыздар жақсы көреді. Ол әшекей бұйымдар және әдемі көйлектер.
Тақтамен жұмыс
Аң аю тиін түлкі
Аңдар аю... тиін... түлкі...
Ү. Ой толғау
- Бізде Ержан сияқты дүкенде мазасызданамыз ба?
- Сонымен дыбыстар нешеге бөлінеді екен?
Ал балалар автобусқа отырып, сыныбымызға кері қайтайық.
Ендеше мына дыбыстарды қызыл мен көк үйге орналастырайық.
Балалар адасқан буындарды табайық.
Мен сендерге қызық тапсырма ұсынғым келеді, сендердің мына алған оюларыңды ақ қағазға жапсырып, кілемше жасағандарыңды көрейік.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Бүгін біз қандай әріппен таныстық?
Ол сөздің қай жерінде кездеседі?
Үйге тапсырма: «Таңқурай мен қорбаңбай» оқу, «Дүкенде» жазу
Бағалау: Қызыл ою -жұлдызша, көк ою – төртбұрыш, жасыл ою – үшбұрыш деген бағалармен бағаланады.