Эссе Біз есірткіге ?арсымыз


Эссе
Біз есірткіге қарсымыз!
«Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде»
халық даналығы
Қоғам байлығы-адам болғанда,адам байлығы –денсаулық дейміз.Сол үшін де өмірді даналық ұшқыр қиялмен бағалайтын ата-бабаларымыз «ақ жаулық»пен
«он саулықтан» бұрын денсаулықты дәріптеген.Олардың мұраты –тәні мен жаны сау адамдардың ынтымағына негізделген қоғамда өмір сүруеді. Алайда ата-бабаның мұратын жүзеге асыратын кейбір жастар нашақордың соңынан еріп барады.Есірткіні әлбетте қызығушылықтан немесе жаңа әсер алу үшін қолданылады. Есірткіні ішінара «компания үшін» ,көпшілік ішінде «ақ қарға» болмау үшін татып көреді.Кейбіреулер есірткінің көмегімен проблемадан, қобалжудан, кәдімгі өмір қиыншылықтарынан бөлінуге тырысады. Өкінішке орай,бірінші рет есірткіні қабылдай отырып, ешкім де көтерген жүгінің ауырлығын немесе қайғысының жеңілдігін сезіне алмайды.Бүгінгі күні нашақорлықтың жасөспірімдер арасында кеңінен таралуы алаңдаушылық тудырып отыр. Күн сайын осындай ессіздікке жастар көптеп бой ұруда. Ал оның соңы кісі өлімі мен зорлық-зомбылық жасауға соқтыруда. Әлеуметтік құбылыс ретінде нашақорлық есірткілерді қолдануға жаңа құрбандарды тарту есебінен өмір сүріп және дамып келеді. Сондықтан жастар арасында нашақорлық жедел дамып келеді. Нашақорлық – бұл есірткі заттарға еріксіз тартып тұратын, ағза қызметін қайтымсыз бұзылуларға алып келумен сипатталатын ауру. Есірткі санаға, миға әсер ететін заттар болып табылады. Есірткілер – адам психикасының жағдайын, көңіл-күйін, санасын, айнала қоршаған әлемді қабылдауын, тәртібін өзгертетін заттар. Әдетте есірткілерді пайдалану қызығушылықтан басталады. Адам өзіне беймәлім нәрсені татып көруге талпынады. Ал кейбіреулер есірткінің көмегімен қиындықтарды жеңіп, өмірдің ащы шындықтарынан алыстағысы келеді. Бірінші рет көргенде ләззат алып, сосын адам тәуелді болып, іздеумен болады. Сөйтіп, қас-қағым сәтте нашақорға айналып шығады. Есірткі – орталық жүйке жүйесіне әсер ететін қоздырғыш зат. Есірткіні бірінші рет қолданған мөлшердің әсері 3-4 сағатқа дейін сақталады. Мөлшерден тыс пайдалану жүректің тоқтап қалуына, өлімге әкеліп соқтырады. Есірткінің кейбір түрлері ауырғанды басу, тыныштандыру мақсатында тек мөлшерімен ғана медицинада қолданылады Жастарға қарап деннің саулықтың маңыздылығы соншалықты қадырсыз, төмен екені жаныңды ауыртады. Өзін-өзі орнықтыру, әуес көру,топқа үйірсектік, жанұядан кетіп қалу, еліктеуге ұмтылу, құрбылары ортасында қалыптасқан дәстүр мен нормалар жасөспірімдердің есірткі қолдануына едәуір септігін тигізуде.Қоғам мен әлеуметтік орта бұл процеске өз ықпалын тигізуі қажет.Жанұяда ата-ана мен баланын арасында өзара түсініспеушіліктің, немқұрайдылықтың, ата-аналар тарапынан бақылаудың төмендігі- мұның бәрі есірткіге бой ұрудың себептері. Жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшелігі,атап айтқанда, өзін-өзі бағалау, құрбыларының ықпалыны көну, психикалық ауру-депрессиялық синдром, маниақалды синдром және мән беру синдромының жетіспеушілігі есірткіні қолдануды ертеректен бастауға себеп болады. Есірткіге бас ұру проблемасын көпшілік әртүрлі сүреттейді. Жасөспірім ерекше әсерленгіш, мінез-құлқын өзгертуге ыңғайлы. Айналасындағылар мен қарым-қатынасы қиындау және қалыптан тыс әсерленгіш. Өз құрбыларымен қатынасы бірқалыпты емес, ата-аналарымен сөзге келу.Есірткемен таныс болу шегіп көруді ұсынатын құрбыларының тобында басталады. Бірінші жыл ішінде шегу кездейсоқ ретпен жүреді. Шегуші адам ішімдік ішеді,бірақ гашиштіөзі арнайы іздемейді, ал біреулер ұсынса тартынбайды.Шөпті біртіндеп шегу тұрақты кәсіпке айналады,жас өспірім одан аздап ләззат ала бастайды.Әбден қаныққан жасөспірім алғаш рет героиннің немесе апиынның қатарындағы есіткінің дәмін татып көреді. Мен өзімнің пікірімді өлең жолымен аяқтай отырып, достарымның алдағы уақытта есірткінің етегіне ермесе екен деп тілеймін.
Салауатты өмір сүрші ардағым,Қателіктен тістелмесін бармағың.Өсімдіктің оттегін тек ала біл,Не қыласын зардабын?Алла берген адамдықты жоғалтпа Қиындықтар кездесседе мойымаЕшқашанда есірткіге жоламай Ата-баба сенімдерін орындаУа, адамдар есірткіні ойламайДенсаулықты әрқашанда ойлайықБіз жеткіншек есірткіге қарсымызСалауатты өмір салтын қолдайық
Насырова Дильназ
6 «г»- орыс сыныбы
Луначарский атындағы орта мектеп -гимназиясы
Алматы обылысы
Панфилов ауданы
Жаркент қаласы

Шығарма
Қош, келдің қыс!
Қылышын сүйреп қыс келді. Күн суыта бастады. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар.Жайқалып өсіп, жапырағы жел тербеген жасыл желек бұл күнде ақ көрпеге оранып ұйқыда жатыр. Қыста жер түгілі жануарлар мен құстар да жан -жақа кетеді.Құстар өздері туған жерін артқа тастап жылы жаққа ұшса, жануарлардың кейбірі өзі жиған азығын қорек қылып, ұйқыға кетеді. Қыс мезгілі өзінің аппақ қарымен, сықырлаған аязымен, көк айдын мұзымен ерекше. Қыстың таңғы салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп, көз тоймайтындай жарқырайды. Дала тып-тыныш, айнала аппақ қар. Ақ ұлпа қар жамылған ағаштар, үйлер, таулардағы қыс көріністері көздің жауын алады. Қыс мезгілінің тағы бір ерекше көрінісі -қысқы ойындар. Қысқы ойындар өте қызықты, сондықтан балалар қыс мезгілін асыға күтеді. Қар жауған күні шелекпен су тасып сырғанақ жасап, қолы -басы тонғанына қарамай сырғанақ ойнаймыз.Бір-бірімізге қар лақтырып,бірімізді – біріміз қуалап қарға жуып,мәре -сәре боламыз. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Мен үшін ең қызығы -Жаңа жылды қарсы алу. Жаңа жылда нешетүрлі хайуанаттар болып киінген достарымен біргеа аспанға "от шашу" шашып Елбасының тілегін тыңдау.Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түседі.

Разиева Ясмина
Луначарский атындағы орта мектеп -гимназиясы
6"г"- орыс сыныбы
Алматы обылысы
Панфилов ауданы
Жаркент қаласы

№ Оқушының аты-жөні Сыныбы Байқау аты Қатысатын
байқау түрі Мектебі
Жетекшісі Тел. нөмірі
Эл. пошта
1 Насырова Дильназ 6 Біз есірткіге қарсымыз! эссе Луначарский атындағы орта мектеп -гимназиясы
Турабова Кулсара Мырзахметовна 87757192431
tkulsara@bk.ru
2 Разиева Ясмина 5 Қош, келдің қыс! шығарма Луначарский атындағы орта мектеп -гимназиясы
Турабова Кулсара Мырзахметовна