Тригонометриялы? функцияларды? ?ос б?рыштарыны? формулалары


Достығлиев Бейсенбай Сапинович№ 44 орта мектеп математика пәнінің мұғалімі.
Алгебра және анализ бастамалары 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Туынды тақырыбын қайталау
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушының туындыға қатысты білімін, туынды ережелерін қолдану шеберлігін, дағдыларын бақылау, тексеру. Туынды ұғымы бойынша оқушылардың ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағытталған;
Дамытушылық: Оқушылардың жеке түлғалық қасиеттерін қалыптастыру, логикалық ойлауын, математикалық дүниетанымын кеңейту;
Тәрбиелік: Оқушылардың бір-біріне көмектесу адамгершілігін,өзіндік дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақтың түрі:Қорытындылау сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, слайд, семантикалық карта, үлестірме қағаздар т.б
Пәнаралық байланыс: Физика
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі 2мин.
Үй тапсырмасын тексеру 5мин
Негізгі бөлім (есептер шығару) 8мин.
Топтардың өзара байланысы 5 мин.
Кім жылдам? Шығармашылық тапсырма 10мин.
Семантикалық картамен жұмыс 7мин.
Сабақты қорытындылау 3мин.
Бағалау 3мин.
Үй тапсырмасын беру 2мин.
Сабақтың барысы:
Білім деген – биік шың. Оған самғап қыран да,өрмелеп жылан да шығады. Алаштың ұл-қызы білім атты биік шыңға қыранша самғап шығуы керек.
Н.Ә. Назарбаев
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 мин
Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу.Назарларын сабаққа аудару.
топқа бөлу: «Білімділер», «Алғырлар»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 4-5 мин

Туынды әлемінде
Қайталау сұрақтары:
а) Туынды дегеніміз не? ә) Туындының белгіленуі
б) у'(х) белгілеулерін енгізген кім? в) с;х; (хп)' – неге тең?
г) Туындының қолданылуы? д) Дифференциалдау ережелері
Функциялардың туындыларының формулаларын интерактивті тақтада сәйкестендіру (флипчартпен жұмыс)
ІІІ. Негізгі бөлім: Есептер шығару 8мин.
І. Топ басшылары геометриялық фигураларды таңдайды . (фигуралардың астына есептер жасырылған)
II. Топтардың өзара байланысы. «Мен саған, сен маған» ( 5 мин)
Бұл бөлімде топтар бір-біріне есептер құрастырып тапсырма береді.
III. Шығармашылық тапсырма (10 мин)
Функцияның үзіліссіз нүктелерін табу.
Экстремумдарын табу.
Екінші ретті туындысын , таңба тұрақтылығын табу.
Өсу, кему аралықтарын табу.


IV. «Білім» станциясы семантикалық карта 6-7 минут
Мұнда кестеде тігінен тапсырмалар берілген, ал көлденеңінен жауаптары берілген. Тапсырма мен дұрыс жауап сәйкес келетін клеткадағы әріптерді тізіп жазсақ, білім туралы жақсы ой-сөйлем шығады. Соны табайық.
І карта
Жауап 12х5 27х2 9х2-9х Х2-2х 1
тапсырма У=2х6 Б А Ғ Д Р
F(х)=3х3-4,5х2 О П І С Ы
Ғ(х)=х+С У М Я Ю Л
F(х)=х3/3-х2+2 Т Ш Ә І В
У=9х3 Е М Ж Қ Ү
ІІ карта
Жауап Х+1 20х3 21х2 0 п хп-1
тапсырма У=7х3 Т М Б Қ С
F(х)=хп Р Ж Г Ө А
Ғ(х)=1/2х2+х С Ұ У Ы Я
F(х)=С Д П Х Т Ц
У=5х4+1 И Ы Ф А Ң
ІІІ карта
Жауап 22х-4х3 4х3 1 14Х+3х2 2
тапсырма F(х)=х4 А М Т У Ж
F(х)=7 х2+х3 З И К Ұ О
Ғ(х)=х Ө Қ Р Г Д
У=11х2-х4 А С Ф Н Ғ
У=С+2х Ш Ы Е Х Т
ІҮ.Сабақты қорытындылау: 3 минут
Мұнда білімнің шыңына жеткен соң, жүріп өткен жолдарға шолу жасау.
Ү. Оқушылар білімін бағалау: 3 минут
Бағалау парағы арқылы жеңімпаз топты анықтау,марапаттау.
Жеке оқушыларды бағалау.
Бағалау парағы
Топтар Балл Ортақ балл
1 2 3 4 Білімділер Алғырлар ҮІ.Үй тапсырмасы: 2 минут
№356, 358