Т?рбие са?аты ?желер сайысы


Тақырыбы: «Асыл әжем!» сайысы.Мақсаты: Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.Сайыстың жүру тәртібі;1. Ұйымдастыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі.2. Әже мен немерені таныстыру3. Әділ қазылар алқасын таныстыру4. Сайыстың шарттарымен таныстыру5. Сайысты қорытындылау.
1-жүргізуші:Армысыздар құрметті қонақтар, Әжелер, аналар, сүйкімді қыздар ,көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!Адам баласы үшін ең аяулы,ең ардақты,қадірлі тұлға-ана.Бала дүниеге келгеннен бастап өзінің жылы алақаны,жылы жүзі,ыстық құшағы ,мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік , мейірімділік махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген,ол 8-наурыз мерекесі.Осы мереке күніне орай ардақты да асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған «Асыл әжем!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.2-жүргізуші:Әже деген көп шығарӘжемдей менің жоқ шығарМейірімді ол кісіҚандай ғажап күлкісі - дей отырып ортамызға сайысқа қатысушы әжелеріміз бен немерелерін ду - қол шапалақпен ортамызға шақырайық!1.Бүкіл саналы ғұмырын еліміздің болашағы-жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне ,рухани дүниесінің баюына арнаған сүйікті әже Есенкөбекова Гүлсағия мен немересі Шапағатова Лашын. 2.Шәкіртінің жанына нұр құйып,елжанды тұлға тәрбиелеуде өзіндік із салып келе жатқан дана ұстаз,аяулы әже Әбетова Шолпан мен немересі Төлегенқызы Жадыра.3. Ұстаздық ұлағатты ұлы жолды ешнәрсеге айырбастамай,бар ғұмырын білім саласына арнаған,өз ісінің шебері дара ұстаз ,мейірімді әже Арапаева Рахима мен немересі Абдуллаева Әсел.1-Жүргізуші:Кім жеңеді сайыста үміт алда,Қобалжу бар жүректе күдік бардаӘділ - қазы алқасы атыңды ақтаЖүректерге арман мен бақыт жолда.- деп әділ - қазы алқасымен таныстырамын.1. Жанашева Дина- Ардагер ұстаз,аяулы әже .3. Метептің тәрбие ісінің меңгерушісі Қопашова амангүл апай.4. Бекова Күлән.-сүйікті ұстаз,мейірбан әже .2-жүргізуші:Енді сайысымыздың шартымен танысайық1. Таныстыру2. «Сыр сандық» сұрақ-жауап сайысы.3. «Ас –адамның арқауы»4. «Айналайын,ақ әжем»(берілген тапсырмалар бойынша көрініс)5. Салт - дәстүрден көрініс. Бесікке салу немесе тұсау кесу.,ит көйлек тастау6. «Кім тапқыр»1-Жүргізуші: Әжем менің аялағанҚұшағынан сая табамҚанша жақсы болса-дағыСендей әже қайда маған?деп бүгінгі сайысымыды бастаймыз.1 - Кезең Сайыстың алғашқы кезеңі «Таныстыру».Оқушылардың өнерін тамашалап отырыңыздар.Шүкірбаев Досбол Ф.Оңғарсынова «Анамен сырласу»поэмасынан үзінді.2-жүргізуші:2– кезең Сұрақ-жауап сайысы «Сыр сандық» . Әр әжеге 1 - билеттен беріледі, 1 - билетте 3 сұрақтан жазылған.Сұрақтар; 1 - билет1. «Байғазы» дегеніміз не?.2. Үш арсызды ата.3. Ұйқасын тап: Өзінше ноян, қорқақ кім?....2 - Билет1. «Ерулік»деген не?2. Бес дұшпан3. Ұйқасын тап: Үні ғажап дүлдүл, бақта сайрар....3 - билет1. «Сәлемдеме»деген не?2. Төрт қонақ3. Ұйқасын тап: Тұмсығымен шымшып, құрт тереді....Немерлері сыр сандық сұрақтарына жауап береді.Тыйым сөздерді айтыңдар.«Көрімдік» деген не?«Сүйінші» деген не?1-ж.үргізуші:3- кезең «Ас-адамның арқауы» өз қалауың бойынша мерекелік салат дайындау,атын қойып,түсіндіру.Аманқос Самат «Анаға хат»Бақытов Әлібек «Ананың анасы»шығармасынан үзінді2.-жүргізуші:4 - кезең «Салтым-асыл қазынам» Ұлттық салт - дәстүрден көрініс.Анам мені тербетіп,Өсіп кеттім ержетіпСол бесігім үйімдеСақтаулы тұр төрімде.- деп бесікке салу рәсімін Рахима әжеміз жасайды.Жолың болсын деселікЖолыңа нұр төселікЖарылқасын алдыңнанТұсауыңды кеселік.- деп тұсау кесу рәсімі жасалады.Тұсау кесу рәсімін жасау Шолпан әжемізге беріледі.Әлпештеген баласын,Ана - бақыт ана жыр,Әркім сүйіп өзініңМақтан етер анасын.- деп «Ит көйлек тастау»рәсімін Гүлсағия әжеміз таныстырады.Самешов ЖасұланАрыстанов Айдар1-жүргізуші:5- кезең «Айналайын ақ әжем»Берілген тапсырмалар бойыгша шағын көрініс дайындау.1.Немереңіз сабаққа барайын деп дайындалып жатыр.Сіздің іс-әрекетіңіз.2.Немереңіздің ұйқысы келер емес,қалай ұйықтатасыз?.3.Немереңіздің достары келіп тұр,ойнағысы келеді.Сіздің іс-әрекетіңіз.2-жүргізуші:6- кезең. «Кім тапқыр?»Әжелеріміз бір әріпті таңдап,сұраққа сол әріптен басталатын сөзбен жауап бередіӘжелерге берілетін сұрақтар1.Немереңізді қалай еркелетесіз?2.немереңіздің мінезі қандай?3.Сізге қандай сыйлық береді?4.Немереңізге қандай тамақ әзірлейсіз?5.Қандай бала сүйкімді?6.Немереңіз болашақта кім болады?7.Қалай жазалайсыз?8.Мақтаншақ болса қайтесіз?9. Бойында қандай кемшілігі бар?10. Үнемі айтатын ақылыңыз.Барғанаев ЖолдыбайҚуантқанов Әлішер «Қазақ тілі» әнін орындайды.«Асыл әжем» хор1-жүргізуші:Мен өзіңмен қайда жүрсем біргемінКүн нұрындай жадырай бір күлгеніңАсыл сөзің жүрегімде жүр меніңҚандай бақыт ортамызда жүргенің.,деп –сайысты қорытындылау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз2-жүргізуші:Сіздерменен жадырайды өңімізСіздерменен жарасады сәнімізАяулы әжем,асыл әжем,дана әжемСіздерге кеп бас иеді бар әлем!-деп бүгінгі халықаралық әйелдер мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз.Әжелерімізге ұзақ ғұмыр,отбасыңызға амандық,шаңырағыңызға береке,бірлік тілейміз!