Ашы? т?рбие са?аты 8 Наурыз


«8 наурыз» мерекесі
Мақсаты:
1) 8 наурыз мерекесін өткізу.
2)Наурыз туралы түсініктерін кеңейту.
3)Аналарды сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «8наурыз» жазуы бар қағаз, әр түрлі суреттер,үнтаспа.т.б
Жоспары:
І. «Тәрбиешінің сөзімен басталады» әуен қосылып тұрады.
ІІ.Амандасу
ІІІ. «Анаға сәлем» әні хормен.
ІҮ.Балалардың 8 наурызға арналған тақпақтары.
Ү. «Көктем биі» вальс.
ҮІ.Тақпақтар.
ҮІІ. «Ақ мамам»әні хормен.
ҮІІІ. «Аспанға қараймын» биі ұлдар.
ІХ.Ойын аналарға арналған.
Х. «Үнді» биі қыздардың орындауында.
ХІ. «Анашым» әні хормен.
Барысы:
Әуен қосылып тұрады
Тәрбиеші:
-Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар,балалар!Бүгінгі «8 наурыз меркесі» ертеңгілігін ашық деп жариялаймын.Қыр гүліндей құлпырған ару қыздар,қызғалдақтай жайнаған құрбы-қыздар,қарындастар!Сіздерді Көктемнің мейірімді де әсем салтанатты да сезімге толы 8-наурыз меркесімен шын жүректен құттықтаймыз!
-Ана әрбәр адамның жарық дүниедегі ең жақын,жанашыры,қадірлісі,қамқоршысы,ақ сүтін емізіп аялаған,жанын да аямаған ардақтысы.
Анашым менің,саялы қамқор шынарым,
Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.
Тілерің болса алдағы жерде анашым,
Үмітіңді ақтап,арналсын саған жыр әнім!
Амандасу
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам.
Хормен ән: «Анаға сәлем»әні балалар хормен орындайды.
-Ал енді сендер өздерің жаттаған тақпақтарыңды айтып беріңдер.

-«Көктем биі» вальс.
-Тақпақтар

- «Ақ мамам»әні хормен.
- «Испан»биі Майқы Аяулым.
-Ойын ойнайық: « Ойын аналарға арналған».
-«Аспанға қараймын» биі ұлдар.
-«Үнді биі» қыздардың орындауында.
Сергіту сәті: «Әдемі гүл»
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.


- «Анашым» әні хормен.
- Аналарға өздері қолдан жасаған сыйлықтарын ұсынады.
-Осымен «8наурыз» мерекесі аяқталды,балалар сендерге көп рахмет!!!