Біз зорлы? зомбылы??а ?арсымыз тренингті? элементтері.


Тақырыбы: «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымын» тренинг
Мақсаты:
Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту.
Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйретуЗорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Топта жұмыс істеу ережесі:1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.2. Болып жатқанға белсенді қатысу.3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.5. «Басынан» «Аяғына» дейін жұмыс істеу.
КіріспеҚоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар.Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды  жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады.
Негізгі бөлім.1)Амандасу – жаттығуы.Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Әлия әділ қызбын….
Оқушылар түгел амандасып болғаннан кейін топқа бөлінеді.
       

2) Топқа бөліну
Оқушылар топқа бөліну үшін әр бір оқушы үстелде қойылған смайликтерді алып 4 топқа бөлінеді3) «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ»   тақырыбында постермен жұмыс жасау, қорғау.


4)«Аяқталмаған тезистер» атты анкетаға зорлық зомбылықтың бірнеше түріне анықтама жазады.
Зорлық –зомбылық –ол….
2.Физикалық зорлық –зомбылық  -ол3.Психологиялық —
4.Экономикалық зорлық деген-
5.Қорқыту –ол…
 
«Қайта байланыс» жаттығуыОқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді:— Тренингте ең бірінші не ұнады?— Не ұнаған жоқ?— Өзің жаңадан не білдің?б) «Алған әсеріңіз қандай?»- смайликтер арқылы анықтау.в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.
Қорытынды.«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбындағы тренингті былай қорытындылағым келеді.Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын.Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді
Жасөспірімдерге арналған сауалнама.«Зорлықсыз балалық шақ».1.Ата-ананмен қарым-қатынасын қандай? А)жақсы қарым-қатынас Б)одан да жақсы болуы мүмкін В)конфликті2.Саған қатысты зорлық жасалды ма?ИяЖоқ3.Саған қатысты уйде зорлық жасалды ма?Ия күштеп (шапалақ,ата-анан қол көтеруИя эмоциялы (сөзбен ренжитеді, айқайлайды, өзімді жаман адам сияқты сезіндіреді)Жоқ4.Саған қатысты мектепте зорлық жасалды ма?Ия күштепИя эмоциялықЖоқ5.Өзіңді қорғай аласың ба?ИяЖоқ6.Саған жасалған зорлық туралы кімге айтушы едің?
А)жолдасына
Е)мектептегі әлеуметтік мұғалімгеБ)ата-анана Ж)мектептегі медбикегеВ)мұғаліміне З)ешкімгеГ)аған немесе әпкен Д)мектептегі психологқа7.Саған қатысты әртүрлі зорлық-зомбылыққа қалай қарайсын?А)қорғанамынБ)уайымдаймын, бірақ көрсетпеймінВ)бәрі-бір
8.Келешекте өзін ата-ана болғанда өзіннің балана зорлық-зомбылық жасайсын ба?ИяЖоқ