Ж?лдызды са?ат атты сыныптан тыс шара ?зірлемесі
«Мәдениет қазақ- орыс орта мектебі» ММ
-3810193675«ЖҰЛДЫЗДЫ САҒАТ»
ОЙЫНЫ
00«ЖҰЛДЫЗДЫ САҒАТ»
ОЙЫНЫ
Дайындап өткізген : Шалгумбаева А.С.
2014 жыл
Жұлдызды сағат ойыны Мақсаты: Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының өз еліне, туған жеріне, тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру. Еліміздің тәуелсіздігін сақтауға, қазақ тілінің мәртебесін көтеру,оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету. Жұлдызды сағат. І кезең. Кім бірінші Оқушыларды 2 тобқа бөлеміз. Екі кроссворд береміз кім бірінші толтырып береді сол бірінші бастайды; С ә б и т т А м Ы з М ә Н ш ү к қ А з Ы б е к П е т р о п а в л 1. Жазушы Мұқановтың есімі кім? 2. ҚР-ның Ата Заңы күні ? 3. Қазақтың батыр қыздары кім? 4. Қазақтың үш биін ата? 5. Солтүстік- Қазақстанның облысының орталыгы? С ә б и т н А у р ы з с а Ғ а т ұ с т А з ж е Т і 1. Жазушы Мұқановтың есімі кім? 2. Қазақстанның жаңа жылы? 3. «Тик-так», «так-так», «Тұр-тұр», «Жат-жат» – деп әмір береді, Шаршамай келеді. 4. Мұгалім сөзінің синонимдері? 5. қазақ тілінде неше септік бар? ІІ кезең. Сұрақтар. Ойынның негізгі бөлімі Әр топ жеті бөлімнің кез келген тапсырмасын таңдайды, тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда сол тапсырма бағаланған ұпайды алады. Егер таңдаған тапсырманың дұрыс жауабын таппаса, олардың қарсыластарының дұрыс жауабын айтып ұпай алуға мүмкіндіктері бар. Сондықтан тапсырма оқылғаннан кейін екі топқа да тапсырманың жазбаша түрі таратылады. 10,20,30,40,50 ұпайлар бар әр бір бөлімде Математика 10. 1 ғасырдың жартысы 50 жыл 20. Өзіне және 1-ге ғана бөлінетін сандар жай сандар 30. Шеңбер бойындағы нүктені оның центрімен қосатын кесінді радиус 40. Әкесі 41 жаста, үлкен ұлы 13-те, қызы 10-да, кіші баласы 6 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы барлық балаларының жастарының қосындысына тең болады? 6 жыл 50. Тырналар әдетте топпен ұшқанда үшбұрыш жасап ұшады: алдында 1 тырна, екінші қатарда екеу, үшінші қатарда үшеу, тағы сол сияқты. Егер соңғы қатарда 15 тырна ұшып бара жатса, тырналар тобында неше тырна ұшып барады. 120 тырна Тіл талапкері 10. Жатыс септігінің жалғауларын ата. а) -да,- де,-нда,-нде,-та,-те ә) -ға,-ге,-қа,-ке,-а,-е б) -ын,-ін,-нде,-н,-нда 20. Төрт қандай буынды сөз? а бітеу б тұйық ә ашық в жалаң 30. Сан есімнің неше магыналық тобы бар? а 5 б 9 ә 2 в 6. 40. Өкпесі қара қазандай – тұрақты тіркесінің магынасы қандай? А ренжімеу ә реніші таудай б реніші жоқ в ренішін айтпау. 50. Екі я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер. Бүл қандай сөздер? Біріккен сөздер Қазақ тілі 10. Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым? (Фонетика) 20. Жазылуы мен дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер? (Омоним сөздер) 30. Қазақ әліппесінің атасы кім? (А.Байтұрсынұлы) 40. Жалғау түрлері? (Көптік, септік, жіктік, тәуелдік) 50.Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді. Бүл қандай сөз деп аталады ? (Қосарлама қос сөз) Қазақ әдебиеті 10. Халық ауыз әдебиетінің түрлеріне нелер жатады? (Ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, тұрмыс-салт жырлары...) 20. Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбайұлы) 30. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім? (Абай Құнанбайұлы) 40. Төрт түлікті атаңдар. (Жылқы, сиыр, қой, түйе) 50. Қарағанды жерінен шыққан революционер ақын? (С.Сейфуллин) Мақал-мәтелер 10. Тіл-қылыштан (өткір) 20. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі білім біл) 30. Басқа пәле- (тілден) 40. Бала жетіге келгенше... (жерден таяқ жейді) 50. Атаңның баласы болма... (адамның баласы бол) Жұмбақтар 10. Қатар-қатар тас қойдым, жирен атты бос қойдым (Тіс пен тіл) 20. Бір ақ үй бар: кірейін десең, есігі жоқ (Жұмыртқа) 30. Бұл зат әр оқушыда болады. Мектепке әлі бара қоймаған бүлдіршіндер де оны болғанын ұнатады. Жоғарғы сынып оқушыларында олар көп болады, өздері қалың-қалың. Кейбір мұғалімдер оларды әрі-бері тасып әлек. Бұл не? (Дәптер) 40. Бұл сенің ең негізгі құралың. Басқа құралдарыңды кейде ауыстырып әкеліп отырсаң, бұл құрал жыл басынан соңына дейін сөмкеңнен түспейді. Оны мұғалімге бергенде кейде қуанасың, ал кейде жылағың келеді. Бірақ ол өзіңе байланысты.. Егер қатты қуансаң оны сен мамаң мен папаңа өзің көрсетіп мәз боласың, ал кейде ешкім сұрамаса екен деп ойлайсың. Өйткені онда сенің бар құпияларың жасырынған ғой... Бұл не? (Күнделік) 50. Бұл зат әр оқушыда болады. Мектепке әлі бара қоймаған бүлдіршіндер де оны болғанын ұнатады. Жоғарғы сынып оқушыларында олар көп болады, өздері қалың-қалың. Кейбір мұғалімдер оларды әрі-бері тасып әлек. Бұл не? (Дәптер) Қорытынды. Қазақстанның тілін және салт-дәстүрін, тарихын әрбір азаматының қасиетті борышы. Өз тілінді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, мақал-мәтел , салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!