Сыныптан тыс ?дістемелік материал та?ырыбы: ?шб?рыш пен квадрат
Үшбұрыш пен квадрат
Екі ағайын бірге өмір сүріпті
Есімдері үшбұрыш пен квадрат
Квадрат екен үлкені ,мейірімді жаймен жүргені
Ал кішісі үшбұрыш, еш уақытта күлмеді
Бір күні квадрат сұрайды?
Інім неге көңілсізсің,ешуақытта күлмейсің?
Сонда үшбұрыш айқай салды, ашуланып:- "Білмейсің,
Менен толық әрі кеңсің ,төбең төртеу, төрт бұрыш
Менде болса бар болғаны үш төбе мен үш бұрыш.
Сонда квадрат салмақты:
-"Мен үлкенмін біл інім !Квадрат менің шын түрім
Көмектесем не керек, ренжіме сен бүгін.
Үндемеді үшбұрыш,түнді күтті тым-тырыс.
Түн болған соң ұрланып, бұрышын кесіп ағаның
Жасайды солай сұм жүріс.
Мәз болып өзі кетеді, мақсатына жетеді.
Ағасының төбесі ,одан сайын өседі.