Таби?атты аялайы? т?рбие са?аты


А.Байтұрсынов атындағы № 139 мектеп-гимназиясы.
Сабақ тақырыбы: «Табиғатты аялайық»
Өткізуші мұғалім: Жусупова Жанар
Сыныбы:9 «В»
Күні: 05.04.2016 жыл.
Мақсаты: Оқушыларға адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы,табиғат тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту.Оқушылардың табиғатты сақтау,аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету,табиғатқа сүйіспеншілікке,мейірімділікке,қамқорлыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:
Оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы,табиғат тұтастығы туралы ұғымдары кеңейеді.Оқушылардың табиғатты сақтау,аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету,табиғатқа сүйіспеншілікке,мейірімділікке,қамқорлыққа тәрбиеленеді.
Ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, маркер, үлестірмелі материалдар,видеороликтер
Әдіс-тәсіл топтамасы: АКТ қолданыстарындағы әдістер, СТО стратаегиялары, бірлескен оқу әдістері: (топтық, жұптық, ауыспалы қатынастық)
Коучинг кезеңдері Коуч әрекетті Қатысушылар әрекеті Бағалану, кері байланыс пен рефлекциялық жағдайлары.
Психологиялық ахуал. 1.Оқушылармен амандасып,назарларын сабаққа аударамын.
2.Табиғат ғажайыптары туралы бейнежазба көрсету арқылы,тәрбие сағатының тақырыбын ашамын.
3.Оқушыларды «жер» ,«су» ,«күн» аттарымен топқа бөлемін.
Қатысушылар қима қағазды таңдайды, сол арқылы топтасады. Топтық ережелерімен танысады.
«Жерден-нәр», «Судан-күш», «Күннен нұр» ұрандарын ұсынады.
Бейнежазба бойынша,табиғат ғажайыптарын көру арқылы, «Біз өзімізде нені өзгертеміз?» деген сауалға жауаптар айтады. Топ ережесі алдын ала үстелдерге қойылады, әрбір тапсырмалар тұсына формативтік бағалауды ресурстық негізі қолданылады (смайлик т.б)
Мағынаны тану Тақтада «Тиым сөздер» үлгісі ұсынылады.
Кірдің суын арыққа ағызба.Құмырсқаның илеуін бұзба.Күл-қоқысты бұлақ басына төкпе.Жапырақты жапырма,көгалды таптама.Суға түкірме.Ұя бұзба.Мағыналарын ашып түсіндіріңіз. Оқушылар тиым сөздердің мағынасын ашады.Өз ойларын қосады. .
Шығармашылық ой туындату Ресурстық тапсырма беру:
-Егер сен ақын болсаң,онда.....
-Егер сен суретші болсаң,онда.....
-табиғатты сақтап,қорғау үшін не қажет?.....
Осы талқылаулар бойынша топтық жұмыс жасатамын.
Алдарыңыздағы флепчартқа жоғарыдағы сауалдар бойынша топтық жұмыстар жасап,өз ойларыңызды көрсетіңіздер. Топ өзара кеңеседі, сызбалар жасайды.
Жасаған постерлерді қорғау барысында, тыңдаушылар өздерінің стикерлеріне қосымша ойларын жазып, постерді соңынан толықтыру үшін апарып жапсырады. Барлық постер тыңдалады, қосымша ойлары топ аралық бір-біріне беріліп, постерге жапсырылған соң, постер бағасын стикер саны бойынша шығарады. Көп толықтыру санына қарай постер жұмысы бағаланады. Өзара бағалау жұмысы жүзеге асады.
Сергіту сәті «Есте сақтай аласыз ба?, жаман оқушы тыңдамағаннан пайда болады. Ендеше, мен сіздермен тренинг жүргізгім келеді. Мен сіздерге үш тілде аралас сөздер айтамын сол сөздерді қаз-қалпында еске сақтап жазуларыңыз қажет. Мен сөздерді бірақ рет айтамын.Қаламсаптарыңызды ұстамаңыздар, тек тыңдаңыздар. Тыңдаушылар тыңдау мен есте сақтаудың тиімді тәсілін үйренеді.Бір-бірімен жарысады, өз қабілеттерін салыстырады. Өзін-өзі бағалауды сезінеді. Ішкі уәж оянады.
Кері байланыс Кері байланыста «Егер табиғатқа тіл бітсе....» ой-толғау жазу. Тыңдаушылар, екі түрлі кері байланыстар мен бағалаулар жасаудың айырмашылығын ұғынады. Толық өзіндік пікірлерін жазады. Әрекет пен дағдыларды толық нақты бағалау жүргізіледі.