?ош келді?, ?з Наурыз! (Сыныптан тыс шара)


«Қош келдің, әз Наурыз!»
Мақсаты: Балаларды Наурыз тойының ерекшеліктерімен таныстыру.Ұлыс мерекесінің дәстүрлерімен, ырымдарымен, өзіндік салтымен таныстыру.
Ұлттық нақышпен безендірген зал. Ортасында киіз үй. Дөңгелек үстелде ұлттық тағамдар дайындалған.
Балалар «Наурыз» әуенімен залға кіреді.
Тәрбиеші: Аманбысың,армысың,халқым менің,
Ақтарған кең даламның алтын кенің.
Ардақты Наурыз тойы,салтың елім,
Наурыз тойы құтты болсын
Халқым менің!
Ортаға екі қыз бала шығады, шашу шашады:
Шашу, шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық!
Тәрбиеші: Балалар, Наурыз мейрамы-қазақтың көнеден келе жатқан салт-дәстүрі. Наурыз мейрамында қазан-ошақта ет пісіріліп,дастархан жайылып,адамдар бір-бірімен қауышады.Қазақтың ұлттық ойындары ойналып,наурыз көже ішіледі.Адамдар бір-біріне жақсы тілектер айтып,игі ниеттерін білдіреді екен.
Тәрбиеші:Ендеше балалар!барлығымыз орнымыздан тұрып шаттық шеңберін құрайып.Наурызға арналған жақсы тілектерді айтайық.
Балалар: Наурыз мерекесі құтты болсын!
Ақ көп болсын!
Жақсылық мол болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Дендеріңіз сау,мықты болсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар!Қане барлығымыз суретке назар аударайық.Суретте күйіз үй көріп тұрмыз.Күз үйдің ішінде ұлттық тағамдар бар екен (Бауырсақ,шелпек,көже,құрт,қаймақ,талқан) бар екен.Оларды біздер ұлттық тағамдар деп атаймыз екен.Қалай атаймыз балалар?
Балалар: Ұлттық тағамдар деп атаймыз.
Тәрбиеші: Балалар менім қолымда тұрған бауырсақ (ұнан жасалады).Бұл көже деп аталады (жеті түрлі тағам салады екен).Мынау құрт деп аталады(сүттен жасалады).Бұл қаймақ(сүттен жасалады).Мынау талқан(бидайдан жасалады).
Тәрбиеші: Балалар біздер наурыз туралы тақпақтар білмізбе?
Балалар:ия білеміз.
Тақпақтар:
1.Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған
Дархан дала,қарлы шың.(Динара)
2.Мерекесі байырғы
Алды халқым қабылдап
Ақ дастархан жайылды
Ошақта от жалындап.(Жұлдыз)
3.Басталды міне тойымыз
Ұнады ән мен ойнымыз
Наурыз бақыт әкеліп
Тойға ұлассын тойымыз. (Марсель)
4.Жыл бас-Наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды. (Асанали)
Ән: «Сылдырмақ»
Залға Ақ әже кіреді.
Тәрбиеші: Армысыз Ақ әже! Қош келдіңіз!
Ақ әже: Амансыңдар ма, балапандарым!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Ақ әже: Наурыз тойы құтты болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын!
Тәрбиеші: Ақ әже, төрден орын алыңыз. Біздің балалар сізге арнап ән салып берсін.
Ән: «Әже»
Ойын: «Арқан тартыс»
Тәрбиеші: Ақ әже, Наурыз күні балаларға наурыз көже туралы айтып беріңізші.
Ақ әже: Адал астан бұйырған,
Дәм татсын ел жиылған.
Бидай салдым көжеге,
Мол болсын, деп биыл нан.
Тары салдым көжеге
Женті көп болсын деп.
Күріш салдым көжеге,
Тойда палау болсын деп.
Ауыздан ақ кетпесін,
Ауылдан бақ кетпесін.
Келген риза кеткен тоқ
Құтты қонақ ет жесін!, - деп жеті түрлі тағам салып тайқазанды толтыра Наурыз көжені жылда пісіремін.
Тәрбиеші: Рахмет сізге Ақ әже. Енді немерелеріңіздің өнерлерін тамашалайық.
Ән: «Наурыз» Тақпақтар:
5.Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түн теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық наурыз көжеден (Санжар)
6.Бақта бұл-бұл сайрасын
Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын (Алуа)
7.Жас қосатын жасына
Жыл басы бұл Наурыз
Әр кіргізген асына
Бал татыған сары уыз (Жанель)
8.Келді көктем бүгін
Нұрын төкті күнің
Сайрап барлық құстар
Ән салуға құштар. (Альмира)
Ақ әже: Рахмет,құлымдарын!Мен сендерге өз батамды берейін.
Бақ-дәулет берсін бастарыңа,
Ғұмыр берсің жастарыңа.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсың!
Әумин!
Тәрбиеші:Рахмет,ақ әже!Балалар,ертеңгілігіміз осымен аяқталды.Қонақтармен қоштасайық!
Балалар: Балдай тәтті баламыз,
Ақылдымыз,данамыз
Қол ұстасып бәріміз,
Сау болыңыз айтамыз!