Сыныптан тыс мерекелік іс-шара


«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым-Желтоқсан»
Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме,Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгінгі жиын біздің елімізде елеулі орын алатын мерекеге байланысты болып отыр.Ол қандай мереке деп ойлайсындар?Ол әрине, алдымызда келе жатқан мереке-16 желтоқсан- біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалған Тәуелсіздік күні мерекесі! Бұл күн Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болған күн.1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтулы оқиға. 1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Д. Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып – жаншыды. Демонстрация аяусыз басылды. Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі. 
Альберт:Тәуелсіздік – жастар қаны мұздағы,Өрімдей жас ұлдары мен қыздары.Өтсін мейлі жылдар жылжып, ғасырлар,Жазылмайды жүректегі сыздары.Тәуелсіздік – жалғыз кием тәу етер,Төгілмеді жастар қаны тым бекер.Ерте солған, үзілген гүл - бәйшешек,Ерліктерін кейінгі ұрпақ жыр етер.Шындық іздеп шырғалаңда саспаған,Рухы биік жастарымыз басқадан.Азаттықтың ең алғашқы сатысыБаспалдағы Желтоқсаннан басталған.
Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар.Қазақстан тәуелсіздік алды.Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе? 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық! Бір минут үнсіздік.
Айсулу: Желтоқсан боздақтары.Желтоқсанда бір сыр бар,Жел соқсын, мейлі жаусын қар.Ұмытылмас ешқашанҚайрат, Ләззат қыршындар.
Желтоқсанның қарамай ызғарына,Желтоқсанның қарамай ызбарына.Тәуелсіздік тұғырға жету үшінӨлді талай боздақтар желтоқсан мұздарында.Аппақ қар қызыл қанға боялды,Өшкен рух, сөнген үміт қайта жанды, оянды.Ата - бабам қалай айтқан қалтқысызЕрді намыс өлтірер, ал қамыс қоянды.Көрдік біздер қорлық пенен зорлық та,Қанша аязда дірілдедік, тоңдық та.Бірақ біздер бермедік өр намыстыОған дәлел сонау қанды желтоқсанЖелтоқсанда жарқылдадық, жандық та.Қорықты сұм КСРО өр намыстан,Зұлымдар, қатыгездер өлді дұшпан.Бүгінде Тәуелсіздік тұғырындаӘлемге аты мәшһүр Қазақстан.
Біздің еліміз-бай, әрі қуатты ел. Барлық халық, ұлт еркін өмір сүреді.Әркім еңбек етуге, білім алуға, демалуға ерікті.Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанды өз Отаным деп есептейтін барлық азаматтарды ұлтына, нәсіліне, тұрған жеріне, қызметіне, байлығына, жынысына, діни нанымдарына қарамастан, заң алдында тең құқылы азамат ретінде қарастырады және тең дәрежеде қорғайды, азаматтық құқықтарына нұқсан келтірмейді.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы ел өмірінде тарихи өзгерістердің жүзеге асуына негіз болды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері-Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалау тәртібі Конституциялық заңмен белгіенді.
Лаура:Көк аспандай көкпеңбекҚазақстан жалауы.Көк емес ол тектен-тек-Елдің ашық қабығы.Ақ ниеті – алтын күн,Асқақ арман-қыраны.Жалауы бұл-халқымның,Мәртебесі, мақтаны.Елтаңбасы елімніңЕлтаңбасы елімніңНеткен әйбәт, әдемі!Тұнығындай көңілдің Ортада-аспан әлемі.Құт, береке, шаңырақ,Орын алған ол төрден.Қанатты қос арғымақ.Екі жақтан көмкеркен.Тәуелсіздік жолында Талай-талай тер тамған...Билігім өз қолымда,Еркіндігім-Елтаңбам.
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды.
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.
1992 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасының азаматтық зағы қабылданды.
1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта төл теңге дүниеге келді.
1998 жылы 20 мамырда Қазақстан Республикасының астанасы –Астана қаласы болып бекітілді.
Тіл болмаса ұлт та болмайды демекші, бұл жерде еліміздің тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті бүгінгі күнге тіл арқылы жетті.
Туған тілім- бабам тілі-өз тілім!
Туған тілім-анам тілі-өз тілім!
Туған тілім-далам тілі- өз тілім!
Туған тілім- адам тілі- өз тілім!
Тәуелсіздік күнінде тілімізді де тілге тиек ете отыра, қазақ тілі өте бай тіл, әрі көркем тіл.Мемлекеттік тілді білу- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы, Отанына, еліне,жеріне деген құрметі дегім келеді.
Арман: Тәуелсіздік ел тарихы
Ерте заман, о бастан қазақ халқы,
Ел болуға талай ғасыр шайқасты
Үйсін, сақтар,ғұндардың патшаменен батыры,
Еуропаның төріне, даңқы өрлеп жайғасты,
Алла бізге сыйлады еркіндік пен елдікті,
Оған қоса берген ғой сабырлық пен теңдікті.
Зар заманда бірігіп, жұдырық пеннайзасы
Қорғады ғой өле-өлгенше басқа ұлт пен теңдікті.
Еділ патша ұрпағы Абылаймен жалғасып,
Елдік үшін күрестік тайсалмастан сан ғасыр
Бастан кешкен зар заман, отаршылдық езгісін,
Болашағы елімнің, бүгінгі ұрпақ көрмесін!!!!
Галина:Приветствуем тебя, Наш солнечный, Наш гордый Казахстан! Пускай поет в твоих просторах ветер, тебе в грядущее маршрут великий дан! Приветствуем тебя, Наш солнечный, Наш гордый Казахстан! Моя любовь, моя Отчизна, Мой край, мой светлый дух земной! Мой Казахстан – свободный, чистый, цвети под солнцем и луной!
Вероника:- Казахстан – это ветер степной, Шевелящий страницы тетради, Это песня летит надо мной, над равниной бескрайнею гладью. Плод истории в наших устах Каждым подвигом жизни овеян. Это мой Казахстан! Мой великий аул и живой современник.
Татьяна:О, Казахстан! О, родина моя!Смотрю на степи и не вижу им конца,Любуюсь я красотами природыИ нет на Родине моей плохой погоды.Как ты прекрасен, Казахстан, весной:Цветущие сады и степиПокрыты и луга травойИ блеск на талом снеге!А наши горы, как огни красивы!Как гордо возвышаются над степью и равнинойИ вниз бежит река потоком бурным,И как порой бывает небо хмурым.О, Казахстан, как ты велик!Люблю тебя за твой могучий лик:За степи, горы, реки и моря,За то, что ты — Родина моя!(А. Дуйсенбиев «Родной край»)
— Ребята, а сейчас мы проверим, что вы знаете о нашей Республике. Проведем небольшую викторину, проверим ваши знания.
Викторина
Государственные символы республики Казахстан (Флаг, герб, гимн)
Национальная валюта (Тенге)
Состязание акынов (Айтыс)
Первый летчик-космонавт Республики Казахстан (Т. Аубакиров)
Герой юмористических рассказов и анекдотов казахского фольклора, народных сказок (Алдар Косе)
Национальное жилище казахов (Юрта)
Священная книга мусульман (Коран)
Национальный напиток (Кумыс)
Первый Президент Республики Казахстан (Н. Назарбаев)
Национальные спортивные игры (Байга, кокпар)
День Конституции Республики Казахстан (30 августа)
Вереница верблюдов (Караван)
День республики Казахстан (25 октября)
Праздник единства народов Казахстана (1 мая)
Казахская баба — яга (Жалмауз-кемпир)
Самая длинная река Казахстана (Иртыш 4248 км)
Что символизирует шанырак (Шанырак — сердце герба. Это очаг, семья)Где был найден Золотой человек (Иссыкульский курган)
Имя золотого воина (Сулей)
Город — центр по изучению космоса (Байконур)
Казахские народные инструменты (Домбра, сыбызгы, кобыз)
Казахский воин — герой (Батыр)
Моря на территории Казахстана (Каспийское, Аральское)
В каком году наша страна стала независимой?
Наша страна очень богата. Чем?
А еще чем она богата вы узнаете из стихотворения
Казахстан
Посмотри, мой джолдас, посмотри,Перед хозяевами сполнаВ чистом пламени ясной зари,Все богатства раскрыла она!Каратау дает свинец,Кокшетау гонит овец,Тянет с золотом руки Алтай,Медь обильно дает Кор-Сакпай.Белый хлопок дарит, Шымкент,Предлагает руно Жаркент,Золотые, как в сказке, хлебаДля народа растит Актюбе…Дни ночи грузит поездаЧерным золотом Караганда,В Эмбе вышки гордо стоятИ кипит нефтяной водопад.В Карманчинской степи зреет рис,В Алатау сады поднялись,А в садах слаще сна и мечты,Спеют яблоки Алматы.
Аня:Алтын шашқан сияқты ,
Жер бетіне нұр таңым,
Бар адамға шуақты,
Осы менің- Отаным.
Зосим Саша: Көтерілсе шаттығым,
Ынтымақты ел іші
Желбіресе көк туым
Тәуелсіздік жемісі!
Адам: Қазақстан киелім
Қияға ұшар қыраным
Еркіндікті сүйемін !
Мен тәуелсіз ұланмын!
С.Саша: Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған,
Халқым жетсін мұратқа
Ей, бас қала-Астана!
Игілік: Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңба.
Яна:
«Қазақстан бақыты » өлеңі 3 а сыныбы
Қорытынды сөз: Республикамыздың әрбір салауатты азаматы өздері өмір сүріп отырған Отанын сүйіп, құрметтеп, сыйлауы тиіс. Себебі олардың толыққанды өмір сүруіне республикамызда барлық жағдай жасалған. Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз- ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігімізге арналған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым-Желтоқсан» атты жиынымыз өз мәресіне де келіп жетті. Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.