Рефлексивный отчет по Lesson Study по предмету математика


Lesson study бойынша 2014-2015 оқу жылындағы есеп
"Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады". Білім беруді дамыту бағдарламасы мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің негізгі мектебіне арналған оқу бағдарламасындағы "оқушылардың сенімділігін және пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатымен сандар, алгебра, геометрия, статистика және ықтималдықтар теориясы, математикалық модельдеу және анализ облыстарында математикалық білімдер мен біліктерін дамыту. Есептерді шығару мақсатымен математикалық модельдерді жасау үшін білімдерді қолдануға үйрету және керісінше математикалық моделдерді шынайы үрдістердің сипаттамасы ретінде түсіндіріп беру; нәтижелерін бағалау үшін білімдерді қолдану, олардың ақиқаттығын анықтау; дәлелдеу, оларға баға беру " мақсаттарын негізге ала отырып Лессон Стади зерттеу жобасының тақырыбын "Математика пәні бойынша функционалдық сауаттылықты дамыту" -деп таңдадық. Бұл тақырыпты таңдауымызға да себеп болған 2014-2015 оқу жылында Қазақстан мектептерінің оқушылары PISA - оқушылардың функционалдылық сауаттылығын тексеретін бағдарламаға қатынасатындығы. Лессон Стади зерттеу тобының мүшелерінің қатарындағы мұғалімдердің көпшілігі 9 кластарда сабақ береді. Мұғалімдермен және мектебіміздің әдіскері Имжарова Ж. Н. коучермен ақылдаса келе төмендегі жұмыс жоспаын бекіттік.
“Lesson Study” экспериментальды жобасы бойынша құрылған топтар туралы мәлімет 2014-2015 оқу жылы (қыркүйек-мамыр)
№ 9 топ Аты-жөні Сабақтың тақырыбы Класы күні Математика пәні бойынша функционалдық сауаттылықты дамыту Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту арқылы, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Құлшымбаева Н.Е. Квадраттық функцияның графигі 9 «Е» 28.01.2015 Түйебаева Р.К. Синустар теоремасы 9 «В» 18.02.2015 Әлжанова Б.К. Косинустар теоремасы 9 «В» 20.02.2015 Асанова Ж.М. Үшбұрыштардың ауданын табу 9 «В» 16.02.2015 Есентаева Г.К. Пифагор теоремасы 9 «В» 02.02.2015 Кужакова С.Ж
Кыдыралина Э. И.
9 "В" Зерттеу барысында 2014 жылы қыркүйек айында "Expert Seminar on Lesson Study:Innovation of Collaborative Teacher Learning" атты PhD докторы Х. Куно мырзаның семинарын және оның ұсынған материалдарымен қатар, Lesson Study: руководство Пит Дадли, http://lessonstudy.co.uk/wp-content/uploads/2013/07/Lesson-Study-Handbook-Russian.pdf пайландық. Сонымен қатар математика пәні бойынша функционалдық сауаттылықты дамыту үшін PISA материалдарын пайдаландық.
Лессон Стади зерттеу тобында жұмыс жасайтын мұғалімдер болып сабақтың тақырыптарын анықтадық, сабақтың тақырыптарын анықтап болғаннан кейін бірінші " Квадраттық функцияның графигі" тақырыбы бойынша сабақ жоспары құрылды, сабақ жоспарын құру барысында функционалдылық сауаттылықты арттыру үшін өмірмен байланысы бар физикалық есептерді қарастыру ұсынысы жасалынды, осы ұсынысты ескере отырып және оқушылар өздерінің алған білімдерін тексеру үшін компьютерлік бағдарламаны қолдану туралы тағы да ұсыныс жасалынды . Осы ұсыныстардың негізінде бірінші сабақ жоспары (қосымша №1) құрылды. Сабақты Құлшымбаева Н.Е. 9Е класында берді. Сабаққа өзіміздің зерттеу тобындағы мұғалімдермен қатар басқа да мұғалімдер қатынасты.

Зерттеу тобы үш топқа бөлініп, бір топ "Үш оқушы сұлбасы" оқушылардың іс әрекетін зерттеді, екінші топ "тайм менеджмент"- ті зерттеді, үшінші топ "оқушы-мұғалім-оқушы" байланысын зерттеді. Бұл зерттеу түрлерімен Куно мырза өзінің семинарында танысырған болатын.
Зерттеуші топтар сабақ өткеннен соң өздерінің жасаған жұмыстарын көрсетіп, сабақты талдады. Сабақты талдау барысында байқалғаны екі оқушының мұғаліммен де басқа оқушылармен де байланысы өте аз болғаны, мұғалімнің сабақты қорытындылауы үшін қосымша уақыт қажет еткендігі, кейбір оқушылардың компьютерлік бағдарламаны қолдану барысында сабаққа деген қызығушылығының артқандығы, оқушылар өздерінің білімдерін тексеру барысында ынталанғандықтың пайда болуы, және де, сабақта оқушылар білімдерін бағалау барысында балдың аз қойылуының себебін сұрап, есептің шығарылуында кеткен қатені сұрауы, оқушылардың жоғарғы деңгейдегі сұрақтарды қоюына мүмкіндік берді.

Сабақтың қорытындысы ретінде, оқушылардың алған білімдерін теннис ойынын ұтымды ойнау үшін қалай ойнау керектігін тұжырымдағаны сабақтың ұтымды жері болды. Басқа зерттеу тобының мүшелері, әріптес мұғалімдердің айтуы бойынша да және өзіміздің зерттеу тобының мүшелерінің ойы бойынша да топтық жұмысты математика сабағында ұйымдастыру үшін уақыттың көбірек кетіп қалатындығы. Функционалдылық сауаттылыққа келетін болсақ, оқушылар тарапынан осы мақсатқа жауап беретін есептерді оқушылар қызығушылықпен шығарды, бірақ топтық жұмыс кезінде уақыттан желініп қалдық және екі оқушымыз сабақта топтық жұмысқа қатынаспай, сабаққа салғырт қарап қалды. Енді келесі сабақта осының алдын алу үшін қандай жұмыс түрін қолданамыз деген сұрақпен зерттеу тобы тарастық.
Зерттеу тобындағы мұғалімдермен бірігіп, топтарда жұмыс істеу үшін не қажет? деген сұраққа жауап ізделінді. Кембридждік оқыту курсының 1-деңгей мұғалімдеріне арналған үлестірме материалдардағы ақпаратты қолданып, кезекті өткізілетін сабақта оқушылардың ынтымақтастығы мен бірлескен оқуы туралы әрекеттеріне назар аудару керек екендігі айтылды. Сонымен қатар, оқушылардың бірлескен түрде топ құрып, командалық ережелерді, рөлдерді бөлуі, әрбір топтардағы тапсырмаларды сапалы, жоспарға сәйкес орындалуын тексеріп, топ мүшелерінің пікірін, оқыту және көмек көрсету арқылы меңгертуді назарда ұстау керектігі айтылды.
Зерттеу сабақтары сериясының келесі "Пифагор теоремасы" тақырыбын жоспарлауда мұғалімдерден құралған топ мүшелерінің рөлдік ойын түрінде өткізуді ұсынды. Аталмыш сабақты Есентаева Г.Қ. өткізіп шықты. Сабақ барысында А, В, С оқушыларының іс-әрекеттері бақылауға алынып, зерттеу объектілері жеке, топтық тапсырмаларды орындады. Рөлдік ойын кезінде таймер уақыт жетіспеушілігін қайта-қайта ескертіп отырды. Соның салдарынан топтағы оқушылар бірлескен ынтымақтастық негізінде берілген тапсырмаларды шапшаң, ауызбірлікпен орындады. Дегенмен, С оқушы топтағы жұмыс кезінде өзінің басты ойларын, идеяларын толық жеткізе алмады. Және кейбір есептерді соңына дейін орындамай, топтағы оқушылардың берген жауаптарымен келісіп, үнсіз отырды. Сондықтан, осы сабақтың талдауын жасау кезінде әрбір оқушыға, әсіресе лидерлік қабілеті төмен оқушыларға назар аудару керектігі туралы қорытындыға келдік.
Зерттеу тобындағы мұғалімдермен кеңесіп, кезекті "Үшбұрыштар ауданын табу" тақырыбын team-teaching негізінде өткізуді ұйғардық. 16-ақпан күні Асанова Ж.М. және Martin Asega өткізген сабақ келесідей көрініс көрсетті.


Сабақта ротация әдісі, өзін-өзі бағалау әдістері қолданылды. Мозайкалар көмегімен құрастырылған суреттер арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артып, өздеріне артылған міндеттерді орындай білді. Оқушылар үшбұрыш түрлеріне байланысты топтарға бөлініп, жұптық тапсырмалар және "Автобус аялдамасы" ойыны арқылы топтық тапсырмаларын шығарды. Оқушылар үлестірме қағаздардағы үшбұрыштардың қиындыларын практикалық қолданулар арқылы есептеп, теориялық білімдерімен ұштастыра білді. Сабақ соңындағы талдау жүргізу арқылы екі оқушының сабаққа деген қызығушылығы төмен болмағанын анықтадық. Соның бірі зерттелуші В оқушысы. Зерттеу тобындағы мұғалімдермен бірлесе отырып, В оқушының сабаққа қатысымының төмен болуының себебін іздестірдік. Келесі жоспарланған сабаққа дейінгі аралықта оқушылардан анкета түрінде сұрақ-жауап парағы алынды. Сонда В оқушының сабаққа осылай қатысуының себебі, А оқушымен бірге бір топқа түсуі болып табылды. Себебі, В оқушы бойындағы лидерлік қасиет, өз ойын айқын, дұрыс айта білуі қасиеттерін А оқушы шапшаңдығымен, тез есептеп, жауап беруімен озып отырды. Сондықтан келесі сабақтарда А, В, С оқушыларының орнына да көңіл бөлу керектігі ұсынылды.

Сабақ беруші мұғалімнің басты міндеті оқушы бойында сабаққа деген қызығушылықты ояту, әрбір кезеңдердегі қозғалысты бақылау, болдыру. "Синустар теоремасы" тақырыбына сабақ жүргізген Туйебаева Р.К. Сабақтағы А, В, С оқушыларының іс-әрекетін бақылау үшін зерттеу тобындағы мұғалімдерге жеке-жеке тапсырмалар ұсынылды. Сабақ физика пәнімен кіріктірілген түрде өткізілді. Лабораториялық тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен, бірлесіп орындады. Басым оқушылардың физика пәніне қабілеті анықталды. Соның ішінде зерттелуші С оқушының көрсеткен білімі, дағдысы таңқалдырды. Себебі, С оқушы ұсынылған мост проектісі бойынша физикалық өлшемдерді тез анықтап, терең білімін танытты. Топ мүшелерімен бірігіп, үшбұрыш бұрыштарының синустарын табуды да меңгерді. Осы сабақтан С оқушының жаратылыстану бағыты бойынша белсенділігін анықтадық, топ мүшелері үшін жанашырлығын білдік. В оқушы сабақта жеке жұмыспен айналысқанды ұнатады, белсенді түрде сұрақтар қойып, өзінің әлеуметтік аспектілер бойынша өсуін байқатты. Ал, А оқушы топтағы жұмыстарды ұйымдастырып, ойластырып, топ мүшелеріне көмек тигізе алды.
Дегенмен, осы сабақтағы кейбір оқушылардың жас ерекшелігі ескерілмей қалып жатты. Дифференциация тапсырмалары берілу керектігі ұсынылды.
Lesson Study зерттеу жобасының макро-шеңбері (Mаcro cycle) ескеріліп, кезекті "Косинустар теоремасы" тақырыбын ӘлжановаБ.Қ. өткізді.
<P-phase>Foundation of organizations Set themes, aims and strategiesPlan annual plan<A-phase>-Analyze result and annual plan-Revise annual plan for next year<C-phase>- Evaluate results from LS- Evaluate annual plan- Reflect and find revise points in the plan<D-phase>- Implement LS program in practice- Reflect Research LessonPDCAPDCAPDCAPDCAPDCAPDCA
Сабақ Martin Asega мырзамен team teaching негізінде өткізілді. Сабақта "3 Stations" әдісі қолданылды. Әрбір 10 минут сайын топ мүшелері шеңбер бойымен қозғалып, бірінші станцияда теориядан лекция тыңдап, есептер шығарды, екінші топта ағылшын тілінде кроссворд шешіп, практикалық қолданысы бар өмірден алынған есептер шығарды, ал үшінші топта жеке тест тапсырмаларын орындап, нәтижесін Geogebra бағдарламасы көмегімен компьютерлерде тексерді. Сабақ соңында жүргізілген рефлекция көрсеткендей: оқушыларға сабақ өткізу әдісі, ондағы шығарылған есептер, және бағалау тәсілдері ұнады.
Зерттеу сабақтар сериясының соңғы сабағын топ мүшелері мұғалімдерімен кеңесе отырып, А, В, С оқушыларына бағыттап өткізуді жөн көрдік. "Шеңберге іштей және сырттай сызылған үшбұрыштардың аудандарын пайдаланып, шеңберлердің радиустарын табу формулалары" тақырыбындағы сабақты Кужакова С.Ж., Кыдыралина Э.И. өткізді. Сабақта төртбұрыштарға іштей және сырттай сызылған шеңберлер тақырыбына видео материал қаралды, оқушылардың бұған дейінгі білімдерін анықтау үшін сұрақ-жауап алынды, "Математикалық аукцион" ойыны топтық жұмыста өткізілді. Оқушыларды қалыптастырушы бағалау ретінде https://create.kahoot.it сайтында онлайн тесті орындалды. Сабаққа жүргізілген рефлексия оқушылардың алған білім, білік, дағдысын тиянақтай түсті.
Сонымен, Lesson study зерттеу жобасы бойынша алған нәтижелер келесідей болды:
А оқушы: күрделі тапсырмаларды жеке талдайды және топ мүшелерінің пікірлерін ескере отырып, ортақ шешім, қорытынды жасай алады;
В оқушы: топтағы жүргізілген іс-әрекеттерді өз ойымен, толық жеткізе алады және өзіндік бағалаудың объективті болу керектігін түсінеді.
С оқушы: процесті бақылайды, топ мүшелері атынан спикер ретінде ой білдіреді, кейбір есептерді, тапсырмаларды сыныптастары көмегімен орындайды, қиындықтарды көтере алады және өз мүмкіншіліктерін біледі.
Осының нәтижесінде зерттеудегі А, В, С оқушыларының өзін-өзі реттеу, қалыптастыру, өз бетінше білім алу және математикалық білімін дамыту қабілеттерінің өсуін байқадық. Зерттеу тобындағы мұғалімдердің жүргізген бақылауларына талдау жасай отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығының артқанын, сыныптағы психологиялық ахуалдың жақсарғанын, бір-бірімен диалог жүргізу арқылы өз ойларын негіздей алатындығын байқадық.
1. Математика сабағында қызығушылықты, функционалдылық сауаттылықты арттыру үшін топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру тиімді. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың арасында жүргізілетін диалог олардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді;
2. Lesson Study зерттеу жобасында, мұғалімдер оқушыларды бақылау дағдысын дамытты;
Бұл зерттеу материалдары математика пәнінен сабақ беретін мұғалімдер үшін маңызды.
Келесі оқу жылында осы топ мүшелерімен математика пәні бойынша барлық оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ететін технология түрлерін зерттеу жұмысымен айналысуды мақсат етіп отырмыз.