«Ж?лдызды са?ат» сыныптан тыс шара


Интелектуалды – танымдық ойын.«Жұлдызды сағат»Сыныбы: 5,6Пәні: «Жаратылыстану», «География».Мақсаты:Жалпы географиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Ойынның жүру барысы:
І Ұйымдастыру бөліміОқушыларды белгіленген орындарына отырғызу,әділ-қазылар алқасын белгілеу, барлыққатысушылардың назарын аудару.ІІ Кіріспе бөлімЖүргізушінің кіріспе сөзі:Ойынның мақсаты мен шарттарымен, ойынға қатысатын топтар мен әділ- қазылар құрамымен таныстыру.ІІІ Негізгі бөлімОйын кезеңдері:1. «Жорға»2. «Крестиктер мен нөлдіктер»3. «Адасқан нысандарды сәйкестендіру»4. «Кім ұтқыр ойлы?»
5. «Кім көп біледі?»
6. «Ой қозғау»ІІІ Қорытынды бөлімСайыстың қорытындысын шығару;Әділ қазыларға сөз беру;Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау
Барысы: Армысыздар аяулы ұстаздар, құрметті оқушылар, қадірлі қонақтар! «Жұлдызды сағат» атты интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер! Бүгінгі ойынымыздың жүру барысымен таныстыра кетейін:
Ойын 6 кезең бойынша өтеді. Ойынға 5,6 сыныптардан 4 оқушыдан қатысады.
Ал, оқушылар, ұстаздарОртаға назар салайық.Сайыскерлер шықпақ сайысқа,Қол соғып қарсы алайық құрметті ойшылдарымызды ортаға шақырып қарсы алайық.Ойынға көшпестен бұрын әділ-қазыларды сайлай кетейік. Әділ-қазылар мүшесінің төрайымы:
Мәңгі бақи есте қаларҚызықты бір жиын болсынБілімдірек шәкірт озарСұрақтары қиын болсын – дей келе 1-кезеңімізді бастайық.
1-тур. «ЖОРҒА»
Командаларға түрлі - түсті конверт ұсыналады, әр конверте 10 сұрақ бар. Жауап беруге бір минут уақыт беріледі. Әр жауап 1ұпаймен есептеледі.
Қызыл
Ең үлкен материк? /Еуразия/
Атмосфера – ол /ауа қабаты/
Әр қашанда солтүстікті көрсететін жұлдыз / Темірқазық/
Планеталар жолы / орбита/
22 - желтоқсан қандай күн? /қысқы күн тоқырауы/
Флора – ол /өсімдік әлемі/
Жер Күнді қанша уақыт айналып шығады? /1жыл/
Жер шарында немесе глобуста 00ендікте не өтеді? / экватор/
Күн жүйесіндегі 3- ғаламшар - / Жер/
Ең терең мұхит? /Тынық/
Сары
Ең үлкен жұлдыз? /Күн/
Тіршілік қабаты – ол / биосфера/
Мұзды материк - / Антарктида/
Тіршілігі бар планета /Жер/
22 маусым қандай күн? /жазғы күн тоқырауы/
Фауна – ол /жануарлар әлемі/
Күнге жақын ғаламшар - /Меркурий/
Жер өз білігінен қанша уақыт айналады? /24 сағат/
Күн жүйесінде неше ғаламшар бар? /8/
Ең үлкен мұхит? /Тынық/
2- тур. «Крестиктер мен нөлдіктер»
Әр түрлі тақырыпта сұрақтар мен тапсырмалар жасырылған. Жауап беруге 30 секунд уақыт беріледі. Әдеттегідей командалардың дұрыс жауабы 10 ұпайымен өлшенеді.
1
2 3
4
5 6
7
8 9
1. Егер түнгі 12 сағат болса, 72 сағаттан кейін түсті күтуге болады ма? /Болмайды, себебі қайтадан түн болады/2. Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? /Барлық айда/3. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады? /2 сағаттан/4. Барлық ат шөп жейді, бірақ бір ат шөп жемейді, ол қандай ат? /шахмат/5. Отыз «Я» әріпінен тұратын қыздың аты? /ЗОЯ/6. «А»-дан «Я»-ға дейінгі ағатын өзен? /Амудария/
Түсті теңіздерді ата? /Қара, Сары, Көк, Қызыл, Ақ теңіздер/
21-наурызда қандай күн?
Біреу озып келеді қатарынан,Біреу қалып жатады асығыста.Ойын толық жатқандай асып, тасып,Біреу мығым, біреулер шалыс басып.Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
3-тур. «Адасқан нысандарды сәйкестендіру» /2 минут/ Берілген сөздердің ішінен қажеттісін тауып алу.(киік, бүркіт, су тасқыны, Күн, күн тұтылуы, інжугүл, борсық, галактика, қараторғай, Темірқазық жұлдызы, сел, өрт, дауыл, жауқазын, көкек, Жер, шағала, құрғақшылық, жер сілкінісі, орбита, түймедақ, боран, көшкін, Марс , аю, мақта, үйрек, камета, ілбіс).
Аспан әлемі Табиғат құбылыстары Тіршілік иесі
Күн жер сілкінісі киік , аю,
галактика Күн тұтылуы мақта, бүркіт,
Темірқазық жұлдызы су тасқыны інжугүл,үйрек, Жер сел қараторғай
Орбита өрт борсық, ілбіс,
Марс дауыл жауқазын
Камета құрғақшылық көкек, шағала
Боран, көшкін Түймедақ
4-тур. «Кім ұтқыр ойлы?»
Жұмбақ шешу. Жауабын 2 тілде айту
Аяғы жоқ жүреді,Жоғарыдан төмендеп,Сықылықтап күледі,Сай-салдан сылдырлап. (Су-вода)
Бір түкті кілем,Бір түксіз кілем. (Жер, аспан –Земля, небо)Жұрттың бәрі соны сүйеді,Бірақ қарағысы келмейді. (Күн -Солнце)Бар ма, жоқ па оны анық білмейсін,Ол жоқ жерде, өмір сүріп жүрмейсін. (ауа-воздух)Қанаты жоқ – ұшады,Аяғы жоқ – қашады. (Жел-ветер)Қырда қылыш жарқылдайды. (Найзағай-молния)Үй үстінде ұсақ тас (жұлдыз-звезды)Жазда болмайды,Қыста болады.Терезеге қонады,Әсем ою ояды (Қырау- ) 5-тур . «Кім көп біледі?»
Мұнда екі нұсқа А, Қ беріледі. Ойыншылар осыларды таңдап алады. Осы таңдаған әріпіне байланысты 10 сұраққа жылдам жауап беруіңіз керек.       Сұрақтар А Қ 1.Материк немесе мемлекет аты2.Қала аты3.Су аты4. Батыр есімі5.Әнші есімі7.Жануар аты8. Пән аты     9. Құс аты10.Аспан денелерінің аты
6-тур . «Ой қозғау»
Бұл кезеңде тақтаға ЖАРАТЫЛЫСТАНУ сөзі беріледі, соны пайдаланып сөз құрастыру. 1 минут беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. Сөз жетпесе өздерінің жинаған жұлдызшаларын қоюға болады.