Таби?атты аялайы?! т?рбие са?аты
Табиғатты аялайық!
Мақсаты: табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, туған табиғатқа сүйіспеншілік, мақтаныш сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:
1) Шаттық шеңбері.
Армысың, алтын Күн!
Көгілдір көк аспан!
Бармысың, құстарым!
Қанатты достарым!
Суларым таза ма?
Талдарым аман ба?
Бас ием тауларға
Жамылған қарларға
Жайқалған даланы
Табиғат – Ананы
Көруге сағынып,
Келген біз балаңыз!
2) Жер, су, күн, ауа тақырыптарына өлең шумақтар айту.
1-оқушы: Жер Ана
Аялап анамыз
Саялап анамыз
Құлпырған тірлікпен
Жер құтты гүл біткен.
2-оқушы: Су Ана
Өңірдің өзегі –
Өмірдің өзені
Сусыз жер - өмір нусыз
Өр өнер - тұз.
3-оқушы: Күн Ана
Әлемге қуатты
Сәуле мен шуақты
Алып күн беріп тұр.
4-оқушы: Ауа Ана
Ауасы жер шарының
Дәу әлем,
Қоршаулы ауамен
Ауасыз түншығар.
5-оқушы:
1) Күн – барлық тіршіліктің құдіретті тірегі.
2) Жер – тіршілікке нәр беріп анамыздай асырап жатыр.
3) Су – тіршіліктің көзі.
4) Ауа – өмір тынысы.
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
а) Табиғат дегеніміз не?
ә) Табиғат нешеге бөлінеді?
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс - мекені алтын ұя бесігі құт - берекесі. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы болса адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр.
6-оқушы: Табиғаттың сұлу сымбат мүсіні, көрікті келбеті бар тамаша туындыларының бірі - хайуанаттар. Халқымыз ежелден - ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған.
Аң да адамды жағалайды
Санап туған бауырласы
Ұя салып паналайды,
Үйді дала қарлығашы.
Әрқашан да зәру аң - құс,
Адамдардың мейіріне.
Айтатындай іштей алғыс,
Адал, аппақ пейіліне.
Мақал - мәтел мен тыйым сөздер.
1-оқушы:
1) Туған жердің ауасы шипа.
2) Су анасы - бұлақ.
3) Су жүрген жер - береке,
Ел жүрген жер - мереке.
2-оқушы:
1) Жерді теппе, топырақ шашып ойнама.
2) Ай жарығы әлемге.
3) Бұлақ көрсең көзін аш.
3-оқушы:
1) Жері байдың - елі бай.
2) Күте білсең жер жомарт.
3) Жер тоймай, ел тоймайды.
4) Қара жер қарыз арқаламайды.
4-оқушы:
1) Тозған жерде тоқшылық болмайды.
2) Су - атасы, жер - анасы.
3) Су - дүниенің басы.
4) Сулы жер - нулы жер.
5) Орман - ел дәулеті, жер сәулеті.
Табиғат туралы ұлылар толғайды.
Ш. Айтматов: « Су мен жер туралы ой - бұл түптеп келгенде адамның өзі туралы ой.»
Ы. Жақаев: «Мен рахметті алдымен Жерге айтар едім, өзімді дүниеге келтірген, маған бақыт әперген, жомарт төсінде дән - дариясын тасытқан о қасиетті Жер - Ана, сенсің менің ардақтым!».
Л.М. Леонов: «Табиғат тылысымын түсіне білген адам - кіршіксіз де асыл жан» .
«Жалғастыр» ойыны.
Не істеуге болмайды?
1. Гүлді.............
2. Құстың ұясын...................
3. Жас ағашты ......................
Не істеу керек?
1. Табиғатты ..................
2. Құстарға ......................
3. Ағаштарға ..................
4. Ауаны .........................
Қорытынды: Адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік. Табиғат байлықтарын қорғай білу - азаматтық борыш. Табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген туған жерін, туған елін де сүйе алмайды.
Жүректен жүрекке.
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол - сәніміз.
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
Ән: «Табиғат - анамыз».